Интеллектуалдық олимпиадалар мен конкурстар
2022 жылында «Астана дарыны» орталығы барлығы 109 (18 халықаралық, 36 республикалық, 55 қалалық) іс-шара өткізді. Аталған іс-шараларға Астана қаласынан барлығы 29 902 оқушы қатысып, 6 623 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:
I орын – 1 084;
II орын – 2 202;
III орын – 3 337;
Грамота – 2 463.
Халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға 273 оқушы қатысып, 139 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: І орын – 26, ІІ орын– 37, ІІІ орын – 76, грамота – 10.
Республикалық олимпиадалар мен конкурстарға 860 оқушы қатысып, 387 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: І орын – 105, ІІ орын– 120, ІІІ орын – 162, грамота – 61.
Қалалық олимпиадалар мен конкурстарға 28 669 оқушы қатысып, 6 097 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: І орын – 953, ІІ орын– 2 045, ІІІ орын – 3 099, грамота – 2 392.
2022 жылдың ақпан айының 2-5 күндері аралығында Жалпы білім беретін пәндер бойынша жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңіне 7-8 сыныптардан 1943 оқушы (7-сыныптан 944 оқушы, 8-сыныптан 999 оқушы) қатысты. Олимпиада №11 мектеп-лицей базасында өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша елордалық мектеп оқушылары 703 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: 1 орын – 65, 2 орын – 245, 3 орын – 393, грамота – 573 (7 сынып: 1 орын – 21, 2 орын – 103, 3 орын – 191, грамота – 374, 8 сынып: 1 орын – 44, 2 орын – 142, 3 орын – 202, грамота – 199).
Республикалық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңі 2022 жылғы 3-4 ақпан күндері №70 МЛ базасында өтті. Сараптаманың қорытындысы бойынша қалалық кезеңге 709 жобамен 809 оқушы өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Конкурс 9 секция бойынша ұйымдастырылды:
1 секция – қазақ тілі мен әдебиеті;
2 секция – орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;
3 секция – математика, информатика;
4 секция – физика, техника;
5 секция – медицина, психология;
6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
7 секция – химия, биология;
8 секция – экология, валеология;
9 секция – робототехника.
Қазылар алқасының шешімімен келесі 9 секциялар бойынша, жүлделі орындар: І орын – 25, ІІ орын – 135, ІІІ орын – 208, грамота – 325.
Ақпан айының 9-11 күндері аралығында 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХVIІ республикалық конкурсы «Балдаурен» оқу–сауықтыру орталығында өтті.
Республикалық – қорытынды кезеңнің ең үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан 361 зерттеу жобасымен 431 оқушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.
Конкурстың қорытындысы бойынша 18 жобамен 25 елордалық оқушының арасынан 19 оқушы жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанып «Дарын» РҒПО-ның Гран–При, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде:
Гран –При -3 оқушы;
І орын – 12 оқушы;
ІІ орын – 8 оқушы;
ІІІ орын – 6 оқушы;
Ерекше жетістіктері үшін грамота – 8 қатысушы марапатталды. Қорытынды кезеңнің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.
2022 жылдың 14-22 ақпан күндері Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңі өтті.
Олимпиаданың іріктеу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының 101 мектебінен барлығы 3216 оқушыға сұраныс тіркелді, соның 2994 қатысты:
9 сынып – 1145 оқушы, 10 сынып – 1060 оқушы, 11 сынып – 1011 оқушы.
Олимпиада ІТ-университетінің базасында, офлайн форматта өтті.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар саны – 1071 (35,8%), оның ішінде: І орын – 145, ІІ орын – 355, ІІІ орын – 571, грамота – 541.
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 9-11 сыныптардан қатысқан 2994 оқушының 1071–і (35,8%) қалалық кезеңге өтті. Аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» ДДжПС орталығының І, ІІ и ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Сонымен қатар, қалалық кезеңге мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады: №9 «Зерде», БИЛұ, БИЛқ, №82 «Дарын» және «NURORDA» МЛ.
2022 жылдың 15 ақпаны күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығымен бірлесе отырып Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназияда «Есенберлин тағылымы» атты ІІ қалалық ғылыми–практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – мектеп оқушылары арасында жазушының тарихи және әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың шығармашылық және ғылыми зерттеу қабілеттерін арттыру, шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Конференцияға 6 номинация бойынша қала мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысып, бақтарын сынады.
І. «Жырладым бір ұлыңды, аяулы елім…» – жас ақындар байқауы номинациясына 32 оқушы қатысты.
ІІ. «Өмір шындығы – өнер шындығы» – жазушының еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу жұмысы номинациясына 37 оқушы қатысты.
ІІІ. «Ұлт рухын тірілткен ұлы тұлға…» эссе жазу байқауы байқауы номинациясына 26 оқушы қатысты.
ІV. «І. Есенберлин шығармаларындағы тарихи тұлғалар…» бейнеролик жасау байқауы номинациясына 35оқушы қатысты.
V. «Бұл домбыра тапқан ақын жүрегін…» ән байқауы номинациясына 9 оқушы қатысты.
VІ.«Көңіл – дастан» – Ілияс Есенберлин шығармаларын жатқа оқу байқауы номинациясына 46 оқушы қатысты.
Конкурсқа барлығы 185 оқушы қатысты, оның ішінде 93 оқушы жүлделі орынқа ие болды: І орын – 8, ІІ орын – 20, ІІІ орын – 24, грамота – 40.
2022 жылдың 16-23 ақпаны аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында математика, физика және информатика бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.
Осындай беделді зияткерлік білім додасына 1000-нан астам қатысушы, яғни әлемнің 22 елінен 146 команда қатысты.
Қазақстан, Ресей, Беларусь, Болгария, Сербия, Румыния, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия, Индонезия, Армения, Дания, Қырғызстан, Түрікменстан, Австралия, Иран, Үндістан, Моңғолия, Әзірбайжан, Түркия, Вьетнам оқушылары білім мен ғылым жолындағы өз қабілеттерін көрсетті.
Жәутіков атындағы олимпиада оқушылар арасында физика-математика ғылымдарына қызығушылықты арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынас орнату, Қазақстанның білім мен мәдениет деңгейін көрсету мақсатында өткізіледі.
Олимпиадада Нұр-Сұлтан қаласының командасы 5 білім беру мекемесінен 26 оқушы бақ сынады.
Елорда қоржыны 16 медальмен толықтырылды: 2 алтын, 2 күміс и 12 қола.
Елорда оқушылары математикадан – 1 алтын, 2 күміс и 4 қола, физикадан – 1 алтын и 3 қола, информатикадан 5 қола медаль жеңіп алды.
2022 жылғы ақпан айының 21-25 күндері аралығында 8-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы Шымкент қаласында «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» базасында өткізді.
Конкурстың негізгі мақсаты – дарынды жастарды ғылымға, техникаға қызығушылығын күшейте түсу, ақыл –ой еңбектерінің беделін арттыру, Қазақстан Республикасының зерделі әлеуетін қалыптастыру.
Конкурс 4 бағыт, 20 секция бойынша өтті.
Республикалық-қорытынды кезеңнің ең үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан 748 оқушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады. Жаратылыстану бағыты бойынша 388 жоба, 496 оқушы, ал гуманитарлық бағыт бойынша 207 жоба, 252 оқушы қатысты.
Елорда намысын 23 білім беру мекемесінен 35 жобамен 45 оқушы қорғады.
Конкурстың қорытындысы бойынша: І дәрежелі дипломға – 4 жұмыспен 7 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 5 жұмыспен 5 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 8 жұмыспен 12 оқушы ие болды. Қорытынды кезеңнің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.
2022 жылдың 25-27 ақпан аралығында Алматы қаласында FIRST бағдарламасы аясында өткен робототехникадан халықаралық чемпионат өтті.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 661 оқушы, яғни 112 команда өздерінің ғылыми, инженерлік және технологиялық дағдыларын бар ынта-жігермен және құштарлықпен көрсете білді. Елордамыздан 11 команда – 65 оқушы қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласындағы ең мықты 2 команда жеңімпаз атанып, Әлем финалына – 2022 FIRST чемпионатына қатысу құқығына лицензия алды, Хьюстон, АҚШ;
Нұр-Сұлтан қаласының 5 мықты командасы жеңімпаз атанып, робототехникадан «FIRST ROBOTICS CHAMPIONSHIP» – МОСКВА 3.0» ұлттық чемпионатына қатысу құқығына лицензия алды;
4 команда номинациялар бойынша марапатталды.
2022 жылы 26 ақпанда 3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі төрт ауданы бойынша іріктеліп, төмендегі мектептерде офлайн форматта өткізілді:
№56 мектеп-лицейі – Сарыарқа ауданы;
№53 мектеп-лицейі – Алматы, Байқоңыр аудандары;
№81 «Astana English school» гимназиясы – Есіл ауданы;
Нұр-Сұлтан қаласының 99 мектебінен 6307 оқушы мектепішілік кезеңге қатысып, үздік нәтиже көрсеткен 446 оқушы қалалық кезеңге жолданған болатын.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарға диплом, грамоталар және ынталандыру мақсатында ақшалай, бағалы сыйлықтар тағайындалады: І орын – 8, ІІ орын – 19, ІІІ орын – 40, грамота – 28.
3-сынып: 211 қатысушы, І орын – 3, ІІ орын – 9, ІІІ орын – 20, грамота – 11;
4-сынып: 213 қатысушы, І орын – 5, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 20, грамота – 17.
2022 жылдың 28 ақпан күні Алматы қаласы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты қашықтықтан ІІ «Абай әлемі» шығармашылық байқауын өткізді. Байқауға 200- ден аса оқушы қатысты.
Шығармашылық байқау 2 бағыт бойынша өтті:
«Жүрегімнің түбіне терең бойла….» эссе жазу;
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін….» ақындар мүшәйрасы.
Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінен қатысқан оқушылар төмендегідей нәтиже көрсетті, оның ішінде І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 1, грамота – 4.
2022 жылдың 2 наурыз күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық орталығы «National Geoqraphic Казахстан» журналымен бірлесіп география пәнінен 7-8 сынып оқушылары арасында І Ұлттық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың географиялық білім сапасына, географиялық зерттеудегі дағдылары мен белсенділігіне назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне І Ұлттық олимпиада мен жасөспірімдер олимпиадасы (барлық квота) аудандық кезеңінің жеңімпаз-жүлдегерлері (І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иегерлері) атанған 54 жалпы білім беру мекемесінен 98 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «National Geoqraphic Казахстан» журналының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, медальдармен, грамоталармен және «National Geoqraphic Kazakhstan» журналы арнайы әзірлеген сыйлықтарымен марапатталды.
I орын – 7 (№3, №6, №46, №62, №82, БИЛқ, ЭЛ)
II орын – 11 (№3, №6, №31, №53, №58, №62 (3), №70, №72,№83 )
III орын – 16 (№2, №3 (2), №17 (3), №28, №34, №35, №47, №59, №60, №85, №90, BINOM SCHOOL- «Тұран», ХҮБК, )
Грамота – 15 (Г №6, №9 «Зерде», №17 МГ, №24 ОМ, №46 МГ, №52 МГ, №53 МЛ (2), №62 МЛ, №63 МГ, №75 МГ, №81 «Astana English School» Г, №82 «Дарын», БИЛқ, BINOM SCHOOL- «Тұран»).
2022 жылдың 15 наурыз күні математикадан Халықаралық Азия-Тынық мұхиты қашықтық олимпиадасы өтті.
Атаулы олимпиадаға елордалық 7 мектептің 9-11 сыныптарынан 22 оқушы қатысты («SPECTRUM» ММ, БИЛер, «NURORDA» МЛ, экономикалық лицей, №3 МГ, QUANTUM STEM SCHOOL, Haileybury Astana).
Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары үздік екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеп, осы олимпиадада әр түрлі дәрежедегі 13 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 3 күміс және 9 қола.
Өз білімдерін дәлелдеп, жеңімпаз-жүлдегер атанған оқушылар:
Сам Феттулах («SPECTRUM» ММ) – алтын медаль;
Абсаттаров Нұрдаулет, Дюсенбаев Қозыкөрпеш, Алпысбеков Алихан (БИЛер) – күміс медаль;
Байтуреев Рахымжан, Караман Мирас, Таңсықбай Абзал, Алимбаев Жұбаныш (БИЛер), Кусдавлетов Эльдар, Молдабек Әділбек, Нагашбек Мухаммед («NURORDA» МЛ); Баймульдин Данил (Экономикалық лицей); Темирзинова Мерей (Haileybury Astana) – қола медаль иегерлері.
7-8 наурыз күндері Алматы қаласында Халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға 9-11 сыныптардың үздік математик оқушылары қатысты.
Елордалық команда құрамында Нұр-Сұлтан қаласынан 5 мектебінен («SPECTRUM» ММ, БИЛер, «NURORDA» МЛ, Экономикалық лицей, №3 МГ, «QUANTUM STEM SCHOOL», «Haileybury Astana») 22 оқушы қатысып, 9 оқушы 1 алтын, 3 күміс, 5 қола иеленді (І орын-1, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 5).
«SPECTRUM» ММ оқушысы Сам Феттулах І орынды жеңіп алса, ІІ орынды Байтуреев Рахымжан (БИЛер), Кусдавлетов Эльдар («NURORDA» МЛ) және Баймульдин Данил (Экономикалық лицей), ал ІІІ орынды Нагашбек Мухаммед («NURORDA» МЛ), Байжанов Султанбек, Абсаттаров Нурдаулет, Дюсенбаев Козыкорпеш (БИЛер), Михайленко Александр (№3 МГ) иеленді.
2022 жылдың 9 наурызында «Астана дарыны» ДДжПСО Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып Абайтанудан ІІ қалалық олимпиада өткізді.
Мақсаты: Абай өлеңдерін жаттау, әлемдік тарихи оқиғалардан хабардар болу, әлем әдебиеті мен мәдениеті кеңістігінде өз көзқарасын қалыптастыру. Жас дарындардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту. Оқушыларды Абай өлеңдері арқылы ақыл мен даналыққа тәрбиелеу.
Абайтану олимпиадасының 1 кезеңіне 59 оқушы қатысса, 2- кезеңге 37 оқушы жолдама алып, Абай өлеңдерінен берілген тақырыптарға эссе жазды.
Конкурс қорытындысы бойынша 17 жүлделі орын берілді: І орын – 2, ІІ орын – 7, ІІІ орын – 8, грамота – 10.
2022 жылдың 10-12 наурызында математика және механика бойынша Ө. Жолдасбеков атындағы ХІІ Халықаралық ғылыми жобалар конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты – математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық танытқан дарынды оқушыларды анықтау.
Конкурс 4 секция бойынша өткізілді:
1 секция: Математика.
2 секция: Қолданбалы математика.
3 секция: Механика.
4 секция: Экономикадағы математикалық әдістер
Халықаралық конкурсқа Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам оқушы қатысты, оның ішінде 11 қатысушы астаналық 7 мектептің (№4 МГ, №4 МГ, №8 МЛ, №64 МЛ, №79 МЛ, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі», Дарынды қыз балаларға арналған «Білім- инновация» лицейі) оқушылары.
Конкурс қорытындысы бойынша 4 жобамен 5 оқушы жүлделі орындарға ие болып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапатталды.
2022 жылдың 2 наурызында №60 МЛ базасында 7-8 сынып оқушылары арасында информатика пәнінен жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға 123 оқушы қатысты, оның ішінде: 7 сынып – 62, 8 сынып – 61. Олимпиада қорытындысы бойынша 24 оқушы жүлделі орындарға ие болды: 7 сынып – 5 орын, 8 сынып – 19 орын.
2022 жылдың 11 мамыр күні «Астана дарыны» ДДжПСО ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында ІІ қалалық «Құтты білік» оқулары өтті.
Оқулар халқымыздың фольклорлық мұрасын насихаттау мен жас ұрпақтың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында «Мұңлық-Зарлық» фольклорлық эпосына арналды.
ІІ қалалық «Құтты білік» оқуларына Нұр-Сұлтан қаласының 71 мектебінен 220 оқушы өтінім берді.
Конкурс қорытындысы бойынша 113 оқушы марапатталды: Бас жүлде – 4, І орын – 13, ІІ орын – 28, ІІІ орын – 45, грамота – 23.
2022 жылдың 12 наурызында №52 мектеп-гимназиясында Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты қалалық ауызша командалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты: Білім алушылардың гуманитарлық пәндер (қазақ тілі, қазақ әдебиеті) бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу, дарынды балалардың ғылыми-танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу. Олимпиадаға 1-5 сынып арасынан 285 оқушы қатысты, өз шеберліктерін таныта білген оқушылар дипломдармен марапатталды: І дәрежелі – 56, ІІ дәрежелі – 52, ІІІ дәрежелі – 54.
2022 жылдың 15 наурызында «Астана дарыны» орталығы М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясымен бірлесіп қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі М.О.Әуезовтің 125 жылдығына орай І қалалық «М.О.Әуезовтың рухани шәкірттері» ғылыми жобалар конкурсын өткізді.
Конкурсқа 98 білім беру мекемелерінен 150 оқушы өз жобаларын ұсынса, 89 жоба сараптамадан өтіп, екінші кезеңде білімдерін сынады. Қазылар алқасының шешімімен төмендегіше қорытынды шықты:
1 секция: «М.О. Әуезовтің әдебиеттану ғылымындағы орны» – Бас жүлде – №8 МЛ, І орын – №87 МГ, ІІ орын – №63 МГ, №52 МГ, №69 МГ, «Тұран» BINOM school, ІІІ орын -№51 МГ, №38 МЛ, №84 МЛ оқушылары.
2 секция: «М.О.Әуезов және тарих» – Бас жүлде №69 МГ, І орын – №86 МГ, ІІ орын – №69 МГ, №87 МГ, БИЛ ер, №77 МГ, №78 МГ, №69 МГ, ІІІ орын – №67 МГ, №30 МГ, №74 МГ, «Binom» – «Ұлы дала», «Binom» -Сарыарқа, №56 МЛ оқушылары.
3 секция: «Әуезов және әлем әдебиеті» – Бас жүлде – «TURAN» МЛ, І орын – №58 МГ, ІІ орын – №78 МГ, «BINOM» – Тұран, №70 МЛ, №38 МЛ, ІІІ орын – №16 ОМ, №77 МГ, №70 МЛ, №53 МЛ, №58 МГ оқушылары иеленді.
Конкурс аясында оқушыларды ғылыми жобаға дайындаған жетекшілерге арналған «Әуезовтің ғылыми еңбектері» атты семинар өтті. Оқушылармен жазушының шығармашылығы бойынша викториналық ойындар өткізілді. Бас жүлдеге ноутбук, І орынға телефон, ІІІ орынға құлаққап, қатысқан оқушыларға жазушының кітаптары сыйға тартылды.
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласы «Тоғызқұмалақ» зияткерлік қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған І қалалық чемпионат «Бестемше» ұлттық ойын жарысы 2022 жылдың 18 наурызында №61 «Шолпан» балабақшасында өтті.
Ұлттық ойынға «Бестемше» ұлттық ойынын балабақша тәжірибесінде пайдалану» алаңына кіретін мектепке дейінгі 13 балабақша қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды: І орын – 2, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 7.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы ІІІ (қалалық) кезеңі 2022 жылдың 24-30 наурызы күндері IT унуниверситетінің базасында «бір оқушы – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша Oqulyq платформасында өтті.
Қалалық кезеңге қатысуға Нұр-Сұлтан қаласының 101 білім беру мекемелерінен 1436 оқушы өтініш білдірді (1359 қатысты): 9-сынып –471, 10-сынып – 479, 11-сынып – 409 оқушы.
Олимпиада кезінде академиялық адалдық принциптерін сақтау мақсатында:
– «Астана Дарыны» ДДжПСО YouTube арнасында онлайн-трансляция жүргізілді;
– қатысушылардың барлық дербестендірілген жұмыстары, тақырыптар бойынша тапсырмалар мен хаттамалар Орталықтың веб-сайтында және Telegram-каналында орналастырылды;
– «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ІІД қызметкерлері шақырылды.
Қалалық кезеңге мамандандырылған мектептердің (№9 «Зерде», БИЛер, БИЛқыз, №82 «Дарын», «Нұр-Орда» МЛ) оқушылары да қатысты.
Қалалық кезең қорытындысы бойынша орындар саны – 632 (46,5%): І орын – 84, ІІ орын – 209, ІІІ орын – 339, грамота – 214.
ҚГБ бойынша 324 жүлделі орын: І орын – 40; ІІ орын – 129; ІІІ орын – 200. ЖМБ бойынша 258 жүлделі орын: І орын – 44; ІІ орын – 80; ІІІ орын – 139.
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 5 сәуір күні «Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық жобалар байқауын өткізді.
Конкурстың мақсаты-Қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу және жүзеге асыру, жас ұрпақты қазіргі заманғы әлеуметтік –экономикалық мәселелерді шешуге енгізу және тәжірибелік қызметте инновациялық әдістерді енгізу, интеллектуалды өсу мен кәсіптік бағдарлау қабілетін дамыту.
Байқауға 10 номинация бойынша қатысты:
1.«Жақсылық керуені» номинациясы (қатысушылардың жасы 13-14 жас).
2.«Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –13-14 жас).
3.«Мен – Қазақстанның азаматымын» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас).
4.«Менің ашық университеттерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –15-17 жас).
5.«Менің кіші Отаным» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас).
6.«Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-17 жас).
7.«Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы (қатысушылардың жасы –15-17 жас).
8.«Жаңғырту полюсі» номинациясы (қатысушылардың жасы 14-15 жас).
9.«Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-16 жас).
10.«Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-16 жас).
Қалалық конкурсқа 29 білім беру мекемесінен 135 оқушы қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша 135 елордалық оқушының арасынан 58 оқушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. І орын -9, ІІ орын -19, ІІІ орын- 30, грамота -31.
«Астана дарыны» ДДжәнеПС орталығының жылдық жұмыс жоспары негізінде №74 мектеп-лицейімен бірлесе Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 6 сәуір күні республикалық М. Мақатаев оқуларының қалалық іріктеу кезеңін өткізді.
Қалалық іріктеу кезеңіне 50 мектептен 104 оқушы қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша: Бас жүлде – 3, І орын – 5, ІІ орын – 13, ІІІ орын – 21, грамота – 17.
9 сәуірде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 гимназиясымен бірлесе отырып, 9-11сынып оқушылары арасында ІІ қалалық «… Бір ғалымды көрсеңіз» атты Абай ғылыми жоба конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізді.
Конкурстың мақсаты – Абайдың мұрасын зерттеу арқылы бүгінгі жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
Конкурсқа 34 елордалық білім беру мекемелерінен 51 үміткер екі бағыт бойынша жобаларын қорғап, 4 оқушы І дәрежелі, 9 оқушы ІІ дәрежелі, 11 оқушы ІІІ дәрежелі дипломдармен, 8 оқушы грамотамен марапатталды.
