Олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінің бесінші күні.

Бүгін, 2023 жылдың 3 ақпанында 9-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі аяқталады. Олимпиада кестесіне сәйкес елордалық мектеп оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және құқықтану негіздері пәндері бойынша бақтарын сынайды. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!