«Астана дарыны» орталығының 2022 жылғы желтоқсан айында атқарылған іс-шаралары туралы  ақпарат

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР

         2022 жылдың желтоқсан айында «Астана дарыны» орталығы 16 іс-шара өткізді, оның ішінде 2 халықаралық, 6республикалық және 8 қалалық. Аталған іс-шараларға Астана қаласынан барлығы 2 033 оқушы қатысып, 627 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 115;

I орын – 211;

III орын – 301;

Грамота – 206.

         2022 жылдың 30 қараша мен 2 желтоқсан күндері аралығында Қарағанды қаласында математика, физика, химия, биология пәндері бойынша 11-сынып оқушыларына арналған Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.

         Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Астана қаласы білім беру мекемелерінен қалалық кезеңі рейтингісі бойынша жоғары ұпай жинаған 11 оқушы қатысты.

         Елордалық оқушылардың Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысу нәтижесі:

І дәрежелі диплом мен КБТУ оқу орнының білім грантын жеңіп алған «Экономикалық лицейі» оқушысы Ким Анастасия Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі бойынша абсолютті жеңімпаз атанды.

ІІ дәрежелі диплом мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім грантын №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушысы Ергешбек Жасұлан иеленді.

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Лұқман Әділет пен №16 орта мектебінің оқушысы Серимбетова Нұркелді ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.

2022 жылдың 1 желтоқсан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі бірлесіп, ағымдағы жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес 5-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Алаштың ақсұңқары» І аймақтық Ақселеу оқулары өтті.

Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 117 оқушы және 36 команда қатысты. Оқушылар арасында – 45 орын, 38% (І орын – 8, ІІ орын – 17, ІІІ орын – 20, грамота – 24). Мектеп оқушылары арасында командалық қойылым – 17 орын, 44% (І орын – 3, ІІ орын -5, ІІІ орын-9.

         2-12 желтоқсанда Богота қаласында (Колумбия) Халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасы (IJSO – International Junior Science Olympiad) өтті.

         Қола медальді Колумбиядан елордалық №6 гимназияның 9-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев әкелді, ол Халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасының (IJSO – International Junior Science Olympiad) іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамына өткен болатын.

5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық «АЛТЫН САҚА» олимпиадасының қалалық кезеңі ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында №73 мектеп-лицейінде форматта өтті.

Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 151 оқушы (5-сынып-77 оқушы;6- сынып-74 оқушы) қалалық кезеңге  қатысты.

Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 90 оқушы (5-сынып – 46 оқушы; 6-сынып – 44 оқушы) қазылар алқасының шешімімен үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға ынталандыру мақсатында дипломдар, грамоталар мен ақшалай сыйлықтар тағайындалады.

Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 30 қазан күні Қазақ-Британ техникалық университет базасында онлайн форматта Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау.

Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың қорытынды кезеңіне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 50-ден астам команда, оның ішінде дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатынан 3 топ және «NURORDA» мектеп-лицейінен 1 топ, жалпы елордамыздан 4 команда қатысты.

Олимпиаданың нәтижесі I және III дәрежелі дипломдармен (алтын медаль және қола медаль) дарынды ер балаларға арналған «Білім–инновация» лицей-интернатының командалары және II дәрежелі дипломмен (күміс медаль) «NURORDA» мектеп-лицейінің командасы марапатталды.

«Астана дарыны» орталығының 2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес №8 мектеп лицейі базасында «Роботек» робототехника мектебімен бірлесе отырып,  желтоқсан айының 10-11 күндері робототехникадан республикалық «Robotek Grand Tournament – 2023» қалалық іріктеу чемпионатының Эстафета (10-17 жас), Робо-сумо (9-12 жас), Кегельринг-квадро (10-14 жас), Сызық бойымен жарыс (14-17 жас) номинациялары бойынша өткізді.

Чемпионатқа 53 мемлекеттік мектеп, 6 жекеменшік мектеп, робототехника бойынша 8 жекеменшік үйірме, Оқушылар сарайы, НЗМ-нен 187 команда тіркелген.

10-11 желтоқсан күндері өткен Чемпионаттың 4 номинациясы бойынша қатысқан 91 команданың нәтижесі: 1-орын – 4 команда, 2-орын – 3 команда, 3-орын – 3 команда.

18 желтоқсан күні Биатлон — кіші санат (10-14 жас), Биатлон — жоғары санат (14-17жас), Лабиринт (14-17 жас) номинацияларын өткізілді.

