«… Бір ғалымды көрсеңіз» ІІІ қалалық Абай ғылыми жобалар байқауы

2023 жылдың 24 ақпаны күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 9-11 сынып оқушылары арасында «…Бір ғалымды көрсеңіз» ІІІ қалалық Абай ғылыми жобалар байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты: Абайдың мұрасын зерттеу арқылы бүгінгі білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Міндеттері:- жастардың ғылымға деген ынтасын арттыру;- дарынды оқушыларды табу әрі қолдау;- жас ғалымдарды дайындаған жетекші ұстаздарды қолдау.Байқау 2 кезеңнен тұрады:• І. Сараптама кезең : 10-17 ақпан аралығында өтті. Байқауға ұсынылған ғылыми жобалар антиплагиат жүйесіне салынып, ғылыми мазмұны мен құрылысына қарай сұрыпталды. • ІІ. Ғылыми жоба: – 24 ақпан. Сараптамадан өткен жұмыстарды қорғау.Байқауға 2 бағыт бойынша (тілтану – 1 оқушы; әдебиеттану – 1 оқушы) әр білім беру мекемесінің 9-11 сынып оқушылары арасынан 2 оқушы қатысады. Байқау мемлекеттік тілде өтеді.Өтетін орны: Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы (А.Иманов көшесі, 37). Басталуы: сағат 10.00.