«Есенберлин тағылымы» III аймақтық  Ілияс Есенберлин оқулары

2023 жылы  23 қаңтарда   «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы   №67 гимназиямен бірлесе отырып «Есенберлин тағылымы» III аймақтық  Ілияс Есенберлин оқуларын  өткізеді.

Мақсаты: Оқушыларды жазушының тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, рухани  құндылықтарын  жас ұрпақтың бойына сіңіру, шығармашылық зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту.

          Оқулар оқытылу тіліне қарамастан,  мемлекеттік жалпы білім беретін  мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілде                    4 номинация бойынша өтеді:

  • «Көңіл – дастан» – Ілияс Есенберлин шығармаларын жатқа оқу;
  • «Жырладым бір ұлыңды, аяулы елім…» – жас ақындар сайысы;
  • «Өмір шындығы – өнер шындығы» – жазушының еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу жұмысы;
  • «Ұлт рухын тірілткен тұлға» – эссе жазу.

Әр білім беру мекемесі әр номинация бойынша тек 1 қатысушы ұсынады.

Өтетін орны: І.Есенберлин атындағы №67 гимназия (Ш.Қосшығұлұлы к.,23/1).

Басталуы:  сағат 9.00.