2023 жылы 25 қаңтар күні Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы балабақша мамандары үшін «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің байқаулар мен іс-шараларды ұйымдастырудағы коллаборациясы» семинарын өткізді. Семинар барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың дарындылығын анықтау және дамыту бойынша білікті мамандар ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, Жиенбаева С.Н. – ЕҰУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қапанова Г.К. – ББЖ орталығының психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы және № 35, 95 б/бақшалар педагогтері Сомшина А.Е., Омарова Ж.С., Дюсенбаева Б.Ш. жұмыс тәжірибелерімен алмасты. Ақпан, наурыз және сәуір айларында аталған бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында әдіскерлер мен тәрбиешілерге оқу-жаттықтыру жиынын, байқаулар мен олимпиадалар өткізу жоспарланды. Семинарға қатысушылардың жалпы саны: 122 балабақша маманы, оның ішінде 58-і меңгеруші, 64-і әдіскер (қатысқан балабақша саны – 93).