Семинар

Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні сағат 15:00-де Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде (І.Жансүгіров көшесі, 4) «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері үшін «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің байқаулар мен іс-шараларды ұйымдастырудағы коллаборациясы» семинарын өткізеді.Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың моделін жүзеге асыру аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және мектепке дейінгі жастағы балалардың дарындылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру.