Брифинг

2023 жылы 6 ақпанда Астана қаласының Байланыс қызметі ұйымдастырған брифингке «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының м.а. Бейсенбаева Жанар Мәулетханқызы шақырылды. Брифингте Жанар Мәулетханқызы Орталықтың жұмысымен таныстырып, елордалық мектеп оқушыларының жетістіктеріне тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті және журналистер сауалдарына жауап берді.