«Бастауыш мектептегі дарынды оқушыларды анықтау және қолдау» семинары

2023 жылы 24 ақпанда мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектептегі дарынды оқушыларды анықтау және қолдау» семинары өтеді. Іс-шараның мақсаты – елордалық бастауыш сынып мұғалімдерінің дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуде кәсіби құзіреттілігін арттыру. Семинардың өтетін күні: 24.02.2023 ж.; Өтетін орны: №56 мектеп-лицейі (Челюскинцев, 29/1); Тіркелуі: сағат 14.30 – 14.55; Басталуы: сағат 15.00.

Семинар мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді.