«… Бір ғалымды көрсеңіз» ІІІ қалалық Абайғылыми жоба байқауы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп – гимназиясымен бірлесе отырып 9 -11 сынып оқушылары арасында ІІІ қалалық «… Бір ғалымды көрсеңіз» Абай ғылыми жоба байқауының екінші кезеңін 2023 жылдың 24 ақпанында өткізді. Оқушыларды сыни ойлау мен академиялық жазылымға, шешен сөйлеуге дағдыландыратын дәстүрлі байқаудың мақсаты – жастардың ғылымға деген ынтасын арттыру, дарынды оқушыларды ғылымға баулу, жас ғалымдарды дайындаған жетекші ұстаздарды қолдау. «… Бір ғалымды көрсеңіз» Абай ғылыми жоба байқауының сараптама кезеңіне 65-тен аса сұраныс түсіп, қалалық кезеңге 37 жұмыс өткен. Ережеге сәйкес байқау 2 бағытта өтті.​Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар келесі жүлделі орындарға ие болды:Тілтану бағыты.І орын – Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM School;Грамота – №87 МГ.Әдебиеттану бағыты.І орын – №4 МГ;ІІ орын – №87 МГ, 72 МЛ;ІІІ орын – №52 МГ, 85 МЛ, 51 МГ;Грамота – №78 МГ, 60 МЛ, 7 МГ, 59 МЛ, А. Байтұрсынов атындағы BINOM School.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!