Чемпионатқа 53 мемлекеттік мектеп, 6 жекеменшік мектеп, робототехника бойынша 8 жекеменшік үйірме, Оқушылар сарайы, НЗМ-нен 187 командадан өтініштер түскен.

18 желтоқсан күні өткен Чемпионаттың 3 номинациясы бойынша қатысқан 37 команданың нәтижесі: 1-орын – 3 команда, 2-орын – 3 команда, 3-орын – 3 команда.

Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы информатика пәні мұғалімдеріне арналған 3D модельдеу және Arduino бойынша робототехника курсының аясында 2022 жылы 12 желтоқсанда оқушылардың жобалық робототехника саласына қызығыушылықтарын арттыру: теориялық, практикалық білім және 3D модельдеу, бағдарламалау және электроникадан дағдыларын қалыптастыру мақсатында, «MakerSpace Hardware Projects» робототехника ғылыми-техникалық жобалар конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) «Chevron» компаниясының қолдауымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізді. 

Қысқа мерзімді курс үш кезеңде өтті:

1. Информатика мұғалімдеріне арналған оқу-жаттығу жиындары (15 сағ.);

2. Оқушылармен оқу-тәжірибелік сабақтар (21 сағ.);

3. ОЖЖ қатысушы мұғалімдердің тәрбиеленуші оқушылары арасында конкурс (Конкурс Ережесіне сай).

Курсқа Arduino және 3D модельдеу бойынша базалық білімі бар астаналық 13 мектептің 20 информатика мұғалімі қатысты.

«Makerspace Hardware Projects» робототехника ғылыми-техникалық жобалар конкурсына»13 елордалық мектептерден 34 оқушы мен 18 мұғалім қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша:  І орын-2; ІІ орын-2; ІІІ орын-3; грамота- 1.

         Елордалық үздіктер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өткізген республикалық «Жыл оқушысы» байқауына қатысты.

         Байқаудың мақсаты: оқушылардың білім деңгейін арттыру, оларды білімнің әр түрлі салаларында дербес ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмысқа тарту, тұлғалық қабілеттерінің жаңа деңгейін қалыптастыру.

         Еліміздің үздіктері бақ сынайтын байқауда №4 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Маратова Тамирис, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 7-сынып оқушысы Оразбек Томирис және №87 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Арғынбаева Ұлпан білім мен өнердегі қабілеттерін танытып, елорданың намысын қорғады.

         Жылдың үздік оқушысы анықталатын білім мен өнер додасының қорытындысы бойынша астаналық оқушылары Алғыс хаттармен марапатталды.

2022 жылдың 21 желтоқсан күні  5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиадасының (қазақ тілі және әдебиеті,орыс тілі және әдебиеті, ағылшын, Қазақстан тарихы, математика, қазақ сыныбындағы орыс тілі,орыс сыныбындағы қазақ тілі және жаратылыстану) қалалық кезеңі өтті.

Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен аудандық кезеңнен өткен барлығы 537 (5 сыныптардан – 258, 6 сыныптардан -279) оқушы қалалық кезеңге қатысты. Олимпиада онлайн форматта Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде өтті.

Олимпиаданың нәтижесі:

5-сынып бойынша І орын-15;ІІ орын-37; ІІІ орын-54,грамота-37

5-сынып бойынша 258 оқушы қатысып, 41 пайызы І,ІІ,ІІІ орынды иеленді.

6-сынып бойынша І орын-20; ІІ орын-47; ІІІ орын-62,грамота-48.

6-сынып бойынша 279 оқушы қатысып, 46,2 пайызы І,ІІ,ІІІ орынды иеленді.

         Ағымдағы жылдың 21-22 желтоқсанында «Almaty Arena» мұз сарайының алаңында (Алматы қ.) «Techcup-2022» Алматы қаласы әкімінің кубогына робототехника және инновациялық технологиялар бойынша VII ашық чемпионат өтті.

         Чемпионатқа республиканың түкпір-түкпірінен келген 7 мен 22 жас аралығындағы 1353 оқушы, 704 команда қатысып, «Инженерлік жоба», «Бағдарламалық қамтамасыз ету жобасы», «IT саласындағы бизнес», «3D модельдеу», «3D графикасы», робот жарыстары және т.б. – барлығы 12 номинация бойынша сайысқа түсті.

