Республикалық «Үздік жыл психологі» конкурсы

2023 жылдың 1-3 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында өткен Республикалық «Үздік жыл психологі» конкурсына елордалық білім беру ұйымдарынан (№№ 66 МЛ, 68 МГ, 76 МЛ, А.Байтұрсынұлы атындағы Binom School мектеп-лицейлері мен №№34 «Ақ бидай», 85 «Мейіржан» балабақшалары) 6 педагог-психолог қатысып, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: ІІІ орын – 2, грамота – 3. ІІІ орын:1. Жагапарова Жанар Шокановна, №34 «Ақ бидай» балабақша; 2. Жұманқызы Алмана, №66 мектеп-лицейі. Грамота: 1. Сайлаубаева Райгул Женисовна, №68 мектеп-гимназиясы; 2. Саркина Жулдыз Айтжановна, №76 мектеп-лицейі; 3. Жантасова Айзада Мауленқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom School мектеп-лицейі. Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз!