Олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі басталды.

Бүгін, 2023 жылдың 30 қаңтарында республика бойынша бір уақытта 9-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының екінші (аудандық) кезеңі басталды. Елордада олимпиада Астана IT университетінің (IT университеті) базасында Мәңгілік Ел 55/13, ЭКСПО павильоны мекенжайында өтіп жатыр . Олимпиадаға Астана мектептерінен барлығы 4000 оқушы қатысуда. Кестеге сәйкес бүгін қатысушылар математика және физика пәндері бойынша бақтарын сынайды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!