2022 жылдың 12 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» ДДжПСО «Ғылым – ғажайып әлем» атты жетістіктер интерактивті көрмесін ұйымдастырып, өткізді.
Бұл іс-шара ғылым жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында өткізіліп, оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық деңгейін көтеруге ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етті.
Интерактивті көрмеге келушілерге өмір сүру сапасын жақсартатын және заманауи адамның жаңа перспективаларын ашатын ғылымның жетістіктері туралы түсінік берілді.
Көрменің басты ерекшелігі – атаулы шара ашық, барлығына қолжетімді және барша аудиторияға – оқушыларға, студенттерге, тәрбиешілерге арналған. Ең бастысы, жетістіктер көрмесі кез-келген адамның назарын аудартып, қызықты көріністерді тамашалауға мүмкіндік берді.
Интерактивті көрме бағдарламасына келушілердің барлығы белсенді қатыса алатын 7 аймақтан тұратын әртүрлі форматтағы іс-шаралар кірді:
табысты көшбасшылардың сөз сөйлейді; ақыл-ой ойындары; ойын-сауық аймақтары – 3D әлемі, IT аймағы; TEDx форматындағы қойылымдарға арналған платформа; ғылыми жобалардың тұсаукесері және т.б.
Қатысушылар мен қонақтар өздерін жаңа ғылыми білімдерін кеңітумен қатар, өз эрудициясы мен тапқырлықтарын таныта алды.
2022 жылдың 13-сәуір күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының ІІІ (қалалық) кезеңі №50 мектеп-лицейде өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беру мекемелерінен барлығы 274 оқушы (7- сыныптан 109 оқушы, 8-сыныптан 165 оқушы) аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты: математика – 67 оқушы; физика- 65 оқушы; химия – 57 оқушы; биология – 61 оқушы; информатика – 24 оқушы.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша бойынша республикалық жасөспірімдер пәндік олимпиадасының ІІІ (қалалық) кезеңіне барлығы 274 оқушы қатысып, 93 оқушы жеңімпаз атанды:(35%) І орын – 15, ІІ орын – 28, ІІІ орын – 50, грамота – 26.
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңін 2022 жылдың 14 сәуір күні №54 «Нұр-Ай»балабақшасында мемлекеттіктілде тәрбиеленіп, оқып жатқан мектепке дейінгі білім беру мекемелері және сәуір айының 15-і күні орыс тілінде тәрбиеленіп, оқып жатқан мектепке дейінгі білім беру мекемелері тәрбиеленушілері арасында №95 «Алматы» балабақшасында (Алматы,4) өткізді.
XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңіне мемлекеттіктілде оқытып, тәрбиелейтін балабақшалардағы мектепалды даярлық топтарынан 89 тәрбиеленуші, орыстілінде оқытып, тәрбиелейтін балабақшалардағы мектепалды даярлық топтарынан 48 тәрбиеленуші, барлығы 137 бала қатысты.
Қатысушылар «жұлдызды станцияларға» кезекпен тоқтап, тілдік қорын, логикалық және шығармашылық ойлауын, қоршаған орта туралы түсінігін қамтыған тапсырмаларды орындады.
Тәрбиеленушілердің жинаған ұпай санына сәйкес аудандар бойынша жүлдегерлер анықталды қазақ тілді топтар бойынша: І орын – 11, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 12, грамот – 26.
35 жүлдегер орыс тілді топтар бойынша: І орын – 13, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 14, грамот – 7.
Сәуір айының 14-15 күндері Алматы облысы білім басқармасы «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында республикалық Мұқағали Мақатаев оқулары өтті.
Үш бағыт бойынша өткізілген оқуларға Нұр-Сұлтан қаласынан:
1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» – М. Мақатаев өлеңдерін жатқа оқу номинациясына №24 орта мектебінің 7- сынып оқушысы Байкемелқызы
Әмина қатысып, алғыс хатқа ие болды, жетекшісі – Жаңабек Дана Әкімжанқызы.
2. «Жыр эстафетасы» – М. Мақатаев поэмаларын жатқа оқу номинациясына №4 мектеп- гимназиясының 10- сынып оқушысы Бекмағанбет Бауыржан қатысып, алғыс хат иеленді, жетекшісі – Даривхан Нургул.
3. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» – жазба ақындар мүшайрасы номинациясына №55 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Оркенқызы Аяулым қатысып, жүлделі ІІІ орын иегері атанды, жетекшісі – Нуркина Акжан Марденовна.
«Астана дарыны» ДДжПС орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында №70 мектеп-лицейінде 2022 жылдың 15 сәуір күні ІІ қалалық «Мәуелі мұра» оқуларын өткізді. «Мәуелі мұра» оқулары қазақтың талантты ақыны Төлеген Айбергеновтің 85 жылдық мерейтойына арналды.
IІ қалалық «Мәуелі мұра» оқуларына 65 мектептен 143 қатысушы сұраныс берді.
- «Сөз тапқанға қолқа жоқ» – жас ақындар айтысы номинациясына 9 оқушы қатысты;
- «Толғауы тоқсан қызыл тіл…» – жас ақындар мүшайрасы номинациясына 28 оқушы қатысты;
- «Әдебиет танытқыш» – мәтіннің көркемдік құрылысын талдау номинациясына 47 оқушы қатысты;
- «Таза, мінсіз асыл сөз…» эссе жазу номинациясына 59 оқушы қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша: Бас жүлде – 3, І орын – 9, ІІ орын – 19, ІІІ орын – 25, грамота – 32.
16 сәуірде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған І қалалық «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңін №61 орта мектеппен бірлесе отырып өткізді (әрі қарай – Конкурс).
Конкурстың мақсаты Қаныш Сәтбаев мұрасын кеңінен насихаттай отырып, Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын дәріптеу.
Конкурс екі кезеңде өтті: 1-кезең – іріктеу кезеңі (ғылыми жобалар сараптама); 2-кезең – қалалық кезең.
Ережеге сәйкес конкурс екі бағыт бойынша өткізілді:
1. Қаныш және жаратылыстану ғылымы.
2. Қаныш Сәтбаев мұрасы.
Конкурстың іріктеу кезеңіне елорданың 41 білім беру мекемесінен 113 жұмыс ұсынылды.
Іріктеу кезеңінен қалалық қортынды кезеңге 75 жоба өтті. «Қаныш және жаратылыстану ғылымы» бағыты бойынша-26, «Қаныш Сәтбаев мұрасы» бағыты бойынша – 49 жоба.
Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
Қаныш және жаратылыстану ғылымы бойынша:
І дәрежелі диплом -1, ІІ дәрежелі диплом- 3, ІІІ дәрежелі диплом 4, грамотамен 5 оқушы марапатталды.
Қаныш Сәтбаев мұрасы (тарих, әдебиет, музыка) бағыты бойынша: І дәрежелі диплом -2, ІІ дәрежелі диплом- 3, ІІІ дәрежелі диплом- 5, грамотамен 10 оқушы марапатталды.
2022 жылдың 18-22 сәуір аралығында «U-Study» орталығының базасында еліміздің түкпір-түкпірінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті, оған елордалық 9-11 сыныптардың 193 оқушысы қатысты.
Нұр-Сұлтан құрама командасы 93 жүлделі орын, оның ішінде: 24 алтын, 29 күміс және 40 қола медаль жеңіп алып, тағы да жоғары білім деңгейін көрсетті.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 94 оқушы қатысты, оның ішінде жүлделі 52 орын: І-15, ІІ-16, ІІІ-21. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 99 оқушы қатысты, оның ішінде 41 жүлделі орын: І-9, ІІ-13, ІІІ-19.
«Астана дарыны» ДД және ПС орталығының жылдық жұмыс жоспары негізінде №58 мектеп – гимназиясымен бірлесе Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 19 сәуір күні республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының қалалық іріктеу кезеңін өткізді.
Қалалық іріктеу кезеңіне 48 мектептен 84 қатысушы сұраныс берді.
1. «Ілияс – эпик ақын» Ілияс Жансүгіровтің поэмаларын жатқа айту бағыты бойынша 19 оқушы қатысты.
2. «Сұлу сөздің сүлейі» Ілияс Жансүгіровтің өлеңін, прозалық, драмалық шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу немесе үзінді орындау бағыты бойынша 35 оқушы қатысты.
3. «Ағынды менің – Ақсуым» арнау өлеңі мен өз шығармаларын оқу бағытыбойынша 30 оқушы қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша: Бас жүлде – 3, І орын – 4, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 15, грамота – 16.
«Астана дарыны» орталығы 22 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасымен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушыларының арасында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсын өткізді. Конкурс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасында өтті.
Конкурстың мақсаты – дарынды жастарды ғылымға, техникаға қызығушылығын арттыра түсу, оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілетін дамыту.
Конкурс 3 секция бойынша өтті:
1-«Жаңғыртылатын энергия –болашақ энергиясы» (физика, техника, Жер және Космос);
2-секция: «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» (химия, биология, экология, медицина);
3-секция: «Архитектура. Құрылыс».
Қалалық конкурсқа 38 білім беру мекемесінен 69 жоба, 84 оқушы қатысты.
«Әлемді өзгертетін идеялар» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсын Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдары тыңдап бағалады.
Конкурстың қорытындысы бойынша 84 елордалық оқушының арасынан 35 оқушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды: І орын -7, ІІ орын -12, ІІІ орын- 16, грамота -24. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының қалалық кезеңін 2022 жылдың 22 сәуірінде №65 «Бал бала» балабақшасында оқыту мен тәрбиелеу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілетін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің аудандық кезеңінде І, ІІ орын иегерлері атанған тәрбиеленушілері арасында өткізді.
XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысқан 137 бала арасынан І, ІІ орын иеленген 45 тәрбиеленуші (оның ішінде 25-і мемлекеттік тілдегі, 20-сы орыс тілді топтардан) олимпиаданың кезекті қалалық кезеңінде білімдерін сынады.
Тәрбиеленушілердің орындаған тапсырмаларын бағалап, жинаған балл санына сәйкес орындар тағайындалды. Жүлделі орындар саны – 29, оның ішінде: І орын – 8, ІІ орын – 13, ІІІ орын – 8, грамота – 9.
23 сәуірде«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы №56 мектеп-лицейімен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушыларына арналған Ө.М.Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиадасын өткізді (әрі қарай – Олимпиада).
Олимпиаданың мақсаты – қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің ғылымға қосқан үлесін насихаттау, мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервтерін қалыптастыру.
Олимпиадаға елордалық 86 білім беру мекемелерінен 379 оқушы қатысты. Нәтижесінде қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізіп, сертификаттар табысталды: І орын – 25, ІІ орын-35, ІІІ орын-57, грамота – 117.
2022 жылғы 25-28 сәуір күндері «Математикалық шайқас» жас математиктер турнирі өтті. Турнир ұйымдастырушылары Павлодар қаласының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы. Турнирге елордалық команданың құрамында мамандандырылған мектептерден 5 команда үлес қосты: Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация лицейі» екі командасы, «NURORDA» лицейі мен №9 «Зерде» және №82 «Дарын» мамандандырылған мектептерінің құрама командалары.
Елордалық командалар жақсы нәтиже көрсетіп, лайықты марапатқа ие болды. Үшінші орынды екінші лигада (№82 «Дарын» және БИЛ(ер)), екінші орын бірінші лигада (БИЛ(ер) және «NURORDA» МЛ), бірінші орын екінші лигада (№9 «Зерде» мамандандырылған мектебі).
29 сәуірде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып (келісім бойынша), 10 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: Жоғары сынып оқушыларын математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыра отырып, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту.
Олимпиада мемлекеттік тілде (Есіл және Сарыарқа аудандары мектептері үшін №59 мектеп-лицейінде, Алматы мен Байқоңыр аудандары мектептері үшін №73 мектеп-лицейі базаларында) өтті. Олимпиадаға 137 оқушы қатысып, І дәрежелі дипломмен – 2, ІІ дәрежелі дипломмен – 10, ІІІ дәрежелі дипломмен – 18, грамота -24 оқушы марапаитталды.
2022 жылдың наурыз айының 28-31 күндері бастауыш сынып оқушыларына арналған республикалық «Бастау» математикалық турнирінің сырттай (іріктеу) кезеңіне 116 командадан (348) оқушы сұраныс қабылданды. Сырттай кезеңге қазақ тілінде оқитын мектептерден – 62 команда, орыс тілінде оқитын мектептерден – 54 команда шығармашылық жұмыстарын тапсырды.
«Бастау» математикалық турнирінің ІІ қалалық кезеңі №82 «Дарын» мамандандырылған лицей (қазақ тілінде оқитын мектептер) және №89 мектеп-лицей (орыс тілінде оқитын мектептер) базаларында, 29-сәуір күні өтті
Қазақ тілінде оқитын мектептерден 32 команда, соның ішінде:
Бас жүлде – 1, І орын – 2, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 11, грамота – 5;
Орыс тілінде оқитын мектептерден 21 команда, соның ішінде:
Бас жүлде -1, І орын – 1, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 6, гамота – 3.
Бас жүлдеге ие болған №66 мектеп-лицейі мен №35 мектеп-лицейінің командалары республикалық кезеңге жолдама алды.
«Астана дарыны» ДДжәнеПС орталығы Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының хаты негізінде Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 29 сәуір күні №65 мектеп-гимназиясында республикалық Қадыр оқуларының қалалық іріктеу кезеңін өткізді. Қалалық іріктеу кезеңге 45 мектептен 91 қатысушы сұраныс берді.
Байқау ережеге сәйкес үш бағыт бойынша өтті:
1. «Сөзім барда – өзім бар» – ақын өлеңдерін жатқа оқу номинациясына 31 оқушы қатысты;
2. «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» – ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау номинациясына 33 оқушы қатысты;
3. «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» – жазба ақындар мүшайрасына 29 оқушы қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша: Бас жүлде – 3, І орын – 5, ІІ орын – 12, ІІІ орын – 24, грамота – 15.
2022 жылғы 30 сәуірде әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Астана дарыны» ДДжПСО-ғы «Зерде-Лидер» білім беру орталығы және №66 мен №70 мектеп-лицейлерімен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдаумен ұйымдастырған 7-8 сынып оқушылары арасында химия-биология пәндері бойынша І аймақтық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізді. Бұл іс-шара Қазақстандағы Балалар жылын мерекелеу аясында 28-29 сәуір күндері өтті.
149 жас зиялы қауымның екі қарбалас, қызу күнінде күрделі есептерді шешуде стандартты емес ойлау, химия, биология пәндері бойынша білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ең үздік жасөспірімдер анықталды:
«Үздік теоретик» номинациясы Атырау облысы, дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Ахмедов Арсен;
«Үздік практик» номинациясы Ақтау облысы, дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Умарбаев Нұрқожа;
Олимпиаданың ең жас қатысушысы «Жас дарын» номинациясымен Павлодар қаласының №8 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Кравчук Игорь марапатталды;
Олимпиаданың «Абсолютті жеңімпазы» номинациясы биология пәнінен Нұр-Сұлтан қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 8-сынып оқушы Амангелді Данаға берілді.
Оқушылар сарайы Олимпиадаға қатысушылар үшін нағыз мереке ұйымдастырды. Қатысушылар барлық концерттік нөмірлерге риза болды.
«Астана дарыны» орталығы шараның бас демеушісі – Қазақстандағы әлеуметтік, білім беру және мәдени бағдарламаларды белсенді қолдайтын «Эксон Мобил» компаниясына Олимпиадаға белсенді қолдау көрсеткені және жас жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табыс еткені үшін ерекше алғысын білдіреді.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып 61 оқушы атанды, оның ішінде:
Биология, 7 сынып: І орын – 3, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 9, грамота – 4;
Биология, 8 сынып: І орын – 2, ІІ орын – 3, ІІІ мест – 5, грамота – 4;
Химия, 7 сынып: І орын – 2, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 7, грамота – 4;
Химия, 8 сынып: І орын – 4, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 11, грамота – 4.
29 сәуірде«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, 4-сынып оқушылары арасында ІІ қалалық «Бала Абай» байқауын өткізді (әрі қарай -Байқау).
Байқаудың мақсаты: Бала Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу, шығармашылықтарын шыңдау.
Екі номинациядан тұратын байқауға елордалық білім беру мекемелерінен 126 оқушы (I номинация бойынша 65 оқушы, II номинация бойынша 61 оқушы) қатысты.
I номинация Абай өлеңдерінен эстафета (алдын ала берілген 30 өлеңнің алдыңғы бес шумағын жаттау), қайым айтыс форматында кідіріссіз жалғастыру.
II номинация – Абай шығармаларынан берілген «Әже-балаға сыншы», «Әже өнегесі», «Ақ бата» бағыттары бойынша оқушылар өнерлерін ортаға салып, сахналық көріністер көрсетті.
Нәтижесінде І дәрежелі дипломмен 11 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 15, ІІІ дәрежелі дипломмен 25, грамотамен -16 оқушы марапатталды.
2022 жылғы жоспарға сәйкес «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Nurorda» мектеп-лицейімен бірлесе отырып сәуір айының 30-ы күні 5-6 сыныптар арасында «Nurorda Junior Olympiad» математикалық олимпиаданы өткізді.
Олимпиадаға қала мектептерінен 520 (5 сынып – 275, 6 сынып – 245) оқушы қатысты.
Олимпиада жазбаша тест түрінде өткізілді. Тапсырмалар математикалық және логикалық сұрақтардан құралды. Жүлделі орын иеленген оқушы саны төмендегідей:
І орын – 5 сыныптарда – 19, 6 сыныптарда – 18
ІІ орын – 5 сыныптарда – 37, 6 сыныптарда – 32
ІІІ орын – 5 сыныптарда – 64, 6 сыныптарда – 49
Сонымен қатар үздік оқушылардың жетекшілері алғыс хатпен марапатталды. Олимпиадаға қатысушы мектептер арасында үздік мектеп рейтингісі шығарылып, 10 мектепке (ШЛ №73, ШЛ «Nurorda», ШЛ №85, ШЛ №76, ШГ №3, СЛ №82 «Дарын», ШЛ №59, Г №81, ШЛ №84, ШЛ №66) алғыс хат пен сыйлықтар тапсырылды.
2022 жылғы мамыр айының 3-6 күндері аралығында Өскемен қаласында Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға Республикамыздың барлық өңірлерінен 250-ден астам оқушы, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінен16 оқушы қатысты. Елордалық команда олимпиадада жоғары нәтижеге ие болды – барлығы 10 медаль: І орын – 3, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 4, грамота – 1.
«Астана дарыны» ДДжәнеПС орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылғы 4 мамыр күні республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қалалық іріктеу кезеңі №57 орта мектебі базасында өтті.
Оқулардың мақсаты – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын дәріптеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, әдебиетті, тіл мен өнерді құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау.
Қалалық іріктеу кезеңге 63 мектептен 131 оқушы қатысты: Бас жүлде – 4, І орын – 8, ІІ орын – 19, ІІІ орын – 23, грамота – 26.
Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация (әр номинацияға 1 (бір) оқушыдан) бойынша өткізілді.
- «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – жазба ақындар мүшәйрасына 33 оқушы қатысты.
- Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасын қорғау номинациясына 33 оқушы қатысты.
- «Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» – эссе жазу номинациясына 48 оқушы қатысты.
- «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» – ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау (презентация қорғау) номинациясына 42 оқушы қатысты.
4-9 мамыр күндері Ларнака қ. (Кипр) математикадан Балқан олимпиадасы өтті. Оған Балқан түбегінің 16 елінен 96 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Қола – Фетуллах Сам, «SPECTRUM», Нұр-Сұлтан қ.
2022 жылдың 5-6 мамыр күні «Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық жобалар байқауының республикалық кезеңі онлайн форматта өтті.
Конкурстың мақсаты – Қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу және жүзеге асыру, жас ұрпақты қазіргі заманғы әлеуметтік –экономикалық мәселелерді шешуге енгізу және тәжірибелік қызметте инновациялық әдістерді енгізу, интеллектуалды өсу мен кәсіптік бағдарлау қабілетін дамыту.
Республикалық байқауға 10 номинация бойынша қатысты:
1.«Жақсылық керуені» номинациясы (қатысушылардың жасы 13-14 жас) -Арапбек Амина №70 мектеп –лицейі;
2.«Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –13-14 жас)- Хуатбек Сабина №65 мектеп –гимназиясы;
3.«Мен – Қазақстанның азаматымын» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас) -Ахметқали Әділет №38 мектеп –лицейі;
4.«Менің ашық университеттерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –15-17 жас)- Нурланова Жания BINOM «Тұран» мектеп-лицейі;
5.«Менің кіші Отаным» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас) – Шымырбек Нұрайым BINOM «Тұран» мектеп-лицейі;
6.«Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-17 жас) -Доқтырбек Алдияр №50 мектеп –лицейі;
7.«Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы (қатысушылардың жасы –15-17 жас) -Искендирова Сымбат №66 мектеп –лицейі;
8.«Жаңғырту полюсі» номинациясы (қатысушылардың жасы 14-15 жас) – Мағат Ильяс BINOM «Тұран» мектеп-лицейі;
9.«Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы (қатысушылардың жасы-15-16 жас) – Усманханова Лолахан №47 мектеп–гимназиясы;
10.«Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-16 жас)- Оңғарова Дана №73 мектеп –лицейі.
2022 жылғы мамыр айының 5-6 күндері аралығында 9-11 сынып оқушыларына арасында «Ғылым әлемін ашамыз» атты Халықаралық ғылыми жобалар конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты: дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты балалардың және жасөспірімдердің қызығушылығын дамыту, отандық және әлемдік ғарыш жетістіктерін насихаттау, ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру.
Конкурс 4 секция бойынша ұйымдастырылды:
1 секция: «Ғарыштық техника және инфрақұрылым»
2 секция: «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу»
3 секция: «Экология және ғарыш қызметі»
4 секция: «Астрофизика және Ғаламның эвалюциясы»
5 секция: «Күн жүйесі».
Халықаралық конкурсқа 8 білім беру мекемесінен (№9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, №24 ОМ, №47МГ, №60 МЛ (2 оқушы), №79 МЛ (2 оқушы), №80 МГ, №84МЛ, Бином «Тұран») 9 жобамен 10 оқушы қатысты. Халықаралық конкурсқа Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық аймақтарынан 200-ден аса оқушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.
Конкурстың қорытындысы бойынша 9 жобамен 10 елордалық оқушының арасынан 6 оқушы, 5 жобамен жеңімпаздар атанып, Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ дәрежелі дипломдарымен күміс және қола медальдарымен марапатталды.
