«Кегельринг-квадро» санатындағы роботтардың жарысы.

2023 жылдың 21-ші ақпанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Роботек» білім беру және спорттық робототехника мектебімен бірлесе отырып робототехникадан «Кегельринг-квадро» санатындағы роботтардың жарысын өткізеді. Жарыстың мақсаты – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Жарысқа қатысуға мемлекеттік білім беру мекемелерінен 10-13 жас аралығындағы 40 команда (әр команда 2 қатысушыдан тұрады) өтініш білдірді. Өтетін орны: №8 мектеп-лицейі (С.Сейфуллин к., 50); Басталуы:9.00. Қатысушыларға сертификаттар табысталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Роботек» білім беру және спорттық робототехника мектебінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.