Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына    арналған жасөспірімдер олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау  орталығының  жұмыс  жоспарына сәйкес Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған (математика, физика, химия,биология,география, Қазақстан тарихы,  ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын  мектептердегі қазақ тілі, қазақ  тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі) жасөспірімдер олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңі  2023 жылы 21 қаңтарда  №85 мектеп-лицейінде (Қабанбай батыр 56/1) және информатика пәні №60 мектеп-лицейінің (Кубрин 21/1)  базасында  өтетінін хабарлайды.

Олимпиадаға 12 пән бойынша (математика, физика, химия, биология, география, информатика, Қазақстан тарихы,  қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі және  ағылшын тілі) 7-8 сыныптар арасында  әр параллельден 1 оқушы қатысады.

         Олимпиадаға қатысу үшін 18 қаңтарға дейін көрсетілген сілтеме

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfZtnBMHfDIAM2kC8VPpg4OLMtMsaTw621T0mffmvJrXsHOew/viewform?usp=sf_link  бойынша тіркеледі.

            Олимпиаданың аудандық кезеңін өткізу тәртібі:

  • 7–8 сыныптар арасында математика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша:

21 қаңтар сағат 10:00 – 11:30

  • 7-8 сыныптар арасында Қазақстан тарихы,  қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі және  ағылшын тілі пәндері бойынша:

21 қаңтар сағат 12:00 – 13:30

          ИНФОРМАТИКА пәні  №60 мектеп-лицейінде:

21 қаңтар сағат 10:00 – 7-сыныптар;  

21 қаңтар сағат 12:00 – 8-сыныптар  бойынша өтеді.