2022 жылдың 7-8 мамыр күндері ДДжПС орталығы мен «Роботек» робототехника мектебі Astana IT University базасында «Астана Innovations» АҚ, Astana IT University және BI Group құрылыс Холдингінің қолдауымен робототехника бойынша қалалық «Robotek Grand Tournament 2022» чемпионатын өткізді.
Чемпионатқа қала мектептерінің командалары, робототехника үйірмелері қатысады. 149 елордалық команда қатысты, қатысушылардың жас ерекшелігі – 10-17 жас аралығы.
Robotek Grand Tournament 2022 бойынша жеті номинация ұсынылды:
1. Робо-сумо (9-12 жас);
2. Кегельринг-квадро (10-14 жас);
3. Сызық бойымен жүру (14-17 жас);
4. Биатлон кіші топ (10-14 жас);
5. Биатлон үлкен топ (14-17 жас);
6. Эстафета (10-17 жас);
7. Лабиринт (14-17 жас).
Робототехника жарысы – оқушылардың осы бағыт бойынша жан-жақты үйреніп және дамитын алаңы. Бұл цифрлық технологияларды қолданатын мамандықтарды игеруге ынталандырады. Баланың іскерлік болашағының іргетасын қалайды.
Турнирдың қорытындысы бойынша: І орын – 7, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 6.
2022 жылғы мамыр айының 7-8, 12 күндері аралығында 5-11 сынып оқушыларына арасында «Математика және модельдеу» атты Халықаралық ғылыми жобалар конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты: дарынды балаларды анықтау, дамыту және математикаға деген қызығушылығын ояту, қолдау.
Конкурс 12 секция бойынша ұйымдастырылды:
1 секция: «Табиғат пен қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері»
2 секция: «Геометриялық миниатюра»
3 секция: «Математика және өнер»
4 секция: «Математика тарихы»
5 секция: «Математика ғылымы»
6 секция: «Сандық ресурстарды құру, бағдарламалау»
7секция: «Қаржы математикасы»
8 секция: «Ақпарат саласындағы математиканы қолдау»
9 секция: «Кәсіби бағытталған есептерді шешу үшін математикалық әдістерді қолдану»
10секция: «Желідегі зерттеу жобалары»
11 секция: «Кәсіби қызметтегі математика»
12 секция: «Юниор»
Халықаралық конкурсқа 6 білім беру мекемесінен (№47МГ, 51 МГ, 56МЛ, 57ОМ, 64МЛ, 84 МЛ) 8 жобамен 8 оқушы қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша 2 жобамен 2 оқушы жеңімпаздар атанып, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
9-16 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Білім кеңістігіндегі басты додалардың бірі боп саналатын Менделеев олимпиадасында қазақстандық химиктер жыл сайын жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.
Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Смет Әлихан қола медальға ие болды, Қазақстан құрамасының қоржыны 3 күміс және 5 қола медальға толықты.
2022 жылдың 11-13 мамыр күндері Шымкент қаласында өткен 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды кезеңіне Қазақстанның барлық өңірлерінен 236 оқушы қатысты. Жасөспірімдер олимпиадасына қатысу – оқушыға тәжірибе жинап, жоғары сыныптарда түрлі деңгейдегі білім бәйгесінде жеңіске жетуде сенімділік қалыптастырады.
Нұр-Сұлтан қаласы командасының құрамын олимпиаданың қалалық кезеңі жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 22 оқушы құрады.
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша 7 алтын, 6 күміс және 1 қола, барлығы 14 медаль иеленген елордалық дарындар «Үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды.
Мамыр айының 12-13 күндері Павлодар облысы білім басқармасы «Ертіс дарыны» облыстық өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында Павлодар облысы Екібастұз қаласында ІІ республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті.
Төрт бағыт бойынша өткізілген оқуларға Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінен 4 оқушы қатысып:
1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – жазба ақындар мүшәйрасында №66 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Анияр Мұқаш ІІІ орынға ие болды, жетекшісі – Жумабаева Гульмира Жантлеуовна .
2. «Бос болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми жобаларды қорғау бағыты бойынша
№ 58 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Сақтаған Дильназ «Зейінді зерттеуші» номинациясымен марапатталды, жетекшісі –Курмашева Мадина Абдыкаримовна.
Қазақтың сыршыл ақыны, ағартушы, «Алаш» қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы Х республикалық дәстүрлі Мағжан оқуларының қалалық іріктеу кезеңін Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 13 мамырда №64 мектеп–лицейінде өтті.
Х республикалық Мағжан оқуларының қалалық іріктеу кезеңіне 3 номинация бойынша 61 мектептен 106 оқушы қатысты:
1. «Өлең -менің Шолпаным, Айым, Күнім» – ақын шығармаларын жатқа оқу номинациясына 36 оқушы қатысты;
2. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған…»- жазба ақындар мүшәйрасы номинациясына 29 оқушы қатысты;
3. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» – ғылыми жоба жұмысына 41 оқушы қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша: Бас жүлде – 3, І орын – 8, ІІ орын – 14, ІІІ орын – 21, грамота – 14.
Х республикалық Мағжан оқуларына қатысуға жолдама алған жеңімпаздар №38 МЛ, 87 МГ, 85 МЛ.
14 мамыр күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен №59 мектеп-лицейі бірлесіп қала мектептері арасында «Scratch – бағдарламалау» зияткерлік, шығармашылық сайысын өткізді.
Мақсаты – балалардың зияткерлік, шығармашылық бастамаларын белсендіру және дамыту, Sratch-бағдарламалау саласында өз идеяларын іс жүзінде жүзеге асыру үшін білім алушыларға жағдай жасау.
Сайысқа елордадағы 53 мектептен 3-5 сынып оқушыларынан құралған 127 команда қатысты.
Әр мектептен 3 команда қатысты: 3- сыныптан – 2 оқушы, 4 – сыныптан – 2 оқушы, 5 – сыныптан – 2 оқушы.
Сайыс 3 түрлі тапсырмадан тұрды:
– «Scratch – математикалық тапсырма»;
– «Scratch – анимация»;
– «Scratch – компьютерлік ойын».
Олимпиаданың қорытындысы бойынша I орын – 8, II-17, III-38 грамота – 45.
2022 жылдың 14- мамырда «Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінің 7-8 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жасөспірімдер олимпиадасының ІІ (қалалық кезеңі) №50 мектеп-лицейінде өтті.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша (Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және өзін-өзі тану) жасөспірімдер олимпиадасының ІІ (қалалық) кезеңіне аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Барлығы 359 қатысушы: І орын- 25; ІІ орын-65; ІІІорын-71.
«Астана дарыны» ДДжәнеПС орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылғы 20 мамыр күні ХХІІІ республикалық Абай оқуларының қалалық іріктеу кезеңі №87 мектеп-гимназиясының базасында өтті.
Абай оқуларының мақсаты – қазақ халқының әдеби мұралары мен Абай және оның шәкірттерінің шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттерді насихаттау.
Қалалық іріктеу кезеңге 60 мектептен 170 оқушы қатысты.
Ережеге сәйкес Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді:
1.«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…» номинациясы;
2.«Абайдың қара сөздері» номинациясы;
3.«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы;
4.«Көңілім әнді ұғады…» номинациясы;
5.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда..» номинациясы;
6.«Ұлылар әлемі» эссе жазу номинациясы.
Конкурс қорытындысы бойынша төмендегідей жүлдегерлер анықталды: Бас жүлде – 6, І орын – 11, ІІ орын – 22, ІІІ орын – 39, грамота – 35.
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы жұмыс жоспарына сәйкес білім беру мекемелерінің 4-сынып оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиаданы 2022 жылғы мамыр айының 21 күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер №3 мектеп-гимназиясында, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер №85 мектеп-лицей базасында өтті. Барлығы 565 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, дүниетанымын кеңейту, дарынды, талантты оқушыларды анықтау.
Математика пәні бойынша 107 оқушының 43,9% жүлдегер мен жеңімпаз атанды: І орын-2, ІІ орын-23, ІІІ орын-22, грамота -20.
Ағылшын тілі пәні бойынша 97 оқушының 48,4% жүлдегер мен жеңімпаз атанды: І орын- 10, ІІ орын-17, ІІІ орын-20, грамота -12.
Қазақ тілі пәні бойынша 89 оқушының 44,9% жүлдегер мен жеңімпаз атанды: І орын-5, ІІ орын-16, ІІІ орын-19, грамота-12.
Дүниетану пәні бойынша 98 оқушының 46,9% жүлдегер мен жеңімпаз атанды: 1 орын –6, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 25, грамота –11.
Жаратылыстану пәні бойынша 102 оқушының 44,1% жүлдегер мен жеңімпаз атанды: 1 орын – 8, ІІ орын –13, ІІІ орын –24, грамота –12.
Орыс тілі пәні бойынша 72 оқушының 43,0% жүлдегер мен жеңімпаз атанды: І орын – 6, ІІ орын – 9, ІІІ орын –16, грамота – 8.
2022 жылғы мамыр айының 27–30 күндері аралығында Қ.И Сәтбаев атындағы Х аймақтық олимпиадаға 162 оқушы қатысты. Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінен 20 оқушы қатысты. Оның ішінде 14 – оқушы (4-күміс,5-қола,5-грамота) жүлделі орындарға ие болды.
Математикалық бағыт бойынша: 1 грамота;
Жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша: ІІ орын -3, ІІІ орын -1, грамота – 2;
Бағдарламалау бағыты бойынша: ІІІ орын – 1;
Химия пәні бойынша: ІІ орын -1, грамота -1;
Биология пәні бойынша: ІІІ орын -1;
Физика пәні бойынша: ІІІ орын -1, грамота – 1;
География пәні бойынша: 1 грамота.
1 маусым Балаларды қорғау күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің дарынды балалармен кездесуін ұйымдастыру дәстүрлі үрдіске айналды.
Іс-шараның мақсаты – елордалық дарынды жастарды қолдау және насихаттау, интеллектуалдық дамыту іс-шараларына қатысу мотивациясын қалыптастыру үшін жағдай жасау, көшбасшылық, дарындылық, шығармашылық және патриотизмнің табысты үлгілерін насихаттау.
Кездесуге 2021-2022 оқу жылында Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Румыния, Венгрия, Бразилия, Кипр, Оңтүстік Корея, Катар, Үндістан, Нидерланды, Жапония, Қытай, Америка сияқты елдерде өткізілген халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаз-жүлдегерлері атанған елордалық оқушылар қатысты.
Бұл кездесу – халықаралық, республикалық пәндік олимпиадаларда өз білімін таныта білген жас дарындардың табысының жемісі.
Жыл сайын елордалық оқушылар командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларда командалық бірінші орынды иеленіп, «Үздік олимпиадалық команда» атағына ие болып келеді.
Биыл Нұр-Сұлтан олимпиада құрамасы рекордтық медаль жеңіп алды: 93 жүлде, оның ішінде 24 алтын, 29 күміс және 40 қола медаль.
Ашық пікір алмасу мен ой бөлісу форматында өткен кездесуде жас таланттар өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға жауап алды.
Кездесу барысында оқушылар Нұр-Сұлтан қаласы әкімі атынан алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
«Астана дарыны» ДДжПСО-ы биылғы Балалар жылы аясында XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлдегер атанған тәрбиеленушіні марапаттау мерекесін 2022 жылдың 3 маусым күні №95 «Алматы» балабақшасында өтті.
Қазақ тілінде оқып тәрбиеленуші топтар бойынша:
І орын – 5, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 4;
Орыс тілінде оқып тәрбиеленуші топтар бойынша:
І орын – 3, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 4, барлығы 29 тәрбиеленуші дипломдармен марапатталып, сыйлықтар тапсырылды.
2022 жылғы маусым айының 6-8 күндері аралығында «INFOMATRIX-ASIA-2022» Халықаралық конкурсы Алматы қаласы С.Демирель университетінде өтті.
Конкурстың мақсаты: ақпараттық технологиялар саласындағы үздік студенттерді біріктіруге бағытталған және кәсіби шеберлікті арттыру. Конкурсқа 28 елден 365 оқушы қатысты.
Конкурс 6 бағыт бойынша өтті:
1. Қысқа метражды фильм;
2. Математикалық жобалар;
3. Компьютерлік робототехника;
4. Компьютерлік бағдарламалау;
5. Көркем жабдық;
6. Басқару жүйесі.
Халықаралық конкурсқа 5 білім беру мекемесінен (№51 МГ, ер балаларға арналған «Білім инновация лицейі», қыз балаларға арналған «Білім инновация лицейі», «NURORDA» мектеп-лицейі, Spectrum International мектебі) 67 оқушы қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша 44 оқушы жеңімпаздар атанды: І орын – 10, ІІ орын – 11, ІІІ орын – 23.
2022 жылғы маусым айының 6–10 күндері аралығында ХV республикалық математикалық «Бастау» турнирі Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында офлайн режимде өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінен аталған турнирдің қалалық кезеңі бойынша үздік шыққан №66 мектеп-лицейінің және №35 мектеп-лицейінің командалары қатысты.
Турнирдің республикалық кезеңі 3 турда ұйымдастырылды:
І тур «Әу, баста!» (командалық сынақ);
ІІ тур «Асық» (командалық сынақ);
ІІІ тур «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).
Берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған №66 мектеп-лицейінің командасы жалпыкомандалық ІІ орын және №35 мектеп- лицейінің командасы жалпыкомандалық ІІІ орын иеленді.
Сонымен қатар қатысушылардың арасынан озық шыққан оқушылар марапатталды:
ІІІ орын – Кемал Ақан, №66 мектеп- лицейінің 2-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Биғаріпов Аяділ, №66 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;
ІІІ орын –Тусупбаев Нуржигит, №66 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Жанатаев Алижан, №35 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы;
ІІ орын – Накоскин Владислав №35 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы.
2022 жылдың 7-8 маусым аралығында Алматы облысы, Қонаев қаласында 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдәурен білгірі-2022» Ш Республикалық зерттеу жүмысы мен әлеуметтік жобалар байқауы өтті.
Іс-шара балалардың шығармашылық ойлауы мен зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, сонымен қатар әлеуметтік жобаларға бейімделуін қалыптастыруға арналды.
Байқау келесі бағыттар бойынша өткізілді:
1. «Тілдердің үштұғырлығы» (қазақ, орыс және ағылшын);
2. «Көркем әдебиет» (қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті);
3. «Цифрлық ресурстар» (математика, қолданбалы математика);
4. «Біздің планетаның ғажайыптары» (физика, ғарыш, техника);
5. «Адам денсаулығы» (биомедицина, медицина);
6. «Туған жерге тағзым» (өлкетану, дүниетану, этномәдени зерттеулер);
7. «Жаратылыстану ғылымдары» (Химия, биология, жаратылыстану және экология);
8. «Ақпараттық технологиялар» (Информатика, Робототехника);
9. «Ұлыдалын жеті қыры» (тарих, география, өнер);
10. «Әлеуметтік жобалар» (барлық бағытта).
Конкурстың қорытындысы бойынша елордалық оқушылар 32 жүлделі орынға ие болды: І орын – 12, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 10,
Астана дарыны » дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Роботек» робототехника мектебімен бірлесіп 2022 жылғы 14-15 маусымда Astana IT University базасында робототехник – оқытушыларға арналған спорттық робототехника (бұдан әрі-ОЖЖ) бойынша қарқынды – оқу-жаттығу жиындарын өткізді.
ОЖЖ мақсаты – спорттық робототехника саласында біліктілікті арттыру: теориялық, практикалық білім және эстафета, желі бойынша жарыс, Кегельринг-квадро және биатлон санаттарында жаттықтырушының функционалдық құзыреттілігін арттыру.
Робототехника ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарының бірі болып табылады, онда механика мен жаңа технологиялар проблемалары жасанды интеллект проблемаларымен байланысты.
Инженерлік робототехника саласында білімі бар мамандар қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие. Осының арқасында робототехниканы бастауыш мектептен бастап, одан әрі білім берудің әрбір сатысында, жоғары оқу орындарын қоса алғанда, оқу процесіне енгізу мәселесі өте өзекті. Сондықтан спорттық робототехника саласындағы біліктілікті арттыру маңыздылығы мен өзектілігін арттыруда.
Алынған білімді қолдану қалалық және республикалық турнирлерде командалардың нәтижелілігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Оқытуды «Роботек» робототехника мектебінің лекторлары, робототехникадан Қазақстан құрамасының (WRO, FLL, KazRobotics, Roboland) жаттықтырушылары жүргізді.
20-30 маусым күндері аралығында Алматы қаласындағы Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған интернатта математикадан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындары басталды. 6-16 шілде аралығында Норвегия астанасы – Ослода өтетін Математикадан халықаралық олимпиадада (IMO) Қазақстанның үздік алты жас математигі еліміздің намысын қорғайтын болады, оның ішінде астаналық оқушы Фетуллах Сам, 11-сынып, Нұр-Сұлтан қ. БИЛ, IMO-2021 күміс жүлдегері.
2022 жылғы 24 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында республикалық “Мағжан оқулары” ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.
Атаулы іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғаған №85 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Абдимұрат Жұлдыз «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды.
Конкурстық бағдарлама аясында республикалық оқуға қатысқан барлық оқушылар Мағжан ағамыздың кіндік қаны тамған жер-Сарытомар ауылына барып, ақын шығармашылығына арналған мұражай мұрағаттарымен танысты. Сонымен қатар байқау 25 маусым күні жабылу салтанаты аяқталған соң, қатысушылар Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
2020 жылы Қазақстанда жаңа ұлттық жоба – «Елбасы медалі» бағдарламасы басталды, оған 14-29 жас аралығындағы жас және белсенді қазақстандықтар қатысты.
«Елбасы медалі» – спорт, дарын пен дағды, кітап оқу, ерікті (волонтерлік), ұлттық мұра бағыттары бойынша белгілі бір талаптарды табысты орындағаны үшін жеңімпаздарға берілетін ерекшелік белгісі.
Бұл жобаның мақсаты – жас дарынды ұлдар мен қыздарды қолдау, жауапкершілік пен табандылық сезімін дамыту, мақсат қоя білу және оларға қол жеткізу.
«Елбасы медалі» бағдарламасы бірнеше деңгейден тұрады. Олардың әрқайсысы белгілі бір жасқа сәйкес келеді және оның өту кезеңі бар: қола деңгей – 14 жас, 6 ай қатысушылары; күміс деңгей – 15 жас, 12 ай қатысушылары; алтын деңгейі-16 жас, 18 айдан кем емес қатысушылар.
Жобаның барлық бағыттары бойынша тапсырмаларды табысты орындаған қатысушылар Елбасының алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады.
2022 жылы 28 маусымда Елбасы академиясы алтын, күміс және қола деңгейлердегі «Елбасы медалі» ерекшелік белгісімен марапаттау рәсімін өткізді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің залында өткен салтанатта ұлттық жобаның елордалық 110 қатысушысы медальмен марапатталды, оның ішінде: алтын деңгей – 7, күміс деңгей – 8 және қола деңгейі – 95.
Бір ай бойы «Дарын» РҒПО лингвистика (2 қатысушы), биология (1 қатысушы) және химия (1 қатысушы) пәндері бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізді.
28 маусым мен 3 шілде аралығында Қазақстан құрама командасы Сараево қаласында офлайн режимінде өткен Халықаралық юниорлық Балқан математика олимпиадасына (JBMO) қатысты. Әлемнің 18-ден астам елінен келген 130-ға жуық жас математиктер математика пәнінен білімдерін сынады.
Біздің ұлттық құрама командамыз 2022 жылғы республикалық олимпиаданың 6-шы жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынды және олардың барлығы медальдарға ие болды! 2 алтын , 2 күміс және 2 қола – қазақстандық оқушылардың беделді Олимпиадада өнер көрсетуінің тамаша нәтижесі осындай! «NURORDA» МЛ оқушысы Молдабек Әділбек жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медальға ие болды
Математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша халықаралық «Туймаада» олимпиадасы 2022 жылы 30 маусым- 10 шілде аралығында өтіп жатыр. Биыл білім додасына Ресей, Румыния, Болгария, Сингапур, Иран, Тәжікстан, Қазақстан оқушылары бақ сынасты.
Елордалық БИЛ ер лицейінің жігіттері тамаша жетістікке жетті.
Алтын медаль – Махажанов Олжас (математика);
Күміс медаль – Смет Алихан (химия), Амангельдин Айбын (математика), Амиргали Маликов (физика);
Қола медаль – Сайлаубай Бексултан (математика), Несіпбек Алинур (математика), Бекболсын Нұрсұлтан (математика), Жақсыкелді Алихан (математика), Жарылгамысов Темирлан (информатика), Исаев Арман (информатика), Кигаш Амир (информатика).
Математикадан 5-6 сынып оқушыларының Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасы жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау 2022 жылдың 4 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында математика пәнінен 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңі рәсімі өтті.
Олимпиадаға қатысқан елордалық 10 мектептен (№№1 МЛ, 37 МЛ, 59 МЛ, 66 МЛ (3), 70 МЛ, 73 МЛ, 76 МЛ, 84 МЛ, 92 МЛ, Binom school Turan) 12 оқушының 10 марапатталды: Бас жүлде -1 (№76 МЛ), І орын -2 (№59 МЛ, №66 МЛ), ІІ орын – 4 (№66 МЛ, №70 МЛ, №73 МЛ, Binom school Turan), ІІІ орын -3 (№1 МЛ, №66 МЛ, №92 МЛ).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдары және «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының ақшалай силықтары (Бас жүлде – 50000 тг., І орын 30000 тг., ІІ орын 20000 тг, ІІІ орын 10000тг.) табысталды. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасында елордалық оқушылар командасы «Бас жүлде» иегері атанды.
2022 жылдың 9-16 шілдесінде IMO-2022 63-ші Халықаралық математикалық олимпиада Норвегияның Осло қаласында өтті. Жоғары сынып оқушылары арасында жыл сайын бір елде өткізілетін математика бойынша әлем чемпионаты. Соңғы жылдары олимпиадаға бес құрлықтың 100-ден астам елі қатысады. Қазақстан құрама командасының құрамында елордалық «Spektrum» халықаралық мектебінің оқушысы Сам Фетуллах қатысып, күміс медаль жеңіп алды.
2022 жылдың 10-18 шілдесі аралығында Ереван қаласында (Армения) халықаралық биология олимпиадасы – IBO өтті. Олимпиадаға әлемнің 62 елінен 248 олимпиадашы қатысты. Елордалық оқушылар халықаралық зияткерлік аренадағы жетістіктерімен қуантып келеді: жас биолог Омар Дінмұхаммед осындай беделді де күрделі биология олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Жетекші қазақстандық финтех-компаниясының қолдауымен Kaspi.kz Қазақстанның математикалық мектептерінің кезекті рейтингісін дайындап, жариялады. Бұл рейтингке оқушылары 2020 және 2021 жылдары халықаралық олимпиадаларда медальдар мен грамоталар иегері болған Қазақстан Республикасының 15 қаласы мен 2 ауылынан 48 оқу орны қатысты.
