Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңі

2023 жылы 21 қаңтарда » Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңін №85 мектеп-лицейі (Қабанбай батыр 56/1) және №60 мектеп-лицейінің (Кубрин 21/1) базасында ұйымдастырды.Олимпиадаға 12 пән бойынша (математика, физика, информатика химия,биология,география, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі) елордалық мектептердің 7- 8 сыныптарынан 2200оқушы қатысты.Олимпиаданың аудандық кезеңі №85 мектеп – лицейінде : сағат 10:00 – 11:30 математика, физика, химия, биология, география пәндері; сағат 12:00 – 13:00 Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі және ағылшын тілі пәндері. №60 мектеп-лицейінде информатика пәні:сағат 10:00 – 7-сыныптар; сағат 12:00 – 8-сыныптар бойынша өтті.