«Жамбыл-жыр алыбы» оқушылар айтысының қалалық іріктеу кезеңі

Бүгін абыз ақын Жамбыл Жабаевтың туған күні. Осыған орай «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Жамбыл Жабаев атындағы #4 мектеп-гимназиясының базасында республикалық «Жамбыл-жыр алыбы» оқушылар айтысының қалалық іріктеу кезеңін өткізді. Қазылар алқасының шешімімен айтыстың республикалық кезеңіне тақырыптық айтыс бойынша Мұхтар Әуезов атындағы #86 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Жақатаева Науат, қайым айтыс бойынша Абай атындағы #87 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Мисалбек Назар жолдама алды.