Бұл мектептердің ішінде: екі Республикалық физика-математика мектебі, он төрт «Білім-Инновация» лицейі, он Назарбаев Зияткерлік мектебі және олардан басқа Алматы қаласындағы Haileybury халықаралық мектебі бар.
Қазақстанның математикалық мектептерінің рейтингі алғаш рет 2017-2020 жылдардың қорытындысы бойынша жарияланды. Ол кезде рейтинг екі негізгі критерий бойынша анықталды: халықаралық олимпиадалардағы дипломдар мен грамоталар саны; ҰБТ балдары (жалпы және тікелей математикадан).
Жаңа рейтинг республикалық олимпиада, «Жібек жолы» математикалық олимпиадасы, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZHO), Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы, Халықаралық математикалық олимпиада (IMO), Балқан математикалық олимпиадасы (BMO), Леонард Эйлер атындағы және т.б. халықаралық онлайн/офлайн олимпиадалардың қорытындылары бойынша жасалды.
Республика бойынша рейтингке қатысқан Қазақстанның 48 математикалық мектептерінің көш басында Нұр-Сұлтан қаласының келесі білім беру мекемелері: Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (2 орын), «NURORDA» мектеп–лицейі (7 орын), «Spectrum» халықаралық мектебі (13 орынға), №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі (22 орын), «Экономикалық лицей» (24 орын) тұр.
Рейтингке енген мектеп директорлары мен математика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған: дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры Э. К. Пириев және математика пәні мұғалімі Муаммер Гюль; «NURORDA» мектеп-лицейінің директоры Ш. Селман және математика пәні мұғалімдері А.А. Уринбасаров, А.Б. Балхожаева; «Spectrum» халықаралық мектебінің директоры Г.М. Есщанов пен математика мұғалімі Г.К.Бествик; №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің директоры Н.К. Аманов пен математика мұғалімі М.Хазез; «Экономикалық лицей» директоры Б.Р. Сыздыкова мен математика пәнінің мұғалімі Д.А.Жақыпбекова.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2022 жылдың 14-17 тамыз күндері Семей қаласы, Абай ауданында «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық Абай оқуларын өткізді. Республикалық Абай оқуларының шешуші кезеңіне 6 номинация бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан қалалық кезең жеңімпаздары қатысты, нәтижесінде (І орын – 1, ІІІ орын – 2, грамота – 1):
«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша №68 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Махмутова Ақнұр – І орын, (жетекшісі Султанова Даметкен Михаиловна;
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша №87 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Арғынбаева Ұлпан – ІІІ орын, (жетекшісі Біржанқызы Әйгерім);
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылығы) номинациясы бойынша №72 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Дархан Дариға – ІІІ орын (Адильбекова Жанар Советхановна);
«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша № 87 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Сексенбаева Нишонгүл – грамота (жетекшісі Кәрімхан Заңғар) иеленді.
25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты дәстүрлі конференция өтті.
Конференция аясында көрме ұйымдастырылып, оған елордалық №3 МЛ, №8 МЛ, №15 МЛ, №38 МЛ, №47 МГ және №64 МЛ мектеп оқушылары ғылыми жобаларымен қатысты.
Балалар өмір сапасын жақсарту үшін өздерінің жобалық жұмыстарын ұсынды. Жас дарындардың инновациялық туындылары көрермендердің ықыласына бөленді, ұстаздар балаларды қызыға тыңдап, сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.
25 тамыз күні ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті.
Биыл ірі халықаралық жарыстарда қазақстандық оқушылар 27 медаль жеңіп алды, оның ішінде 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медаль, осылайша соңғы жылдардағы рекордтарды жаңартты. Команда құрамында астаналық 2 оқушы бар: «SPEKTRUM» халықаралық мектебінің оқушысы Сам Фетуллах – математикадан халықаралық олимпиаданың (IMO) күміс жүлдегері, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация лицейінің» оқушысы Омар Дінмұхаммед – биология бойынша халықаралық олимпиаданың (IBO) күміс жүлдегері.
Кездесу барысында министр жеңімпаздарды, педагогтар мен ата-аналарды құттықтап, ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады. Зияткерлік жарыстардың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйлыққа және ҰБТ тапсырмай ЖОО-да оқуға грантқа ие болады.
15 қыркүйекте 2022-2023 оқу жылына 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысушыларды тіркеу аяқталды.
Астана қаласының жалпы білім беру ұйымдары мен жеке білім беру ұйымдарынан 1744 (1157 қазақша) оқушы, 1481 (1020 қазақша) жоба (263 топтық) тіркелді.
РҒЖК –ға 4 бағыт, 20 секция бойынша қатысады:
1 бағыт:«Ғылыми-техникалық прогресс-экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» – 131 жоба, 56 қазақша, 155 оқушы, 97 қазақша:
1.Физика-78
2.Техника-29
3.Жер және ғарыш туралы ғылым-24
2 бағыт:«Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» – 249 жоба, 154 қазақша, 323 оқушы, 198 қазақша:
1.Математика-87
2.Қолданбалы математика-58
3.Информатика-73
4.Экономика-31
3 бағыт:«Салауатты табиғи орта-«Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» – 307 жоба, 274 қазақша, 366 оқушы, 240 қазақша:
1.Химия-70
2.Биология-98
3.Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы-139
4 бағыт:«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» – 794 жоба, 536 қазақша, 900 оқушы, 588 қазақша:
1.Тарих-129
2.Өлкетану-71
3.Этномәдениеттану-46
4.Тіл білімі-106
5.Языкознание -64/ағылшын-132
6.Адам және қоғам-32
7.Әдебиет-159
8.Литература-54 /ағылшын -1
Астана қаласы бойынша 2021-2022 оқу жылының халықаралық және республикалық олимпиада жүлдегер саны – 41, оның ішінде 39 оқушы жоғарғы оқу орындарына құжат тапсырған. Шетел мемлекеттерінің жоғарғы оқу орнына 14 оқушы (грант-11, ақылы-3: Қытай-2, Корея-4, Ұлыбритания-1, Ресей-1, Австрия-1, Германия-2, Франция-2, АҚШ-1), еліміздің жоғарғы оқу орнына түскендер саны 25 оқушы (грант-20, ақылы-5).
Сонымен қатар оқушыларымыздың 2-і мектепте оқуларын жалғастырып, 31 түлегіміз грант иегері атанып, 8 оқушымыз ақылы бөлімге түсті.
2022 жылдың 19 қыркүйек күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы №93 мектеп-лицейінде 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар V республикалық зияткерлік конкурсының іріктеу кезеңін өткізді. Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 219 оқушыға сұраныс түсіп, 166 оқушы қатысты.
Конкурсқа қатыспаған білім беру мекемелері:
Мектеп-гимназия: №6,14,17,22,26,63,69,77;
Мектеп-лицей: №1,50,53,72,76;
Орта мектеп: №13,16,18,19,20,21,23,25,34,44;
Конкурс 2 кезеңнен тұрады:
- Тест тапсыру (Қазақстан тарихы бойынша).
- Жобаны қорғау
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылар V республикалық зияткерлік конкурсы І кезеңінің қорытындысы бойынша 166 қатысушының 39-ы (23%) ІІ кезеңге жолдама алды.
Конкурстың ІІ кезеңіне өткен оқушылар тізімі:
«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша – 6 оқушы (№№41, 48, 62, 64, 70, 93);
«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша – 6 оқушы (№№3, 4, 38, 73, 90, 81);
«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша – 14 оқушы (№№5, 11, 35, 46, 48, 51, 62, 70, 83, 85, 92, 93, Binom Сарыарка, Binom им.К.Сатпаева);
«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша – 13 оқушы (№№9 «Зерде», 15, 24, 35, 55, 56, 64, 65, 67, №82 «Дарын», 87, 88).
2022 жылдың 19-25 қыркүйек аралығында онлайн форматта информатика пәні бойынша Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы EJOI 2022 өтті. Олимпиадада 32 мемлекеттен 172 оқушы қатысты. Қазақстаннан іріктеуден өткен 8 оқушы қатысып, барлығы жүлдегер атанды. Жүлдегерлер қатарында астаналық оқушыларымыз да бар: Абжами Ерсұлтан, НұрОрда – күміс медаль,
Кигаш Амир, БИЛ – қола медаль.
«Астана дарыны» ДДжПС орталығы Республикалық балалар оқуларының аудандық кезеңін Астана қаласы білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 23 қыркүйек күні №93 мектеп-лицейінде өткізді.
Республикалық балалар оқуларының аудандық кезеңіне 75 білім мекемесінен 215 оқушы қатысты:
Алматы ауданы: 26, Есіл ауданы: 20, Сарыарқа ауданы – 20, Байқоңыр ауданы – (9).
Байқаудың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша:
І орын
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» номинациясы: 4;
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» номинациясы: 2;
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» номинациясы: 2;
ІІ орын
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» номинациясы: 9;
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» номинациясы: 9;
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» номинациясы: 2;
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» номинациясы: 7;
ІІІ орын
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» номинациясы: 10;
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» номинациясы: 6;
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» номинациясы: 8;
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» номинациясы: 9.
Грамота
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» номинациясы: 6;
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» номинациясы: 4;
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» номинациясы: 8;
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» номинациясы: 5.
2022 жылдың 11 қазанында «Астана дарыны» орталығының базасында ағымдағы жылдың қазан айында Колумбияда өтетін Халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасына (IJSO – International Junior Science Olympiad) қатысу үшін іріктеу кезеңі өтті.
Іріктеуге елордалық мектептерден 5 үміткер қатысты:
– Бақтыбай Ғалымжан – дарынды ер балаларға арналған БИЛ,
– Амангелді Дана – «НҰРОРДА» лицейі,
– Тынарбай Әмина – дарынды қыз балаларға арналған БИЛ,
– Тюлюбаев Даниел – №6 гимназия
– Аманғали Ахмет – «NURORDA» лицейі.
Республика бойынша іріктеуге Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының және биология, химия, физика пәндері бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, барлығы 40 оқушы қатысты.
Құрамында 15 жасқа дейінгі 6 оқушыдан тұратын Қазақстан Республикасының құрама командасына №6 гимназияның 8-сынып оқушысы, физика пәнінен республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Тюлюбаев Даниэль IJSO-ға қатысуға түсті.
2022 жылдың 12 қазан күні «Астана дарыны» орталығы 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден XV Президенттік олимпиаданың І (өңірлік) кезеңін өткізді.
Әр қатысушы төрт пәннен (математика, физика, химия, биология) тапсырмалар орындады. Олимпиадаға қала бойынша жалпы білім беру мекемелерінен 91 оқушыдан сұраныс түсіп, 88 оқушы қатысты.
XV Президенттік олимпиадасының І (өңірлік) кезеңінің қорытындысы бойынша 88 қатысушының 20(22,7%) келесі кезеңге жолдама алды.
2022 жылдың 14 қазан күні «Астана дарыны» орталығы №50 мектеп-лицейінде 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар V республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 38 оқушы қатысты.
Конкурсқа қатыспаған білім беру мекемелері:
Конкурс 2 кезеңнен тұрады:
- Тест тапсыру (Қазақстан тарихы бойынша).
- Жобаны қорғау
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылар V республикалық зияткерлік конкурсы қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 38 қатысушының 20-сы (23%)орын алды: І орын – 4, ІІ орын –7, ІІІ орын –9, грамота – 8.
«Астана дарыны» орталығы Республикалық балалар оқуларының қалалық кезеңін Астана қаласы білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 14 қазан күні №50 мектеп-лицейінде өткізді. Республикалық балалар оқуларының қалалық кезеңіне 38 мектептен 64 оқушы қатысты.
Байқаудың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша: І орын – 4, ІІ орын – 12, ІІІ орын – 20, грамота – 18.
№70 МЛ 4 сынып оқушысы Ұлағат Нұрай, №86 МГ 6 сынып оқушысы Нұржігіт Алуа, Ә.Бөкейхан ат. BINOM МЛ 8 сынып оқушысы Ерлан Айгерім, №81 МЛ 10 сынып оқушысы Ерғалиеваға Аделья республикалық кезеңге жолдама алды.
2022 жылы 15-19 қазан аралығында оқушылар арасында білім мен ғылымды дамыту мақсатында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры мамандандырылған және дарынды балаларға арналған мектептердің 10-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан білім олимпиадасы өткізді.
Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде математика, химия, физика, биология, информатика, география пәндері бойынша өтті.
Олимпиадаға «NURORDA» мектеп-лицейі, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, «№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 112.
Оның ішінде жүлделі орындар саны – 70: І орын – 23, ІІ орын – 28, ІІІ орын – 19.
2022 жылдың 17 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» мен С.Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы және С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен қалалық «Сәкен оқулары» өтті.
Мақсаты: С.Сейфуллин шығармашылығын насихаттау, оқушылар арасында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қалалық «Сәкен оқуларына» 74 мектептен 162 оқушы 4 номинация бойынша қатысты.
«Астана дарыны» орталығы 2022 жылдың 12 қазан күні отбасының ата-баба тарихын зерделеу, отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту бағытында балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мақсатында білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушыларына арналған «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» республикалық конкурсының қалалық іріктеу кезеңін өткізді.
Конкурстың қалалық іріктеу кезеңіне 27 білім беру мекемелерінен 31 оқушы қатысты.
Конкурстың қазылар алқасының шешімі бойынша оқушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: І орын -1, ІІ орын-6, ІІІ орын – 7, грамота-7.
2022 жылдың 18 қазан күні «Астана дарыны» орталығы жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық іріктеу кезеңін өткізді.
Қалалық кезеңге 308 сұраныс келіп түсіп, 86 мектептен 283 оқушы қатысты.
Байқау 6 бағытта өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша 125 жүлделі орынға ие болды: Гран При – 6, І орын – 23, ІІ орын – 39, ІІІ орын – 57, грамот – 26.
2022 жылдың 20 қазан күні «Астана дарыны» орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық лингвистикалық олимпиаданың І (аудандық) кезеңін өткізді.
Олимпиада математика мен тілдер (қазақ, орыс, ағылшын тілі) бойынша білімі және логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған оқушылар арасында өткізілді. Олимпиадаға қала бойынша 85 жалпы білім беру мекемелерінен 118 оқушыдан сұраныс түсіп, 111 оқушы қатысты.
Республикалық лингвистикалық олимпиаданың І (аудандық) кезеңінің қорытындысы бойынша 111 қатысушының 43 келесі кезеңге жолдама алды.
2022 жылдың 28 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №93 мектеп-лицейінде республикалық Әбіш оқуларының қалалық кезеңін өткізді. Оқуларға 57 мектептен 106 оқушы және 9 команда қатысты.
4 номинация бойынша өткен оқулардың қорытындысы төмендегідей:
Жалпы жүлдегерлер саны: І орын – 4, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 29.
Әбіш оқуларының республикалық кезеңіне №16 ОМ 8 сынып оқушысы Умарова Сабина, №58 МГ 9 сынып оқушысы Ахмадиева Айзере, №38 МЛ 9 сынып оқушысы Слямова Назия және №87 мектеп-гимназиясы мен №66 мектеп-лицейі командалары жолдама алды.
Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 30 қазан күні онлайн форматта Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың іріктеу кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау.
Астана қаласынан қатысқан 11 команда (33 оқушы):
– Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (3 команда);
– NURORDA мектеп лицейі (2 команда);
– №76 мектеп-лицейі;
– №54 мектеп-лицейі;
– №64 мектеп-лицейі;
– №3 мектеп-гимназиясы;
– №38 мектеп-лицейі;
– Skillset school.
Олимпиаданың қортынды кезеңі 2022 жылдың желтоқан айында өткізіледі.
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың қыркүйек айының 15-і мен қазан айының 26-сы аралығында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының іріктеу кезеңіне өнерпаздардың бейнематериалын тіркеу жүргізілді.
Өнер байқауының іріктеу кезеңіне 67 мектепке дейінгі білім беру мекемесінен 3-4 жас пен 5-6 жас ерекшелігіне қарай «Вокал», «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша 148 тәрбиеленушінің бейнематериалы қабылданды.
Қазылар алқасы іріктеу кезеңінің отырысын 2022 жылдың 1 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында өткізді.
Байқау Ережесіне сәйкес жас ерекшелігіне қарай «Вокал», «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша бүлдіршіндердің 148 өнер шығармасы бейнетаспадан қаралып, жинаған ұпай санымен байқаудың қалалық кезеңіне тәрбиеленушелердің 34 (23 %) өнер шығармасы жолдама алды.
2022 жылдың 2-3 қараша күндері «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ-ның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Астана қаласы Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында Республикалық балалар оқулары өтті.
Балалар оқуларының республикалық кезеңіне Астана қаласы атынан қалалық кезеңде жеңімпаз атанған 4 оқушы қатысып, нәтижесінде:
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар оқу бойынша №70 МЛ 4 сынып оқушысы Ұлағат Нұрай (жетекшісі Махулбекова Жадыра Оразалиевна) – ІІІ орын;
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар оқу бойынша №86 МГ 6 сынып оқушысы Нұржігіт Алуа (жетекшісі Байтугулова Кульбаршин Калидуаевна) – ІІІ орын;
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар бойынша Ә.Бөкейхан ат. BINOM МЛ 8 сынып оқушысы Ерлан Айгерім – ІІІ орын;
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар оқу бойынша №81 МЛ 10 сынып оқушысы Ерғалиева Аделья алғыс хат иеленді.
2022 жылдың 3-5 қараша күндері аралығында Тараз қаласында «Менің кіші Отаным» V республикалық зияткерлік конкурсының ақтық кезеңі өтті. Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 4 оқушы қатысып:
«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша:
№92 мектеп -лицейінің 10 – сынып оқушысы Шакирова Диана – І орын;
«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша:
№64 мектеп -лицейінің 10-сынып оқушысы Сәдібек Кәусәр – ІІ орын;
«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша:
№38 мектеп -лицейінің 9-сынып оқушысы Өтеген Әділсұлтан- ІІІ орын;
«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша:
№82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Көпбай Гүлжазира -ІІІ орын иеленді.
2022 жылдың 3-5 қараша күндері аралығында Қарағанды қаласында VІІ Халықаралық «RoboLand 2022» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті. Астана қаласынан жалпы 20 командақатысып:
Шығармашылық категориясы 15-18 жас аралығы бойынша «Alterra» командасы №9 «Зерде» (Бусурманов Еркебулан, Тусупбекова Жадыра, Данил Еркежан) – І орын;
Лабиринт категориясы 11-16 жас аралығы бойынша «FanRobotics 2» командасы Техникалық шығармашылық орталығы (Утубаев Алдияр, Боранбай Альтамир – №68 МГ) – І орын;
Лабиринт категориясы 11-16 жас аралығы бойынша «FanRobotics 3» командасы №68 МГ (Рысбек Мейрамбек, Есенғали Диас) – ІІ орын;
Лабиринт категориясы 8-10 жас аралығы бойынша «Астана_38» командасы №38 МЛ (Камалов Шахназар, Камалов Бекмұхан) – ІІІ орын;
Лабиринт категориясы 11-16 жас аралығы бойынша «Winners» командасы «Quantum STEM school» (Сеилхан Алдияр, Қажығали Әмір) – ІV орын;
Лабиринт категориясы 8-10 жас аралығы бойынша «4G»командасы Quantum STEM school (Кунанбаева Айя, Кабдушев Султан) – V орын.
2022 жылдың 10 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық лингвистикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңін №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде өткізді.
Республикалық лингвистикалық олимпиаданың І (аудандық) кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпайға ие болған 37 жалпы білім беру мекемелерінің 43 оқушысы қатысты.
Олимпиаданың ІІ (қалалық)кезеңі бойынша нәтижелер көрсеткіші төмендегідей:
І орын: 2 (№5, БИЛ қыз);
ІІ орын: 6 (№9,№ 47, БИЛұл, БИЛқыз, BINOM А.Байтұрсынұлы, «Столичная» Садвакасова Х.Ж);
ІІІ орын: 12 (№№3, 31, 30, 68, 59, 60, 46, Экономикалық лицей, БИЛұл, БИЛқыз, Quantum STEM School);
Грамота: 9 (№№53, 71, 27, 60, 11, 85, 3, 35, 82).
2022 жылдың 10-12 қараша күндері Ақтау қаласында республикалық Әбіш оқулары өтті.
Әбіш оқуларының республикалық кезеңінде елорданың атынан №16 ОМ 8 сынып оқушысы Умарова Сабина, №58 МГ 9 сынып оқушысы Ахмадиева Айзере, №38 МЛ 9 сынып оқушысы Слямова Назия және №87 мектеп-гимназиясы мен №66 мектеп-лицейінің командалары қатысты.
Конкурстың нәтижесі бойынша сахналық қойылым секциясында қатысқан №66 мектеп-лицейінің командасы жүлделі ІІІ орын иеленді.
2022 жылдың 11 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен Ы. Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы бірлесіп ағымдағы жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес қазақтың ағартушылық тарихы мен ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған Ы.Алтынсариннің туған күніне орай 8-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында қалалық «Ұлы Дала қоңырауы» байқауын өткізді.
Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 83 оқушы, 37 мұғалім қатысты. Оқушылар арасында 33 оқушы жүлделі орындарға ие болды: 1 орын – 2, 2 орын – 12, 3 орын – 19 және грамота – 5.
Мұғалімдер арасында 15 адам жүлделі орындарға ие болды: 2 орын – 4, 3 орын – 11 және сертификат – 6.
2022 жылдың 12 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңін №60 мектеп-лицейінде өткізді.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 1438 (5-сыныптардан – 725, 6-сыныптардан – 713) оқушы қатысты.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 558 оқушы (5-сыныптан – 269, 6-сыныптан – 289) іріктеліп қалалық кезеңге жолдама алды.
І орын – 91 (5-сынып – 49, 6-сынып – 42);
ІІ орын – 193 (5-сынып – 90, 6-сынып – 103);
ІІІ орын: 274 (5-сынып – 130, 6-сынып – 144);
Грамота: 232 (5-сынып – 109, 6-сынып – 123).
2022 жылдың 12 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңін №60 мектеп-лицейінде өткізді.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 1438 (5-сыныптардан – 725, 6-сыныптардан – 713) оқушы қатысты.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 558 оқушы (5-сыныптан – 269, 6-сыныптан – 289) іріктеліп қалалық кезеңге жолдама алды.
І орын – 91 (5-сынып – 49, 6-сынып – 42);
ІІ орын – 193 (5-сынып – 90, 6-сынып – 103);
ІІІ орын: 274 (5-сынып – 130, 6-сынып – 144);
Грамота: 232 (5-сынып – 109, 6-сынып – 123).
