Олимпиаданың ІІІ (қалалық) кезеңі

2023 жылдың 13 – 18 ақпаны аралығында 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңі республиканың барлық аумағында бір уақытта өтеді. Олимпиадаға екінші (аудандық) кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері (I, II, III орындар) және дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады. Үшінші (қалалық) кезеңге елордадан 2000-ға жуық оқушы қатысады. Олимпиаданың кестесі мен өтетін орны қосымша хабарланады!