9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ағымдағы жылдың 2 наурыз күні 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімін Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің базасында өткізеді.Марапаттау рәсімі жаратылыстану -математикалық бағыттағы пәндер бойынша сағат 10.00-де, қоғамдық -гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша сағат 15.00- де басталады. Іс -шара университетінің оқу -зертханалық #5 ғимаратының концерт залында (Қажымұқан, 11) өтеді.Грамоталары «Астана дарыны» орталығының сайтынан және телеграм каналынан жүктеп алуыңызға болады.