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық «АЛТЫН САҚА» олимпиадасының аудандық кезеңі қаламыздың төрт ауданы бойынша іріктеліп, 18 қарашада төмендегі мектептерде онлайн форматта өткізілді:
№68 мектеп-гимназиясы -Сарыарқа және Байқоңыр аудандары;
№76 мектеп-лицейі- Есіл ауданы;
№87 мектеп-гимназиясы- Алматы және Байқоңыр аудандары.
Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп аудандықкезеңге жолдама алған 659 оқушыдан,151 оқушы (5-сынып-77 оқушы;6- сынып-74 оқушы) қалалық кезеңге өтті.
Олимпиада есептерін шығару оқушылардан терең ізденуді, терең ойлануды, еңбекқорлықты, шыдамдылықты талап етеді және соған дағдыландырады.
Оқушылар тест жұмысы, бос орынды толықтыру, шешу, есептеу бойынша білімдерін сынады.
Қазылар алқасының шешімімен үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға ынталандыру мақсатында дипломдар, грамоталар мен ақшалай сыйлықтар тағайындалады. Олимпиаданың аудандық кезеңінің нәтижесі төмендегідей:
5 сынып – 77 жүлделі орын, оңың ішінде: І орын – 22, ІІ орын – 55:
Есіл: І орын – 8, ІІ орын – 20;
Алматы: І орын – 6, ІІ орын – 15;
Байқоныр: І орын – 4, ІІ орын – 5;
Сарыарқа: І орын – 4, ІІ орын – 15.
6 класс – 74 жүлделі орын, оңың ішінде: І орын – 26, ІІ орын – 48:
Есіл: І орын – 5, ІІ орын – 15;
Алматы: І орын – 10, ІІ орын – 13;
Байқоныр: І орын – 5, ІІ орын – 5;
Сарыарқа: І орын – 6, ІІ орын – 15.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы 2022 жылдың 18 қараша күні №33 «Алтын дән» балабақшасында өтті.
Өнер байқауының қалалық кезеңінде «Вокал» жеке/топтық орындау, «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша іріктеуден өткен 34 өнер шығармасы 176 тәрбиеленушінің қатысуымен қазылар алқасы назарына ұсынылды.
Қалалық кезеңге қатысқан 24 (№№27,28,33,44,65,71,32,53,45, 70,5,81,24,34, 38,50,73,64,92,3,30,41,2,69) балабақша арасында №27 «Балауса» және №65 «Бал бала» балабақшалары үш номинация бойынша №№45,73,70,32,33 балабақшалары екі номинация бойынша өнер көрсетті.
Қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Бас жүлде – 5, І орын – 7, ІІ орын – 11, ІІІ орын – 11.
2022 жылдың 23 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы №52 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, I қалалық «Бейімбетті білмек парыз» атты Б.Майлин оқуларын өтті. Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 151 оқушы қатысты.
I қалалық «Бейімбетті білмек парыз» атты Б.Майлин оқулары қорытындысы бойынша 3 номинация бойынша 151 қатысушының 60 (40%) орын алды: Бас жүлде – 3, І орын – 14, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 28.
2022 жылдың 24-25 қараша күндері елордада Astana IT университетінің базасында 8-11 сынып оқушыларының «STEM Олимпиада – білім берудегі инновация» халықаралық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының дарынды оқушыларының зерттеу әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.
Олимпиадаға алдын ала іріктеуден өткен Қазақстанның өңірлері мен қалаларының 180 мектебінен 250 команда – 516 оқушы, бірінші рет Ресей, Өзбекстаннан келген оқушылармен қатар Астана қаласының 43 мектебінен 92 команда – 175 оқушы қатысты.
Қатысушылар 3 бағыт бойынша сайысты: «Үй тапсырмасын»; Инженерлік робототехника, Бағдарламалау және 3D модельдеу.
Екі күнге созылған Олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласының келесі командалары жүлдегер атанды:
№16 ОМ, «TANKUR.AI» командасы – Ефимов Владимир, Халилов Нариман;
№ 38 МЛ, «БЕРКУТ» командасы – Нагуманов Азамат, Бекбатчаев Арсен;
№ 38 МЛ, «VENOM» командасы – Газизулы Туран-Яхия, Арыстан Бекзат;
№ 59 МЛ, «UNITY» командасы – Канат Адильбек, Жаркенова Толкын;
№ 4 МГ, «SERIOUS TEAM» командасы – Аманбеков Елнур, Аскар Алдияр;
№1 МЛ,«GOLD EXPERIENCE» командасы – Корчагин Олег, Гуцалов Артем.
2022 жылдың 26 қарашасында №54 мектеп-лицейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының II (қалалық) кезеңі өтті.
Байқаудың басты мақсаты – дарынды жастардың ғылымға, техникаға қызығушылығын арттыру, ой еңбегінің беделін арттыру, Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру.
Байқау 4 бағыт, 20 секция бойынша өтті.
1 бағыт: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде». Секциялар: физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым.
2-бағыт: «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу». Секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика.
3 бағыт: «Салауатты табиғи орта – Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың негізі». Секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.
4-бағыт: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалық туристік маршруттар». Секциялар: тарих, Адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет (қазақ, орыс), тіл білімі (қазақ, орыс, ағылшын).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалардың ІІ (қалалық) кезеңіне 71 оқу орнынан 488 жобамен 588 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 295 жобамен 354 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде: 1 орын – 36 жобамен 45 оқушы, 2 орын – 87 жобамен 103 оқушы, 3 орын – 173 жобамен 207 оқушы, грамота – 95 жобамен 112 оқушы.
«Ақберенде» оза шапқан астаналық дарындар 2022 жылдың 28-30 қараша күндері «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық «Ақберен» өнер байқауы Астана қаласында салтанат құрып, шын дарындыларды анықтады.
8-11 сыныптар арасындағы шығармашыл оқушылардың дарыны мен қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашатын өнер байқауы 6 номинация бойынша өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Астана қаласының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.
- «Шешендік өнер, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша №86 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Айқын Құндыз ІІ орын;
- «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша №87 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Құлажан Қарақат ІІ орын;
- «Эссе жазу» номинациясы бойынша №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Иманғазықызы Ақмаңдай ІІ орын;
- «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша №87 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Мисалбек Назар арнайы диплом;
- «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша №92 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Толипбеков Ерасыл алғыс хат иеленді.
Командалық есепте елордалық команда «үздік» деп танылып, І орынға ие болды.
2022 жылдың 30 қараша мен 2 желтоқсан күндері аралығында Қарағанды қаласында математика, физика, химия, биология пәндері бойынша 11-сынып оқушыларына арналған Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Астана қаласы білім беру мекемелерінен қалалық кезеңі рейтингісі бойынша жоғары ұпай жинаған 11 оқушы қатысты.
Елордалық оқушылардың Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысу нәтижесі:
І дәрежелі диплом мен КБТУ оқу орнының білім грантын жеңіп алған «Экономикалық лицейі» оқушысы Ким Анастасия Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі бойынша абсолютті жеңімпаз атанды.
ІІ дәрежелі диплом мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім грантын №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушысы Ергешбек Жасұлан иеленді.
Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Лұқман Әділет пен №16 орта мектебінің оқушысы Серимбетова Нұркелді ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.
2022 жылдың 30 қараша мен 2 желтоқсан күндері аралығында Қарағанды қаласында математика, физика, химия, биология пәндері бойынша 11-сынып оқушыларына арналған Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Астана қаласы білім беру мекемелерінен қалалық кезеңі рейтингісі бойынша жоғары ұпай жинаған 11 оқушы қатысты.
Елордалық оқушылардың Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысу нәтижесі:
І дәрежелі диплом мен КБТУ оқу орнының білім грантын жеңіп алған «Экономикалық лицейі» оқушысы Ким Анастасия Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі бойынша абсолютті жеңімпаз атанды.
ІІ дәрежелі диплом мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім грантын №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушысы Ергешбек Жасұлан иеленді.
Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Лұқман Әділет пен №16 орта мектебінің оқушысы Серимбетова Нұркелді ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.
2022 жылдың 1 желтоқсан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі бірлесіп, ағымдағы жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес 5-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Алаштың ақсұңқары» І аймақтық Ақселеу оқулары өтті.
Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 117 оқушы және 36 команда қатысты. Оқушылар арасында – 45 орын, 38% (І орын – 8, ІІ орын – 17, ІІІ орын – 20, грамота – 24). Мектеп оқушылары арасында командалық қойылым – 17 орын, 44% (І орын – 3, ІІ орын -5, ІІІ орын-9.
2-12 желтоқсанда Богота қаласында (Колумбия) Халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасы (IJSO – International Junior Science Olympiad) өтті.
Қола медальді Колумбиядан елордалық №6 гимназияның 9-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев әкелді, ол Халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасының (IJSO – International Junior Science Olympiad) іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамына өткен болатын.
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық «АЛТЫН САҚА» олимпиадасының қалалық кезеңі ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында №73 мектеп-лицейінде форматта өтті.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 151 оқушы (5-сынып-77 оқушы;6- сынып-74 оқушы) қалалық кезеңге қатысты.
Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 90 оқушы (5-сынып – 46 оқушы; 6-сынып – 44 оқушы) қазылар алқасының шешімімен үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға ынталандыру мақсатында дипломдар, грамоталар мен ақшалай сыйлықтар тағайындалады.
Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 30 қазан күні Қазақ-Британ техникалық университет базасында онлайн форматта Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау.
Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың қорытынды кезеңіне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 50-ден астам команда, оның ішінде дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатынан 3 топ және «NURORDA» мектеп-лицейінен 1 топ, жалпы елордамыздан 4 команда қатысты.
Олимпиаданың нәтижесі I және III дәрежелі дипломдармен (алтын медаль және қола медаль) дарынды ер балаларға арналған «Білім–инновация» лицей-интернатының командалары және II дәрежелі дипломмен (күміс медаль) «NURORDA» мектеп-лицейінің командасы марапатталды.
«Астана дарыны» орталығының 2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес №8 мектеп лицейі базасында «Роботек» робототехника мектебімен бірлесе отырып, желтоқсан айының 10-11 күндері робототехникадан республикалық «Robotek Grand Tournament – 2023» қалалық іріктеу чемпионатының Эстафета (10-17 жас), Робо-сумо (9-12 жас), Кегельринг-квадро (10-14 жас), Сызық бойымен жарыс (14-17 жас) номинациялары бойынша өткізді.
Чемпионатқа 53 мемлекеттік мектеп, 6 жекеменшік мектеп, робототехника бойынша 8 жекеменшік үйірме, Оқушылар сарайы, НЗМ-нен 187 команда тіркелген.
10-11 желтоқсан күндері өткен Чемпионаттың 4 номинациясы бойынша қатысқан 91 команданың нәтижесі: 1-орын – 4 команда, 2-орын – 3 команда, 3-орын – 3 команда.
18 желтоқсан күні Биатлон — кіші санат (10-14 жас), Биатлон — жоғары санат (14-17жас), Лабиринт (14-17 жас) номинацияларын өткізілді.
Чемпионатқа 53 мемлекеттік мектеп, 6 жекеменшік мектеп, робототехника бойынша 8 жекеменшік үйірме, Оқушылар сарайы, НЗМ-нен 187 командадан өтініштер түскен.
18 желтоқсан күні өткен Чемпионаттың 3 номинациясы бойынша қатысқан 37 команданың нәтижесі: 1-орын – 3 команда, 2-орын – 3 команда, 3-орын – 3 команда.
Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы информатика пәні мұғалімдеріне арналған 3D модельдеу және Arduino бойынша робототехника курсының аясында 2022 жылы 12 желтоқсанда оқушылардың жобалық робототехника саласына қызығыушылықтарын арттыру: теориялық, практикалық білім және 3D модельдеу, бағдарламалау және электроникадан дағдыларын қалыптастыру мақсатында, «MakerSpace Hardware Projects» робототехника ғылыми-техникалық жобалар конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) «Chevron» компаниясының қолдауымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізді.
Қысқа мерзімді курс үш кезеңде өтті:
1. Информатика мұғалімдеріне арналған оқу-жаттығу жиындары (15 сағ.);
2. Оқушылармен оқу-тәжірибелік сабақтар (21 сағ.);
3. ОЖЖ қатысушы мұғалімдердің тәрбиеленуші оқушылары арасында конкурс (Конкурс Ережесіне сай).
Курсқа Arduino және 3D модельдеу бойынша базалық білімі бар астаналық 13 мектептің 20 информатика мұғалімі қатысты.
«Makerspace Hardware Projects» робототехника ғылыми-техникалық жобалар конкурсына»13 елордалық мектептерден 34 оқушы мен 18 мұғалім қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша: І орын-2; ІІ орын-2; ІІІ орын-3; грамота- 1.
Елордалық үздіктер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өткізген республикалық «Жыл оқушысы» байқауына қатысты.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың білім деңгейін арттыру, оларды білімнің әр түрлі салаларында дербес ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмысқа тарту, тұлғалық қабілеттерінің жаңа деңгейін қалыптастыру.
Еліміздің үздіктері бақ сынайтын байқауда №4 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Маратова Тамирис, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 7-сынып оқушысы Оразбек Томирис және №87 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Арғынбаева Ұлпан білім мен өнердегі қабілеттерін танытып, елорданың намысын қорғады.
Жылдың үздік оқушысы анықталатын білім мен өнер додасының қорытындысы бойынша астаналық оқушылары Алғыс хаттармен марапатталды.
2022 жылдың 21 желтоқсан күні 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиадасының (қазақ тілі және әдебиеті,орыс тілі және әдебиеті, ағылшын, Қазақстан тарихы, математика, қазақ сыныбындағы орыс тілі,орыс сыныбындағы қазақ тілі және жаратылыстану) қалалық кезеңі өтті.
Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен аудандық кезеңнен өткен барлығы 537 (5 сыныптардан – 258, 6 сыныптардан -279) оқушы қалалық кезеңге қатысты. Олимпиада онлайн форматта Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде өтті.
Олимпиаданың нәтижесі:
5-сынып бойынша І орын-15;ІІ орын-37; ІІІ орын-54,грамота-37
5-сынып бойынша 258 оқушы қатысып, 41 пайызы І,ІІ,ІІІ орынды иеленді.
6-сынып бойынша І орын-20; ІІ орын-47; ІІІ орын-62,грамота-48.
6-сынып бойынша 279 оқушы қатысып, 46,2 пайызы І,ІІ,ІІІ орынды иеленді.
Ағымдағы жылдың 21-22 желтоқсанында «Almaty Arena» мұз сарайының алаңында (Алматы қ.) «Techcup-2022» Алматы қаласы әкімінің кубогына робототехника және инновациялық технологиялар бойынша VII ашық чемпионат өтті.
Чемпионатқа республиканың түкпір-түкпірінен келген 7 мен 22 жас аралығындағы 1353 оқушы, 704 команда қатысып, «Инженерлік жоба», «Бағдарламалық қамтамасыз ету жобасы», «IT саласындағы бизнес», «3D модельдеу», «3D графикасы», робот жарыстары және т.б. – барлығы 12 номинация бойынша сайысқа түсті.
Астана қаласынан 25 команда қатысты: №38 МЛ – 6 ; №40 МЛ – 3, №58 МГ – 5; №61 ОМ – 1; №73 МЛ – 1; №88 МЛ – 1; А. Бөкейхан ат. Binom School-1; Экономикалық лицей – 2; «SkillSet» мектебі – 2; «Milestone» мектебі – 2; Ulttyq Business & Engineering School – 1.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Грант – Қ.И.Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық зерттеу университетінде оқу Экономикалық лицейдің 10 – сынып оқушысы Анна Кошман (ҚазҰЗУ-дағы оқу құны-жылына 1 000 000 теңге);
I орын және I дәрежелі диплом «ІТ-дегі бизнес жобасы» номинациясы бойынша Skillset School- дан Ермұхаметов Джалил;
II орын және ІІ дәрежелі диплом «Бағдарламалық жоба. Чат боттарын немесе ойындарын әзірлеу» номинациясы бойынша SkillSetSchool-дан Ермухаметов Джалил және Ермухаметов Амирали иеленді.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, білім берудегі робототехниканы дәріптеу, роботтарды құрастыру және бағдарламалау, оқушылардың инженерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында 5-9 сыныптар арасында робототехникадан «Fan Robotics – 2022» қалалық жарысы 2022 жылдың 24 желтоқсан күні «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» КММ-нің базасында өтті.
Роботтар сайысына барлығы 60 команда келесі категориялар бойынша қатысты:
- «Лабиринт» – 10 команда;
- «Сызық бойымен жүру» – 18 команда;
- «Бағдаршам» – 14 команда;
- «Сумо 10х10» – 14 команда.
Чемпионат нәтижесі бойынша, төрешілердің шешімімен: 1-орын – 4 (№1 МЛ, №41 ОМ, №60 МЛ); 2-орын – 7 (№16 ОМ, №38 МЛ, №50 МЛ, №68 МГ-2, №83 МГ, №88 МЛ); 3-орын – 11 (№35 МЛ, №71 МЛ-3, №80 МГ, №82 «Дарын» МЛ, №89 МЛ, Ы.Алтынсарин ат.Binom, А.Байтұрсынов ат. Binom, Smart technological school) команда иеленіп, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
2022 жылдың 26 желтоқсан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №64 мектеп-лицейі базасында 2-4 сынып оқушылары арасында «Әдебиет әліппесі» ІІ қалалық оқулары өтті.
Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 317 оқушы қатысты.
Орын саны – 133 орын, 42% (І орын -23, ІІ орын – 42, ІІІ орын-68, грамота -52).
2022 жылдың 24 желтоқсан күні «Астана дарыны» орталығы мен Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп- гимназиясымен бірлесіп, ағымдағы жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізді.
Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 113 оқушы қатысты. Орын саны – 51, 45% (І орын -10, ІІ орын – 15, ІІІ орын-26, грамота -19).
24-28 желтоқсан күндері аралығында «Дарынды ер балаларға арналаған БИЛ» мектеп-лицей базасында «Астана дарыны» орталығы ұйымдастырған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша (математика, физика, химия, биология, география, информатика) оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) өткізілді.
Жаттығуларға 130 республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері күрделілігі әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды орындап, сараптама жасады және олардың шешімін табудың жаңа тәсілдерімен танысты.
Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың барлық деңгейіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерін сапалы даярлауды қамтамасыз ету және қолдау. Пәндік білімге ерекше қызығушылық мен қабілет танытқан оқушылардың арасынан олимпиадалық резерв дайындау.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ
Педагогикалық шеберлік бөлімі елордалық мұғалімдер қауымының әлеуетті мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін анықтау арқылы білім сапасын арттырып, педагогтердің озық тәжірибелерін насихаттап, ұстаз мәртебесін көтеру бағытында жұмыс жүргізуде.
Бөлімінің мақсаты жаңашыл педагогтердің әлеуетті мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін анықтау, дамыту және іске асырудың заманауи жүйесін құру.
Басты міндеттері:
- елордалық мектептердің олимпиадалық резервіндегі дарынды оқушылармен педагогтер жұмысын ұйымдастыру;
- мектеп педагогтеріне арналған ғылыми-әдістемелік семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
- жаңашыл педагогтерді, инновациялық білім беру ұйымдарын қолдау және насихаттау;
- жаңа білім беру бағдарламалардың тиімді әдістемелерін, дарынды балалармен жұмыс технологияларын апробациясын сүйемелдеу;
- елордалық білім беру мекемелерінің білім сапасын арттыруға мүдделі кәсіби қауымдастықтар құру.
Педагогикалық шеберлік бөлімі 2022 жылғы жұмыс жоспарын іске асыру барысында 3254 мұғалім мен оқушыны қамтыды (1305 педагогтер, 1949 оқушы).
«Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» оқу-әдістемелік семинары және семинар аясында өткен «Алтын тұғыр» олимпиадасы
Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерін математика пәнінен олимпиадаға дайындаудың ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық аспектілеріне оқыту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру. Аудандық, республикалық олимпиада тапсырмаларының шешу тәсілдерін және мектеп бағдарламасының күрделі логикалық есептерін талқылау.
2022 жылдың қаңтар айының 5-6 күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасына 6 елордалық мектептерден 10 мұғалім қатысып, Білім және ғылым министірлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының диплом, грамоталарымен марапатталды (І орын- 1, ІІ орын-4, ІІІ орын -2, грамота – 3).
Информатика пәні мұғалімдері қауымдастығының отырысы
2022 жылдың 18 қаңтарында олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру мақсатында онлайн форматта информатика пәні мұғалімдері қауымдастығының отырысын өткізді. Отырысқа Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Шаниев Е. Б., «Ed-light Аcademy» информатика пәні бойынша жаттықтырушы маманы Тулегенов Максат Касымович және информатика пәнінен оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардан жоғары нәтиже көрсетіп, қауымдастық құрамына енген ұстаздар қатысты.
Отырысқа қатысушылар тарапынан оқушыларды қалалық, республикалық деңгейдегі олимпиадаларға дайындау мақсатында ұтымды ұсыныстар түсті:
– соңғы 5 жылдық олимпиада материалдарымен жұмыс жасау;
– олимпиада кезеңдерінен соң оқушылармен бірлесіп, талдау жасап, осал тұстарымен жұмыс жүргізу;
– олимпиадаға қатысушыларға көмек көрсету мақсатында бағдарламалар әзірлеп, сол бағытта мұғалімдер қауымы және оқушылармен жұмыс жүргізу.
«Педагогикалық идеялар фестивалі»
республикалық конкурсының қалалық кезеңі
Мақсаты: Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын, кәсіби өсуін ынталандыру, оң имиджін қалыптастыру және мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеп, тарату.
2022 жылдың 11 ақпанында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Конкурсқа елордалық 38 білім беру мекемелерінен 97 сұраныс түсіп, сараптама кезеңінен өткен 25 мектептің 67 педагогі (директорларының дарынды балалармен жұмыс жасайтын орынбасарлары, білім беру ұйымдарының педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, психологтері мен логопедтері) конкурстың қалалық қортынды кезеңіне қатысты.
Нәтижесінде: І орын-8, ІІ орын-10, ІІІ орын -15, грамота-20 иеленген қатысушылар «Астана дарыны» ДДжПСО диплом, грамоталарымен марапатталды.
«Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы
Мақсаты: Педагогтердің қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру, білім беру саласындағы басқару теориясы мен практикасының жаңа бағыттарын анықтау және зерделеу, білім беру жүйесін дамытуға және оқыту мен тәрбиелеу процесіне тиімді әсер ететін инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдау.
2022 жылдың 1-2 наурыз күндері Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық шеберлігін арттыруға деген ұмтылысы бар педагогтер үшін өткізген «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына қалалық кезеңнің жеңімпаздары төмендегі бағыттар бойынша қатысты:
2- бағыт бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім;
3- бағыт психологиялық қызмет (әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану, қосымша білім беру, тәрбие жұмысы және сабақтан тыс уақытта);
4- бағыт ғылыми-жаратылыстану (химия, биология, география экология);
6-бағыт қоғамдық-гуманитарлық бағыт (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті);
7-бағыт қоғамдық- гуманитарлық (тарих, құқық, экономика). Нәтижесінде І орын – 3, ІІІ орын – 1 иеленіп, 1-грамотамен марапатталды.
