География пəнінен Ұлттық олимпиаданың іріктеу кезеңі

2023 жылдың 25 ақпанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы KAZMEDIA HOLDING ЖШҚ «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясымен бірлесіп 7-8 сынып оқушылары арасында география пəнінен Ұлттық олимпиаданың іріктеу кезеңін өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: география пәнін тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру.
Олимпиаданың міндеттері:
-географияны табиғат пен қоғамның дамуындағы кеңістіктік заңдылықтарды зерттейтін ғылым ретінде дәріптеу;

  • дарынды және талантты әр оқушының өзін-өзі жетілдіруі мақсатында географиялық зерттеулерге белсенді қызығушылығын ынталандыру;
  • өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы озық білім беру технологияларының платформасы ретінде география пәні бойынша Ұлттық олимпиаданың беделі мен мәртебесін арттыру.
    География пəнінен Ұлттық олимпиаданың іріктеу кезеңіне жалпы білім беру мекемелерінің 7-8 сыныптары бойынша әр параллельден 5 оқушыдан қатысады.
    «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығына Олимпиадаға қатысу үшін 763 сұраныс тіркелді.
    Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.
    Өтетін орны: №72 мектеп-лицейі (А.Байтұрсынов көшесі, 25).
    Басталуы: сағат 10.00.