Астанада робототехникадан«Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» сайысы өтіп жатыр

Жыл сайын роботтар жетілдіріліп, «ақылды» болып келеді. Бұл ғылым саласы қазір балалар үшін қызықты және пайдалы. Мектеп оқушылары арасында танымал бола түскен робототехника ғылымы балалардың командада жұмыс істеу қабілетін, қиялын және шығармашылығын, басқа да көптеген пайдалы дағдыларын дамытады. 2023 жылдың 24 – 26 ақпан аралығында Астана қаласы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтіп жатқан робототехникадан «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» сайысына 1200 – ден аса оқушы қатысуда, олардың арасында елордалық 27 команда бар. 3 күн бойы жас инженер – конструкторлар өз жобаларын үш жас санаты бойынша қорғайды : 6-10 жас FIRST LEGO League Explore,10-16 жас FIRST Lego League Challenge және 12-18 жас FIRST Tech Challenge. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және «USTEM Robotics» қоғамдық қорының I, II, III дәрежелі дипломдармен, грамоталарымен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Елордалық командаларға жеңіс тілейміз!