«Үздік жыл психологі» конкурсы
Мақсаты: педагог-психологтерді қолдау, олардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерінің өсуіне ықпал ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологтердің озық тәжірибелерін насихаттау және тарату.
2022 жылдың 1- 2 наурыз күндері Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өткізген «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсына елордалық білім беру мекемелерінің психологтары 3 жылға дейін, 3-7 жылға дейін және 7-жылдан жоғары сатылары бойынша қатысып, нәтижесінде 1-і ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, 1- і «Үздік креативті психолог» номинациясын иеленді. (2020-2021 оқу жылы 5 педагог-психологтің жұмыстары ұсынылып, ІІ-1, ІІІ-2, грамота – 2, 2019 – 2020 оқу жылы 6 психолог қатысып, 2 – ІІ, 2 – ІІІ дипломдармен және 2 – грамотамен марапатталды).
7-8 сынып оқушыларының география пәнінен
I Ұлттық олимпиадасы
Ауқымды да, жүйелі жұмыс нәтижесінде география пәні қауымдастығы 7-8 сынып оқушылары арасында география пәні бойынша І Ұлттық олимпиаданың ережесін бекітіп, 2022 жылғы 2 науырызында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясы бірлесе отырып 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен I Ұлттық Олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың географиялық білім дағдыларының және географиялық зерттеулерге белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне I Ұлттық олимпиаданың және Жасөспірімдер олимпиадасының (квотадан тыс) аудандық кезеңдері жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған 54 білім беру мекемелерінен (I, II және III дәрежелі диплом иегерлері) 98 оқушы қатысты.
Олимпиада нәтижесі (І орын – 7; ІІ орын – 11; ІІІ орын – 16; Грамота -15) бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «National Geographic Qazaqstan» журналының I, II және III дәрежелі дипломдары мен медалдары, грамоталары және «National Geographic Qazaqstan» журналының арнайы дайындаған сыйлықтары тапсырылды.
7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен I Ұлттық Олимпиадасы аясында география пәні мұғалімдерімен семинар өтті.
Семинар мақсаты – Елордалық білім беру ұйымдарының олимпиадаға дайындық сапасын арттыру.
Семинарға білім беру мекемелерінен 65 география пәнінің мұғалімдері қатысты.
«Информатика олимпиадасы: мәселе немесе мүмкіндік?» семинары
Информатика пәні мұғалімдері қауымдастығының ұсынысы бойынша, 2022 жылдың 11 науырыз күні «Астана дарыны» ДДжПСО мен «Digital Education Technologies» ЖШС бірлесе отырып, №60 мектеп-лицейінде 7-8 сынып оқушыларына арналған Жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі аясында информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Информатика олимпиадасы: мәселе немесе мүмкіндік?» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар мақсаты – елордалық білім беру ұйымдарының информатика пәнінен олимпиадаға дайындық сапасын арттыру.
Семинарға қала бойынша 73 білім беру мекемелерінен 87 информатика пәнінің мұғалімдері қатысып, орталықтың сертификаты табысталды.
«Математикалық регата» республикалық олимпиадасы
2022 жылдың 29-30 наурыз күндері Атрау қаласында өткен математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасына елордалық 4 мектептен 4 мұғалімнен құралған «Астана аксиомасы» командасы қатысты.
Конкурстың мақсаты – педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын, қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру.
Олимпиада төрт кезеңнен, әр кезең үш (бірінші тапсырма математикалық анализ, алгебра, екінші тапсырма геометрия, үшінші тапсырма логикалық, комбинаторлық, «сандық») тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрды.
9-11 сынып оқушыларына арналған ІІ қалалық
«…Бір ғалымды көрсеңіз» атты Абай ғылыми жобалар конкурсы
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 2022 жылғы сәуір айының 9-ы күні 9-11сынып оқушыларына арналған ІІ қалалық «… Бір ғалымды көрсеңіз» атты Абай ғылыми жоба конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты – Абайдың мұрасын зерттеу арқылы бүгінгі жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
Конкурсқа қатысушы 51 оқушы екі бағыт бойынша жобаларын қорғап, төмендегідей жетістікке қол жеткізді:
Тілтану бағыты бойынша: І орын-1, ІІ орын -2, ІІІ орын -1, грамота -2; Әдебиеттану бағыты бойынша: І орын-3, ІІ орын-8, ІІІ орын- 10, грамота- 6.
3-4 сынып оқушыларының математикадан
қалалық «Алтын сақа» олимпиадасы
2022 жылдың 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №70 мектеп-лицейінде республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рəсімі өтті.
Олимпиаданың мақсаты: Оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыдан ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру.
2021-2022 оқу жылының жоспарына сəйкес, ақпан айында 3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Оған Нұр-Сұлтан қаласының 104 мектебінен 6307 оқушы қатысты.
Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нəтиже көрсеткен 436 оқушы қалалық кезеңде сайықа түсті. Нәтижесінде 68-і озып шығып 3 – сыныптан 32 оқушы, 4 – сыныптан 36 жеңімпаз атанды: І орын – 8, ІІ орын – 19, ІІІ орын – 41, грамота – 28.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Астана дарыны» ДДжПС орталығының дипломдары және «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының ақшалай силықтары (І орын 10000 тг., ІІ орын 5000 тг, ІІІ орын 3000тг.) табысталды.
Дарынды балаларға-талантты ұстаз»
республикалық педагогикалық олимпиадасы
Мақсаты: Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
2022 жылдың 13 сәуір күні жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Дарынды балаға-талантты ұстаз»республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық қортынды кезеңі өтті.
Олимпиаданың қалалық қортынды кезеңіне іріктеу кезеңінен өткен 40 білім беру мекемелерінен 34 педагогтер (жас педагогтер, психологтер мен тәлімгерлер, педагог-ұйымдастырушылар, магистранттар) мен 9-11 сынып оқушыларынан құралған 15 команда (90 оқушы) қатысты. Олимпиада қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: І – 5, ІІ – 7, ІІІ – 9, грамота -15.
3-5 сынып оқушылары арасында өткен қалалық
«Scratch – бағдарламалау» зияткерлік- шығармашылық байқауы
Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылдың 14 сәуірінде №59 мектеп-лицейімен бірлесе отырып 3-5 сынып оқушыларына арналған «Scratch – бағдарламалау» зияткерлік-шығармашылық байқауын өткізді.
Байқау мақсаты – балалардың зияткерлік-шығармашылық бастамаларын дамыту, «Sсratch-бағдарламалау» саласында өз идеяларын іс жүзінде жүзеге асыру үшін білім алушыларға жағдай жасау.
Байқауға мектептерден екі оқушыдан тұратын 100 команда (әр сыныптан 2 оқушыдан) 189 оқушы қатысты. Нәтижесінде І дәрежелі дипломдармен- 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломдармен -17 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен- 19, 44 оқушы грамотамен марапатталды.
«Жас математик» мұғалімдерге арналған олимпиада
2022 жылдың 16 сәуірінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі базасында Қазақстандық математика мұғалімдері қауымдастығымен бірлесе отырып, жас математик мұғалімдерге арналған олимпиада өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – ұстаздардың беделін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау, ұстаздармен қарым-қатынас жасау.
Олимпиадаға елордалық білім беру мекемелерінен 102 жас математик мұғалімдер қатысты.
Қатысушыларға «Астана дарыны орталығы мен Қазақстандық математика мұғалімдері қауымдастығының сертификаттары табысталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, грамоталармен марапатталды: І орын-3; ІІ орын-4, ІІІ орын-11; грамота- 12.
8-11 сынып оқушыларына арналған І қалалық «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» ғылыми жобалар конкурсы
2022 жылдың 16 сәуірінде 8-11 сынып оқушыларына арналған І қалалық «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» ғылыми жобалар конкурсының қортынды кезеңі №61 орта мектеппен бірлесе отырып ережеге сәйкес «Қаныш және жаратылыстану ғылымы», «Қаныш Сәтбаев мұрасы» бағыттарында өткізілді.
Конкурстың мақсаты – Қаныш Сәтбаев мұрасын кеңінен насихаттай отырып, Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын дәріптеу.
Конкурстың іріктеу кезеңіне елорданың 41 білім беру мекемесінен 113 жұмыс қабылданып, іріктеу кезеңінен қалалық қортынды кезеңге 75 жоба өтті. «Қаныш және жаратылыстану ғылымы» бағыты бойынша-26, «Қаныш Сәтбаев мұрасы» бағыты бойынша – 49 жоба.
Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
Қаныш және жаратылыстану ғылымы бойынша: І орын-1, ІІ орын-3, ІІІ орын-4, грамота -5.
Қаныш Сәтбаев мұрасы (тарих, әдебиет, музыка) бағыты бойынша: І орын-2, ІІ орын- 3, ІІІ орын- 5, грамота-10.
8-11 сынып оқушыларына арналған Ө.М.Сұлтанғазин атындағы
қалалық математикалық олимпиадасы
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы сәуірдің 23-де №56 мектеп-лицейімен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушыларына арналған Ө.М.Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің ғылымға қосқан үлесін насихаттау, мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервтерін қалыптастыру.
Олимпиадаға елордалық 86 білім беру мекемелерінен 379 оқушы қатысты. Нәтижесінде қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: І орын – 25, ІІ орын-41, ІІІ орын-66, грамота- 49.
4-сынып оқушыларына арналған ІІ қалалық
«Бала Абай» байқауы
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 2022 жылдың 29 сәуірінде 4-сынып оқушылары арасында ІІ қалалық «Бала Абай» байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: Бала Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу, шығармашылықтарын шыңдау.
Екі номинациядан тұратын байқауға елордалық білім беру мекемелерінен 126 оқушы (I номинация бойынша 65 оқушы, II номинация бойынша 61 оқушы) қатысты.
I номинация – Абай өлеңдерінен эстафета (алдын ала берілген 30 өлеңнің алдыңғы бес шумағын жаттау), қайым айтыс форматында кідіріссіз жалғастыру.
II номинация – Абай шығармаларынан берілген «Әже-балаға сыншы», «Әже өнегесі», «Ақ бата» бағыттары бойынша оқушылар өнерлерін ортаға салып, сахналық көріністер көрсетті.
Нәтижесінде байқауға қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
I номинация- Абай өлеңдерінен эстафета алдын ала берілген 30 өлеңнің алдыңғы бес шумағын жаттау, қайым айтыс форматында кідіріссіз жалғастыру: І орын -5, ІІ орын- 9, ІІІ орын- 14, грамота -8;
II номинация – Абай шығармаларынан берілген бағыттар бойынша сахналық көрініс көрсету: І орын-5, ІІ орын- 7, ІІІ орын- 11, грамота-8.
10-сынып оқушыларына арналған қалалық
«Алтын түлек» олимпиадасы
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып 2022 жылдың 29 сәуірінде 10 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» қалалық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың 16 сәуірде өткен мектепішілік кезеңіне елорда мектептерінен 1032 оқушы қатысып, қалалық қортынды кезеңге 137 оқушы жолдама алды.
Олимпиада Сарыарқа және Байқоңыр аудандарындағы мектеп оқушылары үшін №35 мектеп-лицейінде, Алматы және Байқоңыр аудандарындағы мектеп оқушылары үшін №73 мектеп-лицейінде, Есіл ауданының мектеп оқушылары үшін №59 мектеп-лицейінде өтті.
Жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларға дипломдармен қатар белгіленген ақшалай сыйлықтар І орын-20000 тг, ІІ орын-10000 тг, ІІІ орын-5000 тг, грамоталар мен сертификаттар табысталды:
Нәтижесінде олимпиадаға қатысушылар келесі жетістіктерге қол жеткізді: І орын-2, ІІ орын-10, ІІІ орын-18, грамота- 24.
«Алтын түлек» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі
2022 жылдың 18 маырында №77 мектеп-гимназиясында «Алтын түлек» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін (10 сынып оқушылары) салтанатты марапаттау рәсімі болды.
Олимпиада жүлдегерері мен жеңімпаздары диплом, грамоталар мен қатар ақшалай силықтармен марапатталды: І орын-2 (20 000 тг); ІІ орын -10 (10 000); ІІІ – 18; 24 грамота (5 000).
«Табысты бол!» салтанатты шеруі
2022 жылғы мамыр айы 25 күні ұстаздар саябағында ұстаздық кәсіпті қолдау және ұстаз беделін арттыру мақсатында «Табысты бол!»салтанатты шеруі өтті.
Соңғы қоңырау күні Ұстаздар аллеясында өткен салтанатты шеруді қала әкімі А.С.Көлгінов ашты. Оқушылары Халықаралық және Республикалық пәндік олимпиадалар мен шығармашылық сайыстардың жеңімпазы атанған мұғалімдерді құттықтап, сыйақы сертификаттарын табыстады.
5-6 сынып оқушыларының математикадан республикалық
«Алтын Сақа» олимпиадасы
2022 жылдың 10 маусымында алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласында математикадан 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын Сақа» олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.
Оған қалалық кезеңнің І және ІІ орын иегерлері болған 12 оқушы (10 мектептен) қатысып, 1 – Бас жүлде, 2 – І орын, 4- ІІ орын, 3 – ІІІ орын иеленіп, елордалық команда Бас жүлдені жеңіп алды.
Математика пәнінен 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын Сақа» олимпиадасы республикалық кезеңінің марапаттау рәсімі 2022 жылдың 4 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдары және «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының ақшалай силықтары (Бас жүлде – 50000 тг., І орын 30000 тг., ІІ орын 20000 тг, ІІІ орын 10000тг.) табысталды. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
Тамыз конференциясы
2022 жылғы 23 тамызда Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназия базасында Педагог қызметкерлердің дәстүрлі тамыз кеңесі аясында Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелері директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары үшін «Білім беру бағдарламасы аясында дарындылықты дамыту: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» панельдік секциясының отырысы өтті. Алаң жұмысына 85 адам қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты білім беру мекемелері директорларының бейіндік оқыту бойынша орынбасарларына диалог алаңын ұсыну болды. Педагогтер дарынды балалармен жұмыс істеу проблемалары мен перспективаларын анықтау, ұйымдастыру-әдістемелік мазмұнын жаңарту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Секция қатысушылары олимпиаданың республикалық кезеңіне дайындық деңгейін қалай арттыру, өз жобаларын әзірлеу мен дайындау кезінде неге назар аудару қажеттігін, сондай-ақ конкурстарда сәтті қорғау туралы ұсыныстар алды. Қатысушылар интерактивті форматта өз сұрақтарына жауап алды.
Секция барысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық және республикалық кезеңдеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері айтылды, оның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелері директорларының бейінді оқыту жөніндегі 20 орынбасары «Астана дарыны» ДДжПСО атынан алғыс хаттарға ие болды.
«Олимпиада нәтижелеріне қойылатын талаптар контекстінде географияны оқытудың өзекті мәселелері»
2022 жылғы 13 қыркүйекте №72 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «National Geographic Qazaqstan» журналының редакциясымен бірлесіп «Олимпиада нәтижелеріне қойылатын талаптар контекстінде географияны оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға қаланың білім беру мектептерінің (96) география пәні мұғалімдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және оқытушылар мен педагогтардың тәжірибесін жинақтау негізінде дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік қоржын қалыптастыру болды.
Педагогтар дарынды балалармен жұмыс істеу проблемалары мен перспективаларын анықтау, ұйымдастырушылық-әдістемелік мазмұнын жаңарту мүмкіндігі туралы пікір алмасты.
Секция қатысушылары олимпиаданың республикалық кезеңіне дайындық деңгейін арттыра отырып, жобаны дайындау кезінде не нәрсеге назар аудару керек, сондай-ақ конкурстарда табысты қорғау туралы ұсыныстар алды.
«М. О. Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқу әділдігі»
2022 жылғы 28 қыркүйекте «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы №86 мектеп-гимназиясымен (А. Бөлекпаева 20) бірлесіп М. О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған «М.О. Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқу әділдігі» атты панорамалық сабақтың I қалалық конкурсын өткізді.
Байқаудың мақсаты-мектеп мұғалімдерінің М.О.Әуезов шығармаларын зерделеудегі жаңашылдықты насихаттау, оқушылардың әр түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы жазушының шығармаларына деген сүйіспеншілігі мен уәждемесін арттыру, оқушылардың әдеби тілдік байлығын кеңейту, балада жазу дағдыларын қалыптастыру, рухани құндылықты сіңіру.
«М. О. Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқу әділдігі» бөлімі бойынша Қазақ тілі мен әдебиетінің 9 мұғалімі М.О. Әуезовтің шығармаларын зерделеу бойынша шеберлік сабағын өткізді, құндылық-бағдарланған сабақ жоспарын қорғады (панорамалық сабақ көрсетті). Конкурс қорытындысы бойынша I орын-1, II орын-1, III орын-2, грамота -2.
9-11 сынып оқушыларының 25-і «М.О. Әуезов шығармаларындағы құндылық негіздері» тақырыбында эссе жазды. Байқау қорытындысы бойынша I орын-1 (11-сынып), II орын-4 (9-11-сыныптар), III орын-7 (9-11-сыныптар), грамота -7 (9-11-сыныптар). Конкурс нәтижесі бойынша қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға «Астана дарыны» ЦРОиПС атынан дипломдар берілді.
Курс «3D модельдеу және Arduino» бойынша робототехника оқытушылары үшін оқу-жаттығу жиынының I кезеңі
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Астана қаласының Америка бұрышымен бірлесіп, «Chevron» компаниясының қолдауымен 2022 жылғы 3-7 қазан аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алаңында 3D модельдеу және Arduino бойынша робототехника оқытушылары үшін бірінші оқу –жаттығу жиынынөткізді.
Теориялық және практикалық сабақтардан тұратын ОЖЖ мақсаты –жобалық робототехника саласындағы біліктілікті арттыру: теориялық, практикалық білім және 3D модельдеу, бағдарламалау және электроникадан оқытушының функционалдық құзыреттілігін арттыру.
Arduino және 3D модельдеу бойынша базалық білімі бар бірінші кезеңге қатысушы 20 информатика мұғалімдерінің (қаланың 17 білім беру мекемелерінен) алған білімдерін қолдануы жобалық робототехника бойынша қалалық, республикалық және халықаралық турнирлерде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы»
республикалық конкурсының қалалық іріктеу кезеңі
2022 жылдың 12 қазан күні отбасының ата-баба тарихын зерделеу, отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту бағытында балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мақсатында білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушыларына арналған«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» республикалық конкурсының қалалық іріктеу кезеңін өткізді .
Конкурстың қалалық іріктеу кезеңіне 27 білім беру мекемелерінен 31 оқушы қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша оқушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: І орын -1, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 7, грамота-7.
Қалалық Сәкен оқулары конкурсы
2022 жылдың 17 қазан күні ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ақсұңқары Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған 7-11 сынып оқушылары арасында Сәкен оқуларының қалалық кезеңін өткізді.
Конкурстың қалалық іріктеу кезеңіне 66 білім беру мекемелерінен 162 оқушы қатысты.
Конкурстың қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
Бас жүлде -4, І орын -10, II орын- 18, III орын – 33, грамота – 30.
«Үздік жыл психологі» республикалық
конкурсының қалалық кезеңі
2022 жылдың қазан айының 18 күні«Үздік жыл психологі» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді.
Конкурс психологтердің кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық практикалық білім алу қызметін дамыту, отандық білім берудің бәсекелістігін, тиімділігін, гуманистік бағытын арттыруға ықпал ететін психологиялық білім алуды білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға сұраныс білдірген 40 педагог-психологтің қалалық іріктеу кезеңіне 29 білім беру мекемелерінен 30 қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: I орын-2, II орын- 4, III орын -5, грамота – 5.
«Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының қалалық кезеңі
2022 жылдың 31 қазан күні оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында білім беру мекемелерінің әдіскерлері аралығында «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының қалалық кезеңін өткізді.
Конкурсқа 8 бағыт бойынша 215 жұмыс ұсынылды. Сараптама кезеңінен 152 авторлық жұмыс қалалық кезеңге өтті.
Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: I орын-14, II орын- 21, III орын – 36, грамота – 27.
«3D модельдеу және Arduino» бойынша робототехника оқытушылары үшін оқу-жаттығу жиынының I кезеңі
2022 жылы 1-7 қараша аралығында жобалық робототехника саласындағы біліктілікті арттыру мақсатында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласының Америка бұрышымен бірлесіп «Chevron» компаниясының қолдауымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алаңында информатика пәнінің мұғалімдерімен «3D модельдеу және Arduino» бойынша екінші оқу-жаттығу жиынын мемлекеттік және орыс тілінде өткізді.
ОЖЖ өткізу үшін білім беру мекемелерінен бұрын қатыспаған 20 информатика мұғалімі алынды.
«MakerSpace Hardware Projects» робототехникадан ғылыми-техникалық жобалар конкурсы
2022 жылы 11 қарашада информатика пәні мұғалімдеріне арналған «3D модельдеу және Arduino» бойынша робототехника курсының аясында оқушылардың жобалық робототехника саласына қызығыушылықтарын арттыру: теориялық, практикалық білім және 3D модельдеу, бағдарламалау және электроникадан дағдыларын қалыптастыру мақсатында, «MakerSpace Hardware Projects» робототехникадан ғылыми-техникалық жобалар конкурсы «Chevron» компаниясының қолдауымен өткізілді.
Конкурсқа 14 елордалық мектептерден 30 оқушы мен 15 мұғалім қатысты. Әр қатысушы робототехника саласындағы өз әзірлемелері мен мәлімделген практикалық- зерттеу бағдарламаларын ұсынды.
Конкурстың қазылар алқасының шешімі бойынша 30 қатысушы төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: І орын – 1 команда; ІІ орын – 1 команда; ІІІ орын – 1 команда; грамота – 5 команда.
Конкурсқа қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» орталығы мен «Kazakhstan AmCorners Network» қоғамдық бірлестігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар жеңімпаздарға «Kazakhstan AmCorners Network» қоғамдық бірлестігінің арнайы сыйлықтары табысталды.
3D модельдеу және Arduino бойынша робототехникадан информатика пәні мұғалімдеріне арналған курстың (72сағ.) үш кезеңінен өткен 15 мұғалім сертификат алды. Оқушылары жүлдегер болған мұғалімдер Алғыс хатпен марапатталды.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық
«Алтын тұғыр» олимпиадасы
2022 жылдың 25 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп Астана қаласы білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді.
Конкурсқа 108 елордалық мектептерден 207 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Конкурстың қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: I орын-9, II орын- 27, III орын -36, грамота – 22.
