«Кегельринг-квадро» санатындағы роботтардың жарысы

2023 жылдың 21 ақпанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Роботек» білім беру және спорттық робототехника мектебі бірлесе отырып робототехникадан «Кегельринг-квадро» санатындағы роботтардың жарысын №8 мектеп-лицейінде өткізді. Жарысқа мемлекеттік білім беру мекемелерінен 33 команда қатысты. Жарыстың мақсаты – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Ережеге сәйкес жарысқа әр мектептен 10-13 жас аралығындағы 2 қатысушыдан тұратын 1 команда қатысты. Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар «Кегельринг квадро» санатындағы роботтардың жарысы бойынша келесі жүлделі орындарға ие болды:I орын – №8 МЛ, «Сұңқар» командасы;ІІ орын – №66 МЛ, «Hirohito» командасы; ІІ орын – №8 МЛ, «X-Force» командасы;ІІІ орын – №74 МГ, «RoboClub» командасы;ІІІ орын – №78 МГ, « 78» командасы;ІІІ орын – №76 МЛ, «Заңғар» командасы;Грамота – №51 МГ, «LEGOTRON» командасы;Грамота – №21 ОМ, «Молния» командасы;Грамота – №54 МЛ, «Best star» командасы;Грамота – №8 МЛ, «Tsia» командасы;Грамота – №2 МГ, «Best of the best» командасы;Грамота – №16 ОМ, «Сардар» командасы;Грамота – №86 МГ, «86 мектеп -гимназия» командасы. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!