Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі басталды

13 ақпанда Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің бұйрығымен 2022-2023 оқу жылындағы мектеп оқушыларының республикалық пәндік олимпиадасының қалалық кезеңі басталды. Қалалық кезеңге олимпиаданың аудандық кезеңінде ең көп ұпай жинаған 1600 – ге жуық 9-11 сынып оқушылары және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады. Бүгін олимпиаданың I туры. Қатысушылар жаратылыстану – математикалық бағыт: математика, физика, химия, биология, география, информатика пәндері бойынша білімдерін көрсетеді.

Олимпиада қатысушыларына сәттілік тілейміз!