«Педагогикалық идеялар фестивалі»
республикалық конкурсының қалалық кезеңі
Мақсаты: Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын, кәсіби өсуін ынталандыру, оң имиджін қалыптастыру және мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеп, тарату.
2022 жылдың 04 қарашасы 14 желтоқсан аралықтарында «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңдері өткізілді. Конкурсқа 5 бағыт бойынша («Білім беру жүйесіндегі менеджмент», «Шеберлік палитра», «Шығармашыл толқын», «Сабақ аяқталған соң…», «Психолог сандықшасы») 89 елордалық білім беру мекемелерінен 466 жұмыс ұсынылып, сараптамадан өткен 266 жұмыс қалалық қорытынды кезеңге жолдама алды.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қалалық қорытынды кезеңіне 261 педагог қатысып, «Астана дарыны» орталығының диплом, грамоталарымен марапатталды (І орын-22, ІІ орын-35, ІІІ орын -60, грамота-46).
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ
Психологиялық сүйемелдеу бөлімі жылдық жоспарға сәйкес ата-аналар, білім алушылармен және педагог-психологтермен жұмыс жүргізді. Бөлім әдіскерлері білім беру ұйымдарының психологиялық қызмет жұмысын үйлестіріп, педагог-психологтерге әдістемелік көмек көрсетті.
Астана қаласының білім беру жүйесінде 381 педагог-психолог жұмыс істейді, оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде -209, мектепке дейінгі ұйымдарда – 141, колледждерде – 31. Психологиялық сүйемелдеу бөлімі бекітілген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылып, жыл ішінде бірқатар түрлі іс-шаралар өткізілді.
Халықаралық форматтағы іс-шаралар:
– 20-21.04. 2022 ж. «Қазақстан Республикасындағы білім беру процесіне қатысушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша Инновациялық технологиялар» халықаралық жастар ғылыми-практикалық конференциясы;
– 20.04.2022 ж. «Ювенологиялық оқулар-2022» Х халықаралық жастар ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысын өткізу: 116 қатысушы (76 білім алушы + 40 педагог).
– 25-26.05.2022 ж «Өзгермелі әлемдегі өзгермелі жастар: Z ұрпақты әлеуметтендірудегі өзекті мәселелер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. Мақсаты: қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың жас ұрпағын әлеуметтендіру мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау, білім беру ұйымдарында, қоғамдық бірлестіктерде және басқа да қоғамдастықтарда жастар жұмысының жүйесін жетілдіру перспективаларын анықтау. 192 педагог қатысты.
– 05-06.09.2022 ж. «Әлеуметтік психологиялық-қызмет өзекті мәселелер, жетістіктер, инновациялар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Білім берудегі әлеуметтік-психологиялық қызмет: қазақстандық тәжірибе» Кострома мемлекеттік университеті (Ресей) ZOOM платформасында ғылыми нәтижелермен және зерттеу тәжірибесімен алмасу, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау бойынша баяндама жасалды: 64 педагог қатысты.
– 05-06.10.2022 ж. «Қазақстандағы балалар жылы: оқыту, тәрбиелеу, балаларға сүйіспеншілік» XIII халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. Мақсаты: Қазақстанда білім берудегі өзгерістерді ілгерілетуде көшбасшыларды, саясаткерлерді, практиктерді және зерттеушілерді біріктіру арқылы білім беру саласындағы заманауи үрдістерді талқылау: 200 педагог қатысты.
– 29.11-30.11.2022 ж. «Білім беру экожүйесі – қазіргі мектептің жұмыс істеуінің жаңа моделі ретінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы: 120 педагог қатысты.
Бөлім әдіскерлерінің республикалық форматтағы іс-шараларға қатысуы:
– 19.01.2022 ж. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Мектеп психологтерінің тәжірибесінде арт-терапияны қолдану» тақырыбындағы республикалық вебинар;
- 19.01.2022 ж. Алтынсарин атындағы Білім академиясы ұйымдастырған
«Жалпыұлттық сынып сағатын өткізу» тақырыбындағы республикалық вебинарға қатысты.
– 01.04.2022 ж. «Денсаулық және өмірлік дағдылар» элективті курсының тұсаукесері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 17 маман қатысты.
-28.04.2022 ж. «Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру» республикалық брифингі тікелей эфирде ұйымдастырылып, өткізілді. (Yotube арнасында 2000-нан астам қаралым);
- 28.04.2022 ж. «Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» вебинарына 37 педагог қатысты.
- 20.05.2022 ж. «Білім жолында» республикалық форумда «Аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдермен қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында баяндама оқу. Форумға 56 педагог-психолог қатысты.
Білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында іс шаралар өткізілді:
– 15.02.2022 ж. «Әділет» қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағымен бірлесіп № 54 мектеп-лицейінің базасында педагог-психологтерге арналған «Білім беру ұйымдарындағы конфликтіні басқару» тақырыбында семинар өткізілді, семинарға мектептер мен колледждерден 151 педагог-психолог қатысты;
– 01.04.22 ж. «Балалар және олардың ата-аналарымен табысты қарым-қатынас жасау үшін педагогке қажетті ережелер мен ұсынымдар» тренингіне 38 педагог қатысты;
– 15.04.22 ж. «Қарапайым балалардың ерекше қабілеттері» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған семинарға 92 тәрбиеші қатысты.
– 16.04.22 ж. «Дағдарыс жағдайына тап болған балалармен қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктер» тақырыбында педагогтерге арналған вебинар: 47 педагог-психолог қатысты;
– 18.04.22 ж. «Дағдарыстық жағдайға тап болған балалармен қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында педагогтерге арналған семинар-практикум: 32 педагог-психолог қатысты;
– 13-27-28.04.22ж. «Психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі» оқыту семинарлары (3 семинар) өтті: 82 педагог-психолог қатысты;
– 21.06.22 ж. «АСППМ» психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі» апробациясын талдау отырысы: 152 педагог-психолог қатысты;
– 21.06.2022 ж. «АСППМ» апробациясын енгізу шеңберінде жаңа оқу жылына бірлескен қызметті жоспарлау жөніндегі кеңес»:182 педагог-психолог қатысты;
– 08.11-11.11.2022 ж. Кітапханашыларға арналған «Психологиялық кеңістікті ұйымдастыру ерекшеліктері» оқыту семинары: 127 қатысушы.
Оқу жылына дайындық.
Оқу жылына дайындық кезінде білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді:
– 01-09.09. 2022 ж. ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің 25.08.2022 ж. №377 бұйрығы негізінде Астана қаласының білім беру мекемелерінің педагог-психологтерімен «2022-2023 оқу жылына арналған білім беру ұйымының психологиялық қызметінің құжаттамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» бойынша семинар өткізілді: 251 педагог-психолог қатысты;
– 06-08.09.22 ж. Астана қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерінің «Мектеп медиациясының психологиялық-педагогикалық негіздері» оқыту семинары. Құқық бұзушылықтың алдын алу менеджерлірі және ТЖ бойынша орынбасарларынан 37 қатысушы болды.
– 22.08.2022 ж. тамыз конференциясында «Елорданың білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтер қызметінің тиімді моделі» педагог-психологтердің секциялық жұмысы: 245 педагог-психолог;
– 08.09.2022 ж. «Оқу жылының басында мектепте/колледжде/балабақшада табысты бейімделуге жағдай жасау» тақырыбында семинар-практикум: 111 педагог-психолог қатысты.
Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша кәсіби құзыреттілікті арттыру үшін:
– 02-03.11. 2022 ж. «Амалтея автоматтандырылған психодиагностикалық бағдарламасымен жұмыс» бойынша 42 педагог-психолог оқыды;
– 14-18.11.2022 ж. «Bilim Foundation» ҚҚ суицидтің алдын алу бағдарламасы шеңберінде «Жасөспірімдер мен ата-аналарға психологиялық кеңес беру» практикалық курсында 80 педагог-психолог оқыды;
– 13-14.122022 ж. «Bilim Foundation» ҚҚ «Суицидтің алдын алу бағдарламасы шеңберінде базалық курс» бойынша мектептер мен колледждердің 63 педагог-психологі оқыды;
– 02.11.2022 ж. Мұғалімдерге арналған вебинар: «Мазасыз балалар, ескерту белгілері» (Yotube арнасында 500-ден астам қаралым);
– 07.12.2022 ж. Ювеналды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар үшін «Аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдермен өзара іс-қимыл ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Қатысушылар саны 23;
– 26.12.2022 ж. «Право» ҚҚ бірлесіп өткізген «Жыныстық сипаттағы зорлау және өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың осы санатын тергеу процесіне тартылған адамдардың өзара іс-қимылы туралы» тақырыбында өткізілген оқыту курысында мектеп және колледждерден 58 педагог-психолог оқыды.
Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу жұмысында 2022 жылдың 12.02- 23 .02. аралығында «Өмірге «Иә» деп айт» қалалық акциясы өтті. Жоспар бойынша педагог-психологтермен бірқатар іс-шаралар өткізілді. Акцияға 205 педагог – психолог қатысып, 12 іс-шара ұйымдастырылды. Іс- шараға -574 оқушы қатысты.
Білім басқармасының 20.05.2022 ж. 23.05 – 03.06 №388 бұйрығы негізінде мониторингтік топтың жұмысын ұйымдастырылды. Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі жұмысты талдау және білім беру ұйымдарында балалардың суицидтік әрекеттерін болдырмау аясында «мобильді топтардың» бірлескен қызметін зерделеу, оқу жылының қорытындысын шығару, білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Мониторингтік топ 103 білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жұмысын зерделеуден өткізді.
22.06.2022 ж. мониторинг нәтижелері бойынша білім беру ұйымы директорларының кеңесінде «Астана қаласының мектептері мен колледждерінде кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу жөніндегі жұмыстардың мониторингі» тақырыбында баяндама жасалды.
Астана қаласы ІІД-нің «Кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері мен аяқталған суицид саны туралы мәліметтер» негізінде 01.01.30.11.2022 жылында кәмелетке толмағандар арасында 93 суицид фактісі тіркелді, оның ішінде 4 аяқталған суицид және 89 әрекет ету жағдайы. 3 факті бойынша суицидтік оқиғалар болып табылмайтынын және заттай дәлелдемелердің болмауына байланысты кәмелетке толмағандардың «дәрілік заттарды абайсызда пайдалануы» ретінде қылмыстық істі тоқтату туралы ІІД анықтамалар берілген.
Мектептер мен колледждердің мобильді топтарының құрамына әдістемелік көмек көрсету мақсатында кәмелетке толмағандардың суицидтік фактілері негізінде 77 ЖӘТ (жедел әрекет ету тобы) отырысы ұйымдастырылып, өткізілді. 16 жағдай бойынша білім беру ұйымдары Астана қаласы Білім басқармасының ведомствосына жатпайтындығына байланысты ЖӘТ жұмысын жүргізу мүмкін болмады. ЖӘТ жұмысы шеңберінде кәмелетке толмағандарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша білім беру ұйымдарының мобильді топтарының құрамы үшін ұсынымдар әзірленді, сондай-ақ суицидтік жағдайлардың салдарын оңалту бағыттары айқындалды.
«Жас психолог мектебі» жұмысының аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді:
– 04.02.2022 ж. «Педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидаларымен және қызметтік құжаттаманы жүргізу талаптарымен» таныстыру бойынша онлайн форматтағы вебинар: 51 педагог-психолог қатысты;
– 17.02.2022 ж. № 33 «Қайнар» балабақшасының базасында «Мандала терапиясы эмоционалды жағдайды реттеу құралы» тақырыбында семинар-практикум: 28 педагог-психолог қатысты;
– 17.02.2022 ж. «Педагогтың эмоционалды интеллектін дамыту жолдары» тақырыбында оқыту семинары: 25 қатысушы;
– 16.03.2022 ж. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ерекшеліктері»: 27 қатысушы;
– 17.03.2022 ж. «Педагогтердің эмоционалды күюінің алдын алу»: 45 педагог-психолог;
– 07.04.2022 ж. «Медиация педагогикалық қақтығыстарды реттеу құралы» семинары: 28 педагог-психолог;
– 14.04.2022 ж. «Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы тренингтің рөлі» тақырыбында оқыту семинары: 27 педагог-психолог;
– 07.04.202 2ж. «Қарым-қатынас шеберханасы» жасөспірімдерде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға арналған тренингтердің элементтері: 35 педагог-психолог;
– 21.04.2022 ж. «Педагогтің эмоционалды интеллектісін дамыту жолдары» семинар-практикумы: 45 педагог-психолог;
– 29.04.2022 ж. «Амалтея» автоматтандырылған психодиагностикалық бағдарламасының тиімділігі: 185 педагог-психолог;
-06.05.2022 ж. «Педагог-психолог қызметіндегі инновациялық технологиялар» семинар-практикум: 85 педагог-психолог;
– 13.05.2022 ж. «Инновациялық әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, кәсіби шеберлікті арттыру» тақырыбында шеберлік сыныбы : 42 педагог-психолог;
– 19.05.2022 ж. «Менің кәсіби шығармашылығым» тәжірибе алмасу бойынша практикалық сабақтар: 95 педагог-психолог;
– 02-05.09.2022 ж. «Жылдық жоспарды жоспарлауға сәйкес психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» семинар-практикум: 70 педагог-психолог;
– 27.09.2022 ж. «Ата-аналар жиналысын өткізудің тиімді нысандары» семинар-практикум: 20 педагог-психолог;
– 13.10.2022 ж. «Менің кәсіби қызметімнің жарқын сәттері» коучингі: 293 педагог-психолог;
– 03-10.10.2022 ж. Ата-аналарды ақпараттандыру және келісім бланкілерімен жұмысты түсіндіру бойынша консультациялар, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстары: 238 педагог-психолог;
– 03-10.10. 2022 ж.Құжаттаманы жүргізу және істер номенклатурасы бойынша жас мамандарға кеңес»:381 педагог-психолог;
-13.10.2022 ж. «Психологтің жұмысында арттерапия әдістерін қолдану» семинар-практикумы: 70 педагог-психолог;
– 20.10.2022 ж. «Өзіме жол!»: 58 педагог-психолог;
– 04.11.2022ж. «Балалар ұжымдарындағы тұлғааралық қатынастарды зерттеу бойынша диагностика» тақырыбындағы семинар: 38 педагог-психолог;
– 04.11.2022 ж. «Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі психодиагностика» тақырыбындағы семинар: 55 педагог-психолог;
– 04.11.2022 ж. Ата-аналарды ақпараттандыру және келісім бланкілерімен жұмысты түсіндіру бойынша консультациялар»: 240 педагог-психолог;
– 07.11.2022 ж. Құжаттаманы жүргізу және істер номенклатурасы бойынша бастаушы психологтардың консультациялар: 256 педагог-психолог;
– 21-23.12. 2022 ж. «Қазіргі мектептегі жастар жұмысы: оқушы жастарды табысты әлеуметтендіру навигаторы»: 76 қатысушы
– 22.12.2022ж. «№8 «Думан» балабақшасының психологиялық қызметінің тәжірибесінен» мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагог-психологтарына арналған семинар: 25 педагог-психолог қатысты.
– 23.12.2022 ж. «Психологиялық кеңес берудегі жеке терапия және қадағалау» шеберлік сыныбы: 26 педагог-психолог;
– 27.12.2022 ж. «Тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс» онлайн консультациясы: 30 педагог-психолог қатысты.
Ата-аналар қоғамымен іс-шаралар:
Психологиялық мәдениеттілікті арттыру мақсатында ағарту жұмыстары ұйымдастырылып, «Психолог кеңесі» айдары жұмыс істейді, онда келесі тақырыптар қамтылған:
– 20.06.2022 ж. «Отбасылық конфликтология»;
– 27.06.2022 ж. «Пайдалы жазғы демалыс»;
– 27.06.2022 ж. «Біз «өте жақсы» демаламыз!»;
– 27.06.2022 ж. «Жазғы демалыс: жасөспіріммен қалай жағымды қарым қатынас жасауға болады?»;
– 12.07.2022 ж. «Жазғы демалыс кезінде балаларға арналған қауіпсіздік ережелері»;
– 25.07.2022 ж. «Демалыстағы бос уақыт»;
«Ата-аналар клубы» қалалық диалог алаңы аясында 10-19. 02.2022 жылы №№15 ОМ, МЛ, №88, №89, №40, МГ №67 онлайн және офлайн форматта ата -аналарға арналған семинарлар өтті;
– 12.01.2022 ж. «Жастардың азаматтық әлеуметтенуі: тәуекелдер мен қауіптер» тақырыбында бейне дәріс әзірленді: 55 ата-ана қатысты;
– 03.03.2022 ж. «Қазіргі заманғы балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі» вебинар: 32 ата-ана қатысты:
– 04.03.2022 ж. «Интернеттегі балалардың қауіпсіз мінез-құлқы»: 22 ата-ана қатысты;
– 12-13.03. 2022 ж. «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» (2 семинар) 52 ата-ана қатысты;
– 11.03.2022 ж. «Кибербуллинг және оның алдын алу» (2 семинар), 75 ата-ана қатысты;
– 03.03.2022ж. «Жасөспірімдердің психосексуалды дамуының ерекшеліктері» тақырыбындағы әңгіме: 55 ата-ана қатысты;
– 19.05.2022 ж. «Ата-аналар клубы» қалалық диалог алаңының қорытынды отырысы; 57 ата-ана қатысты;
– 29.09.2022 ж. қалалық диалог алаңының 5-маусымының ашылуы: 59 ата-ана қатысты;
– 08.09.2022 ж. – 16.09.2022 ж. «Үлгілі ата-ана мектебі: біздің бала бірінші сыныпта»: семинары: 45 ата-ана.
– 20.10.2022 ж. «Шағын ауданның мектебі-әлеуметтік өмір орталығы» семинары: 45 ата-ана қатысты;
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологиялық-педагогикалық білім беру және отбасы мен мектептің әлеуметтік әріптестігін нығайту, оларды білім беру ұйымдарының білім беру-тәрбие процесіне тарту, отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін анықтау, бірлескен шығармашылық қызмет процесінде балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты байыту үшін «Біз- бақытты отбасымыз» атты қалалық бейнероликтер байқауы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, өткізіліп келеді.
03.05 -10.05.2022 ж. қалалық «Біз – бақытты отбасымыз» бейнероликтер байқауының ата-аналардың өтінімдері бойынша келіп түскен бейнероликтерді жинау, зерделеу, талдау бойынша жұмыстар жүргізілді.
27.05.2022 ж. байқаудың финалдық кезеңінде бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтті. Байқауға 323 отбасы қатысты.
«Ата-аналар мектебі» курсы аясында бөлім әдіскерлері вебинарлар өткізді:
– 16.11.2022 ж. «Балалар мен жасөспірімдердегі депрессия белгілері»;
– 27.12.2022 ж.«Балалық махаббат. Ата-аналар қалай дұрыс түсінуі керек?»;
– 06.12.2022 ж. «Оқуда қиындықтары бар балаларға көмек көрсетудің заманауи әдістері мен тәсілдері» (дислексия, дисграфия, дискалькулия, СДВГ): 88 ата-ана қатысты;
-13.12.2022 ж. «Мектеп бағдарламасын табысты игеруге дайындық және оқыту қиындықтарының алдын алу»: 36 ата-ана қатысты.
Көшпелі семинарлар өткізілді:
– 01.10. және 13.12.2022 ж. «Буллинг, әрбір ата-ана нені білуі керек?»:158 ата-ана қатысты;
– 05.12.2022 ж. «Отбасылық конфликтология негіздері»
– 10.11.2022 ж. «Мен өз балама қанша көңіл бөлемін?» 26 ата-ана қатысты;
– 10.11.2022 ж. «Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу қамту: 80 ата-ана қатысты;
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыру бойынша іс- шаралар өткізілді:
– 28.04.2022 ж. «Психологиялық саулық туралы сөйлесейік» әңгімелесу: 78 оқушы қатысты;
– 03.04.2022 ж. «Әлеуметтану зерттеулерін қалай жүргізу керек?» (2 іс-шара): 79 оқушы қатысты;
– 12.04.2022 ж. «Эрудитум» зияткерлік ойыны қамту: 62 оқушы қатысты;
– 21.04.2022 ж. «Ғалымға 10 маңызды сұрақ» ток-шоуы: 43 оқушы қатысты;
1-02 және 13-19.04.2022 жылы № 60 МГ оқушыларымен «Болашақ психологтер клубы» балалар-жасөспірімдер бірлестігінің 2 отырысы өткізілді, Қатысқан оқушылар саны – 47.
- 26-27.04. 2022 ж. «Татуласу мектебі: тепе- тең» жобасының медиативтік
қызметі аясында №47 МГ және № 60 МГ оқушыларымен 6 сабақ өткізілді. Қатысқан оқушылар саны- 42
– 05.05.2022 ж. 1-курс студенттерімен «Интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында дәріс: 64 оқушы қатысты.
– 19-26.11.2022 ж. №47 мектеп-гимназиясының 9, 10 сынып оқушыларымен «Татуласу мектебі: тепе-тең» жобасы бойынша қорытынды сабақ өтті: 98 оқушы қатысты;
– 17.11.2022 ж. «Біз бір командамыз!» тренингі: 65 оқушы қатысты;
– 24.11.2022 ж. «Татуласу мектебі: тепе-тең» жобасы жұмысын қорытындылау бойынша «Мектеп – медиация аумағы» квест -шоуы өтті: 120 оқушы қатысты;
– 12.12. 2022 ж. «Буллингтің алдын алу» тақырыбындағы семинар: 150 оқушы қатысты;
– 13.12. 2022ж. «Тұрмыстық және мектептегі зорлық-зомбылық: қалай құрбан болмауға болады?» интерактивті дәріс: 111 оқушы қатысты.
Бөлім қызметкерлері шағымдар мен өтініштер негізінде № 24, 58, 67,70,74 мектептерге, және «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына» әдістемелік көмек көрсету және жанжалды жағдайларды реттеу мақсатында жұмыстар жүргізді.
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс:
– білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің қызметін үйлестіру;
– жас педагог-психологтерді әдістемелік қолдау;
– мобильді топтар құрамының сұраныстары бойынша консультативтік қызмет;
– мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептерде, колледждерде психологиялық қызметтердің қызметі туралы нұсқаулық хаттар жіберу;
– орталық сайтын «Нормативтік-құқықтық актілер» және «Әдістемелік жинақ» бөлімдерін қажетті жұмыс материалдарымен жүйелі түрде толықтыру;
– ата-аналар және балалармен жұмыста, кәсіби қызметте туындайтын проблемалар бойынша педагог-психологтерге жеке консультациялар.
Бөлім қызметкерлері А. К. Исабекова және Г. К. Капанова жыл бойы жұмыс топтарының құрамында жүйелі түрде шығармашылық қызмет атқарды:
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы бойынша психологиялық қызметке қатысты нормативтік құжаттарды, педагог-психологтерге арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;
– ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығында» аппеляциялық комиссия құрамында жұмыс жасау.
