«Бастауыш мектептегі дарынды оқушыларды анықтау және қолдау» семинары

2023 жылы 24 ақпанда Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен елордалық мектептер директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектептегі дарынды оқушыларды анықтау және қолдау» семинары өтті. Семинарға 57 жалпы білім беру ұйымынан 94 педагог (оның ішінде 40 директордың бастауыш білім беру жөніндегі орынбасары, 54 бастауыш сынып мұғалімі) қатысты. Дарынды оқушылармен жұмыс жасауда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында спикерлер: Педагогика ғылымдарының кандидаты, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Қалиев Жабай Нұрмақұлы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының атқарушы директоры, математика ғылымдарының магистрі, бірқатар оқу құралдарының авторы, республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарының жетекшісі Әрін Қайсарұлы жаңа инновациялық технологиялар негіздерін пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілеттерін ашу жолдарын атап өтті. Семинар барысында білікті мамандар: Экономикалық лицейдің бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Елена Викторовна Роговская, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерназар Шынар Қаржаубайқызы, №87 бастауыш сынып мектеп-гимназиясы директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Шокубасова Мария Амангелдіқызы оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашып, олимпиада мен шығармашылық жобаларға, конкурстарға дайындау арқылы ғылым жолына баулудың тиімді жолдарын көрсетті. Педагог-психологтер: № 65 мектеп-гимназиясының дефектолог-сурдопедагогі Исабекова Әлия Мұратқызы, «Астана дарыны» орталығының «QABILET» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің педагог-психологі Әубәкірова Гүлзат, №35 мектеп-гимназиясының педагог-психологі Есілбаева Әселия Ақылбекқызы балалардың талантын шыңдаудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында қатысушылар өзекті мәселелерді қозғай отырып, өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар семинардың маңыздылығын атап өтіп, спикерлер мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.