«ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойыны

«ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойыны «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейімен бірлесіп 2023 жылдың 1 наурызында қалалық «ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойынын ұйымдастырды.Аталған іс-шараға қатысуға 50 мектептен сұраныс тіркелді.Ойынның ашылу салтанатына қатысқан:Сейдеш Б.Б.- № 76 мектеп-лицейінің директоры;Буралкиева Г.М.- «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының орынбасары оқушыларға сәттілік тіледі!Ойынның бірінші айналымына 50 оқушы қатысып, екінші айналымға өткен 10 қатысушы бір-бірімен сайысты.Қатысушылар ойын барысында Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің (А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, М.Шоқай, С.Сәдуақасұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Дулатұлы, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Х.Досмұхамедұлы, Х.Ғаббасұлы, М. Тынышбайұлы) өмірбаяны мен шығармашылығынан тұратын сұрақтарға қызыға жауап берді. Әлихан Бөкейхан және Алаш қайраткерлерінің еңбектерін зерттеп, терең меңгерген қатысушылардың ішінен озып шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер қазылар алқасының шешімімен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығының бас жүлдесі және I, II, III дәрежелі дипломдары, грамоталарымен марапатталды: Бас жүлде: Кенжіхан Сезім, №53 МЛ;І орын- Қайратқызы Гүлзат, № 73МЛ; ІІ орын- Үсенова Сымбат-№78 МГ, Сеилбай Айгерім – №61ОМ; ІІІ орын- Каюпова Адема – №3 МГ, Елеухан Арайлым – №9»Зерде»ММ, Курушбек Аружан – 91МГ; грамоталар –Файзуллаева Гулиза – №51МЛ, Кенжеғазы Дина-56МЛ, Жұмаш Азат – 64 МЛ.Конкурсқа қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар берілді. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!