– қалалық және республикалық деңгейдегі аттестаттау комиссиясының сарапшылары ретінде жұмыс істеу;
– ҚР Алтынсарин атындағы Білім академиясының сараптамалық топ құрамында болып, педагог-психологтердің портфолиосына сараптама жасау.
Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің барлық қызметі Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» ДДжПСО және «Әдістемелік орталығы» сайттары мен Facebook парақшаларында жарияланған.
«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ
«Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімі 2022 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында барлығы 9653 адамды қамтыған 29 іс-шара өткізді.
№ | Іс-шара атауы | Өткізілген күні | Қамтылуы | Деңгейі |
1 | Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру. | Әр ай сайын | 142 оқушы | Қалалық |
2 | «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау | Әр ай сайын | 3018 оқушы | Қалалық |
3 | «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау (2 кезең). | Наурыз-сәуір | 2 оқушы | Қалалық |
4 | «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы. | 29-31 наурыз | 10 оқушы | Республикалық |
5 | «Шет елде білім алудың қолжетімділігі» тақырыбындағы онлайн-вебинар. | 7 сәуір | 253 оқушы | Қалалық |
6 | «Мамандыққа саяхат» тақырыбындағы тренинг. | 11-22 сәуір | 307 оқушы | Қалалық |
7 | Қазақстан Республикасының ЖОО білім бағдарламаларын бағалау бойынша вебинар. | 26-29 сәуір | 5913 қатысушы | Республикалық |
8 | «JasSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионаты | 16-19 мамыр | 8 оқушы | Қалалық |
9 | «KIDS EXPO Балалар әлемі» балалар тауарларының жәрмеңкесі | 17-21 тамыз | ата-аналар мен оқушылар, көрмеге қатысушылар | Қалалық |
10 | Республикалық психологиялық форум-семинары | 6-7 желтоқсан | Форумға қатысушылар | Республикалық |
1-12. Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.
«Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында оқушылар мен ата-аналардан ұсыныстар келіп түсті. Кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 76 мекемеден 142 оқушы диагностикадан өтті (оффлайн) және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға жеке-жеке кеңес берді.
13-19. «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау.
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы «Qabilet» қызметінің ұйымдасытыруымен, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының https://qabilet.elbasyacademy.kz/ онлайн платформасында Астана қаласы білім беру мекемелерінің «4К» бойынша (креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік) 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау жүргізілді (3018 оқушы).
Оқушылардың қабілеттерін бағалау бойынша тестілер зияткерлік, коммуникативтік және шығармашылық әлеуеті, сондай-ақ жоғары академиялық жетістіктері бар балаларды әрі қарай сүйемелдеп, кәсіби бағдарлау мақсатында анықтау үшін арналған.
10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау бойынша Астана қаласында бүгінгі күнде 18449 оқушы тіркеліп, 15612 оқушы диагностикадан өтті.
20. «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау (2 кезең).
2022 жылдың 4 наурыз күні «Астана дарыны» ДДжПС орталығының «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің базасында №78 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Фазыл Мадияр«4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың 2 кезеңінің тесттерін тапсырды. «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің педагог-психологі Аубакирова Гульзат диагностикалық тесттердің қорытындысын шығарып, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының платформасына жүктеді.
21.«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы.
2022 жылдың 29-31 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы қашықтықформатында өтті. Форумға 4 номинация бойынша Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 11-17 жас аралығындағы оқушылары қатысты.
Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
2022 жылдың 4 сәуір күні Форумның марапаттау рәсімі Zoom платформасында онлайн түрде өтті. 170-ке жуық оқушы қатысқан Форумда елордалық оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Елордамыздан форумға 10 оқушы қатысып, қорытындысында І орын – 3, ІІІ орын – 1 иеленді.
Осындай мамандық бар» номинациясы бойынша:
1 орын – Қараманова Ақнұрым – №81 AES гимназиясы, ағылшын тілінде;
3 орын – Қажымұрат Байдалы – №70 мектеп-лицей, қазақ тілінде.
«Мамандықты таңдайтын уақыт» номинациясы бойынша:
1 орын – Батталова Камила – №37 мектеп-лицей, орыс тілінде.
«Менің кәсібім-менің бизнесім» номинациясы бойынша:
1 орын – Меңлен Ерлен – №82 «Дарын» мамандандырылған лицей, қазақ тілінде.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының» дипломдарымен марапатталды.
22. «Шет елде білім алудың қолжетімділігі» тақырыбындағы онлайн-вебинар.
2022 жылдың 7 сәуір күні шет елде білім алу бойынша жұмыс жүргізетін компания өкілдерінің қатысуымен елорда мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған онлайн-вебинар өтті. Қатысушылар саны-253.
Вебинардың мақсаты: мектеп түлектері үшін шет елде білім алу мүмкіндіктерін айқындау, шет тілін жетік меңгеру, сирек кездесетін мамандықтарды игеру, тағылымдамалардың тиімді жүйесін меңгерумен қатар халықаралық стандартқа сәйкес диплом иегері атану мүмкіндігі.
Вебинар аясында келесі компания өкілдері өз мүмкіндіктерімен бөлісті:
- шет елде білім алу бойынша «GSC STUDY» комапаниясы (АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Дубай және т.б.);
- Турцияда білім алу бойынша «Turkey Education» компаниясы (Стамбул, Анкара, Измир, Ескешехир, Анталия, Беледжик, Кейсери және т.б.);
- еуропада тегін білім алу бойынша «ЕDUTREND» компаниясы (Чехия, Италия, Германия, Словакия және т.б.);
- жасөспірімдерге арналған «Atlas School» мектебі (Нұр-Сұлтан қаласы).
Нәтижесінде:
- қатысушылар шет елдік университеттер туралы (әр мемлекетке сәйкес) және қабылдау ережелері мен дайындық бағыттары бойынша толық ақпаратпен қамтылды;
- түлектер болашақ мамандығын таңдаумен қатар, жеке және кәсіби дамуы бойынша қарқынды мүмкіндіктерге ие болды;
- бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары туралы ақпараттанды;
- 2022/23 оқу жылына арналған университеттерге қабылдау ережелерімен танысты;
- грантқа түсу және оқуға жеңілдіктер алу мүмкіндігі туралы ақпараттанды.
Сонымен қатар, вебинар барысында компания өкілдерінің тарапынан түлектерді қызықтырушы бірнеше сұрақтарға жауап беріліп, кері байланыс орнатылды.
23.«Мамандыққа саяхат» тақырыбындағы тренинг.
2022 жылдың 11-22 сәуір аралығында жоспар бойынша елорда мектептерінің (№№13,18,23,29,34,42,49,68) түлектеріне тренингтік іс-шаралар өткізді (307оқушы).
№13 орта мектеп – 36 оқушы;
№18 орта мектеп – 68 оқушы;
№23 орта мектеп – 37 оқушы;
№29 орта мектеп – 42 оқушы;
№34 орта мектеп – 17 оқушы;
№42 орта мектеп – 21 оқушы;
№49 орта мектеп – 40 оқушы;
№68 мектеп-гимназия – 46 оқушы.
Тренинг мақсаты: мектеп түлектерінің моральдық-психологиялық хал-ахуалын арттыру мен болашақ мамандықтарын таңдау жолында бағыт бағдар беру.
Тренинг барысында оқушылар командалық жұмыс жасау мен ой ұшқырлығын көрсете білді (фантазия, қабілет, креативтілік, комуникативтілік, шеберлік және т.б.). Сонымен қатар, тренинг соңында оқушылар бір-біріне өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Оқушылар өткізілген тренинг туралы сауалнама сұрақтарына жауап беріп қорытындылады.
24. «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау (2 кезең).
2022 жылдың 19 сәуір күні «Астана дарыны» ДДжПС орталығының «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің базасында №47 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Дан Эммануэль «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың 2 кезеңінің тесттерін тапсырды. «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің педагог-психологі Сейдімхан Бексұлтан диагностикалық тесттердің қорытындысын шығарып, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының платформасына жүктеді.
25. Қазақстан Республикасының ЖОО білім бағдарламаларын бағалау бойынша вебинар.
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі бөлімі және «Атамекен» ҰКП бірлесе отырып, 2022 жылдың 26-29 сәуір аралығында елорданың Сарыарқа (1115 қатысушы), Алматы (1818 қатысушы), Байқоңыр (942 қатысушы), Есіл (2038 қатысушы) аудандары білім беру мекемелерінің 11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасының ЖОО білім бағдарламаларын бағалау бойынша вебинар өткізді (5913 қатысушы).
Вебинарда «Атамекен» ҰКП мамандары Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының әр түрлі критерийлер бойынша зерттеу арқылы дайындалған білім беру бағадарламаларының рейтингі туралы және мамандықтар бойынша жасалған зерттеулерімен бөлісті.
26. «JasSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионаты
Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысының 2022 жылдың 9 наурыздағы №146 «WorldSkills Nur-Sultan-2022 қалалық чемпионатын ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес «Шеберлікке қадам» деген ұранмен «WorldSkills» чемпионаты аясында биылғы жылдың 16-19 мамыр аралығында жалпы білім беру мектептерінің 8-9 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «JasSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионаты «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өтті. Чемпионатқа 7 білім беру мекемесінен 8 елордалық жеткіншек 3 құзіреттілік бойынша қатысты.
Чемпионаттың мақсаты: техникалық шығармашылық саласында дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, оқушыларды ерте кәсіби даярлау.
16-17 мамыр күндері Менеджмент, бизнес және білім колледжінде өткен «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша 3 оқушы сайысқа түсті: №25 орта мектебінен Сүлейменова Анель; №59 мектеп– лицейінен Сәулет Айсұлу;№82 «Дарын» мамандандырылған лицейінен Саян Зауреш.
Сондай-ақ, 16-17 мамыр күндері Жоғары көлік және коммуникация колледжі базасында «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша чемпионатқа №22 мектеп-гимназиясынан 3 оқушы: Надеин Данил, Давыденко Ярослав, Коломейчук Архип қатысты.
18 мамыр күні «Мейрамханалық қызмет» құзыреттілігі бойынша Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледж базысында өткен қалалық чемпионатқа 2 оқушы: Бокижанова Солидат №1 мектеп-лицейінен; Башаева Алия №85 мектеп-лицейінен қатысты.
Қатысушылардың барлығына аспаптар мен құралдардың бірдей жиынтығы ұсынылды. Қатысушылардың жұмысын тәуелсіз сарапшылар бақылап, бағалады.
27.«JasSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионатының қорытындысы
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 27 мамыр күні «Астана концерт» залында «WorldSkills Nur-Sultan – 2022» қалалық чемпионатының салтанатты марапатттау рәсімі өтті. Чемпионатқа 45 құзыреттілік бойынша 260 жуық жастар, соның ішінде «JasSkills Nur-Sultan – 2022» чемпионатына жалпы білім беру мекемелерінен 3 құзыреттіліктен («Сән технологиясы», «Мейрамхана қызметі», «Электромонтаждық жұмыстар») 8 оқушы қатысты. Жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды. Нәтижесі төменгідей:
«Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі:
1 орын – Давыденко Ярослав – №22 мектеп-гимназиясы;
2 орын – Коломейчук Архип – №22 мектеп-гимназиясы;
3 орын – Надеин Данил – №22 мектеп-гимназиясы.
«Сән технологиясы» құзыреттілігі:
1 орын – Саян Зауреш – №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі;
2 орын – Сүлейменова Анель – №25 орта мектебі;
3 орын – Сәулет Айсұлу – №59 мектеп-лицейі.
«Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі:
1 орын – Бокижанова Солидат – №1 мектеп-лицейі;
2 орын – Башаева Алия – №85 мектеп-лицейі.
28. «KIDS EXPO Балалар әлемі» балалар тауарларының жәрмеңкесі
«Астана дарыны» орталығының «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі ағымдағы жылғы 17-21 тамыз аралығында EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында «KIDS EXPO Балалар әлемі» балалар тауарларының жәрмеңкесіне қатысады.
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.
Жәрмеңкеде: білім беру, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (Ойыншықтар, ойындар және қолдан жасалған бұйымдар), балалар киімдері, керек-жарақтар мен аксессуарлар және т.б. бағыттар бойынша қамтылған.
Жұмыстың негізгі мақсаты-ата-аналарды, оқушыларды қызмет барысы туралы ақпараттандыру, балаларды диагностикалау және олардың кәсіби бағыттылығы мен қабілеттерін анықтау бойынша жедел кеңес беру!
29.Республикалық психологиялық форум-семинары
2022 жылдың 6-7 желтоқсаны аралығында «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Астана қаласында «Оқушылардың қабілеті мен дарындылығына диагностика жасау және дамыту» I республикалық психологиялық форум-семинары өтті.
2 күнге жоспарланған Форум жұмысына балалар мен жастардың қабілеті мен дарындылығын диагностикалау мен дамытудың іргелі және қолданбалы аспектілерін талқылау үшін қабілеттілік пен дарындылық психологиясы саласындағы отандық зерттеуші ғалымдар, білім басқармаларының өкілдері, «Дарын» орталықтарының басшылары, «Qabilet»қызметініңпсихологтары мен әдіскерлері, ҮЕҰ сарапшылары қатысты.
Семинардың екінші күні аясында:
1.«Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық әдістері мен тәсілдері»;
2. «Қазіргі психологтың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту технологиялар»;
3. «Психоэмоционалды қиындықтары бар дарынды балаларды психологиялық қолдау»;
4. «Қызметкерлердің кәсіби қажуын алдын алу әдістері» тақырыптары бойынша жетекші қазақстандық ғалымдар мен практиктердің шеберлік сабақтары, психологиялық тренингтері өтті.
Форум-семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БӨЛІМІ
«Астана дарыны» дарынды балар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының Әдістемелік қызмет және ақпараттық технологиялар бөлімінің мақсаты – Орталық жұмысын танымал етуге, объективті және сенімді ақпарат беруге, тартымды имиджді қалыптастыруға бағытталған ақпараттық қызметтің жаңа сапасын қамтамасыз ету және беделін арттыру, негізгі ресурстардың бірі саналатын «ақпарат» ұғымына баса назар аударып, жаңа технологияларға сүйене отырып, оны барынша қолжетімді ету.
Бөлімнің құзыреті:
– бөлімге ұсынылған жұмыстарды өңдеу;
– Орталық қызметі туралы ақпаратты жедел тарату;
– сайттың ақпараттық материалдарын жаңарту;
– бейнетүсірілімдер, фоторепортаждар мен фотокөрмелер, презентациялар ұйымдастыру (электрондық нұсқа);
– Орталық өткізетін барлық іс-шаралар бойынша ақпараттық материалдарды жүйелеу және сақтау (электрондық каталог);
– Астана қаласындағы дарынды балалардың деректер банкін қалыптастыру және толықтыру;
– бірлескен іс-шаралар өткізу және ақпарат алмасу мақсатында білім беру мекемелері, баспасөз орталықтары және қалалық БАҚ-пен өзара қарым-қатынас орнату.
Әдістемелік қызмет және ақпараттық технологиялар бөлімі 10000 -нан астам электронды дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар, брошюралар әзірледі және басып шығарды. Пәндік олимпиадаларға сәтті және сапалы дайындалу үшін өткен жылдардағы олимпиада тапсырмалары басып шығарылып, Орталықтың сайтында орналастырылды. Сонымен қатар қалалық қашықтық форматтағы жарыстарды, зияткерлік сайыстар мен олимпиадаларды өткізуге техникалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, біздің ресурстарда және әлеуметтік желілерде Орталықтың іс-шараларын жариялау, PR (жетекші басылымдар мен ресурстарға баспасөз хабарламаларын жазу және жіберу, баспасөз конференцияларын өткізу, елордалық дарынды балалардың телерадио бағдарламаларына қатысуы) т.б. жұмыстар атқарылды.
Бүгінгі таңда интернет байланыс құралы ретінде орасан зор әлеуетке ие, сондықтан оны барынша пайдалануға деген ұмтылыс та ерекше.
Дұрыс ұйымдастырылған сайт – ақпарат ағынын жүйелеуге және басқаруға, әлемдегі болып жатқан барлық жаңалықтардан үнемі хабардар болуға көмектесетін ең заманауи байланыс арнасы. Ал, жеке сайттың болуы әлеуетті серіктестердің көз алдында ұйымның имиджін арттыратыны анық.
Кез келген уақытта пайдаланушы «Астана дарыны» сайтына кіріп, қажетті ақпаратты ала алады. Орталық сайтында атқарылған іс-шаралардың қорытындылары, түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстардың нәтижелері, олимпиада тапсырмалары мен дұрыс жауаптары, қатысушылардың жұмыстары, өзекті жаңалықтардың аңдатпасы тұрақты түрле жарияланып отырады.
Мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары «Астана дарыны» сайтынан өздерін қызықтыратын кез келген ақпаратты таба алады: оқушылар зияткерлік олимпиадалар мен конкурстардың тізімімен, мұғалімдер әртүрлі конкурстар мен инновациялық жобалармен танысып, дайындық жұмыстарын бастаса, ата-аналар жетекші психологтердің кеңестерін тыңдай алады.
Күн сайын ұйымның қызметі туралы ақпарат орналастырылады, орталық өткізетін барлық іс-шаралар туралы елордалық білім беру мекемелері хабардар етіледі, фото/ бейне (фоторепортаждар, Youtube және Instagram үшін промо-роликтер, іс-шараларды ресімдеу) жүзеге асырылады, түсірілген материалдың негізінде Астананың дарынды оқушылары туралы бейнероликтер мен фильмдер дайындалады, өткізілетін іс-шаралар сайтта, «Facebook», «Instagram», «Telegram» әлеуметтік желілерінде жарияланады.Орталық «Астана дарыны» қызметін жариялау және алға жылжыту мақсатында Youtube және басқа да танымал медиалардың профильдеріне сілтемелер орналастырады.
Telegramда қосымша байланыс арнасы құрылып, оған жазылушылар саны 2000-нан асты.
Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында зияткерлік іс –шаралар Telegram арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде «Астана дарыны» ресми парақшалары бар. Facebook парақшасы 4 жылдан астам уақыт бойы белсенді жұмыс істейді, топта 4000-ға жуық мүше бар. Instagram парақшасы 2020 жылдың қаңтарынан бастапашылды.
Бүгінде әлеуметтік желілер – қарым-қатынастың, талантты танытудың, дәріптеудің және маңызды мәселелерді шешудің алаңы. Дәл осы алаңда адам өзіне керекті ақпаратты, ортақ қызығушылығы бар достарды тез тауып, толғантып жүрген сұрақтарына жауап алып, онлайн конференциялар өткізе алады.
Орталықтың жұмысы, Астана қаласы оқушыларының жетістіктері туралы ақпараттар, қызықты материалдар көптеген ақпараттық желілер мен БАҚ-та жарияланатынын атап өткен жөн.
«Астана дарыны» орталығының 2022 жылғы іс-шаралары материалдарының қалалық, республикалық БАҚ-та жарияланымы.
БАҚ ақпараттық желісінің кестесі
Мақала атауы | Шығу мерзімі | Ақпарат авторы | Сілтемелер |
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты | |||
Нұр-Сұлтанда робототехникадан қалалық чемпионат өтті | 11.05.2022 | ЦРОиПС «Астана дарыны» | https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/369610?lang=kk |
Итоги региональной олимпиады по химии и биологии подвели в столицей | 1.05.2022 | ЦРОиПС «Астана дарыны» | https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/itogi-regionalnoy-olimpiady-po-himii-i-biologii-podveli-v-stolice?lang=ru |
Астана қаласы білім басқармасының ресми сайты | |||
Конкурс среди детских садов по национальной игре «Бестемше» | 18.03.2022 | ЦРОиПС «Астана дарыны» | https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-bilim/press/news/details/344659?lang=ru |
«ELORDA INFO» САЙТЫ | |||
Елордада оқушылар арасындағы олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды | 30.04.2022 | Elorda Aqparat | https://kaz.elorda.info/bilim/18238-elordada-okushylar-arasyndagy-olimpiadanyn-zhenimpazdary-marapattaldy/ |
Просто о сложном: столичный школьник изучает свойства неньютоновской жидкости | 15.05.2022 | Шынар Хамитова | https://elorda.info/geroi-stolicy/17781-1652624756/ |
Болашақта физика саласында оқушылар дайындағым келеді – Нұрдәулет Назарбай | 4.04.2022 | Айзада Жайыққызы | https://kaz.elorda.info/bilim/17271-bolashakta-fizika-salasynda-okushylar-daiyndagym-keledi-nurd-ulet-nazarbai/ |
Республикалық білім беру «Білімді ел» қоғамдық – саяси газеті | |||
Робототехника в школах: учить мыслить, создавать и «креативить» | 17.05.2022 | Асет СЫЗДЫКОВ | https://bilimdinews.kz/?p=201117 |
Химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар сегіз медаль жеңіп алды | 17.05.2022 | ЦРОиПС «Астана дарыны» | https://bilimdinews.kz/?p=201080 |
«Уақыт» қоғамдық – саяси газеті | |||
Как добывают золото. В Нур-Султане состоялась церемония награждения победителей и призеров I региональной олимпиады по химии и биологии среди учащихся 7-х-8-х классов. Юные интеллектуалы из семи областей и столицы проверили свои способности перед предстоящей республиканской олимпиадой. | 3.05.2022 | Тогжан ГАНИ, фото автора, Нур-Султан | https://time.kz/articles/moment/2022/05/03/kak-dobyvayut-zoloto |
«Егеменді Қазақстан» газеті | |||
«Ертең елордадағы оқушылар арасындағы олимпиаданың қорытындысы шығады | 29.04.2022 | Редакция «Астана ақшамы» | |
«Қазақстан« телеарнасы | |||
Тың жобалар тұсауы кесілді | Жаңалықтар | ||
Zakon.kz | |||
Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында алты медаль жеңіп алды | 11.05.2022 | https://kaz.zakon.kz/6006779-kazakstan-okushylary-balkan-olimpiadasynda-alty-medal-zhenip-aldy.html | |
baq.kz | |||
Нұр-Сұлтанда робототехникадан қалалық чемпионат өтті Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: | 11.05.2022 | https://baq.kz/index.php/nur-sultanda-robototehnikadan-qalalyq-chempionat-otti_277937/ | |
DKNEWS.kz | |||
Городской чемпионат по робототехнике прошел в Нур-Султане | 11.05.2022 | https://dknews.kz/ru/v-strane/234715-gorodskoy-chempionat-po-robototehnike-proshel-v-nur |
«Астана дарыны» ұйымдастыратын барлық зияткерлік сайыстардан хабардар болуы үшін Орталық сайтына, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріне өтсеңіз, өзіңізге қажетті ақпаратты таба аласыз.