         Астана қаласынан 25 команда қатысты: №38 МЛ – 6 ; №40 МЛ – 3, №58 МГ – 5; №61 ОМ – 1; №73 МЛ – 1; №88 МЛ – 1; А. Бөкейхан ат. Binom School-1; Экономикалық лицей – 2; «SkillSet» мектебі – 2; «Milestone» мектебі – 2; Ulttyq Business & Engineering School – 1.

         Жарыс қорытындысы бойынша:

Грант – Қ.И.Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық зерттеу университетінде оқу Экономикалық лицейдің 10 – сынып оқушысы Анна Кошман (ҚазҰЗУ-дағы оқу құны-жылына 1 000 000 теңге);

I орын және I дәрежелі диплом «ІТ-дегі бизнес жобасы» номинациясы бойынша Skillset School- дан Ермұхаметов Джалил;

II орын және ІІ дәрежелі диплом «Бағдарламалық жоба. Чат боттарын немесе ойындарын әзірлеу» номинациясы бойынша SkillSetSchool-дан Ермухаметов Джалил және Ермухаметов Амирали иеленді.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, білім берудегі робототехниканы дәріптеу, роботтарды құрастыру және бағдарламалау, оқушылардың инженерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында 5-9 сыныптар арасында робототехникадан «Fan Robotics – 2022» қалалық жарысы 2022 жылдың 24 желтоқсан күні «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» КММ-нің базасында өтті.

Роботтар сайысына барлығы 60 команда келесі категориялар бойынша қатысты:

  1. «Лабиринт» – 10 команда;
  2. «Сызық бойымен жүру» – 18 команда;
  3. «Бағдаршам» – 14 команда;
  4. «Сумо 10х10» – 14 команда.

Чемпионат нәтижесі бойынша, төрешілердің шешімімен: 1-орын  – 4 (№1 МЛ, №41 ОМ, №60 МЛ); 2-орын – 7 (№16 ОМ, №38 МЛ, №50 МЛ, №68 МГ-2, №83 МГ, №88 МЛ); 3-орын – 11 (№35 МЛ, №71 МЛ-3, №80 МГ, №82 «Дарын» МЛ, №89 МЛ, Ы.Алтынсарин ат.Binom, А.Байтұрсынов ат. Binom, Smart technological school) команда иеленіп, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. 

2022 жылдың 26 желтоқсан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №64 мектеп-лицейі базасында 2-4 сынып оқушылары арасында «Әдебиет әліппесі» ІІ қалалық оқулары өтті.

Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 317 оқушы қатысты.

Орын саны – 133 орын, 42% (І орын -23, ІІ орын – 42, ІІІ орын-68, грамота -52).

2022 жылдың 24 желтоқсан күні «Астана дарыны» орталығы мен Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп- гимназиясымен бірлесіп, ағымдағы жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізді.

Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 113 оқушы қатысты. Орын саны – 51, 45% (І орын -10, ІІ орын – 15, ІІІ орын-26, грамота -19).

         24-28 желтоқсан күндері аралығында «Дарынды ер балаларға арналаған БИЛ» мектеп-лицей базасында «Астана дарыны» орталығы ұйымдастырған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша (математика, физика, химия, биология, география, информатика) оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) өткізілді.

         Жаттығуларға 130 республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері күрделілігі әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды орындап, сараптама жасады және олардың шешімін табудың жаңа тәсілдерімен танысты.

         Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың барлық деңгейіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерін сапалы даярлауды қамтамасыз ету және қолдау. Пәндік білімге ерекше қызығушылық мен қабілет танытқан оқушылардың арасынан олимпиадалық резерв дайындау.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ

1) 2022 жылы 12 желтоқсанда информатика пәні мұғалімдеріне арналған 3D модельдеу және Arduino бойынша робототехника курсының аясында оқушылардың жобалық робототехника саласына  қызығыушылықтарын арттыру: теориялық, практикалық білім және 3D модельдеу, бағдарламалау және электроникадан дағдыларын қалыптастыру мақсатында, «MakerSpace Hardware Projects» робототехника ғылыми-техникалық жобалар конкурсы «Chevron» компаниясының қолдауымен  өткізілді.

3D модельдеу және Arduino бойынша робототехникадан информатика пәні мұғалімдеріне арналған курстың (72 сағ.) үш кезеңінен өткен 18 мұғалім сертификат алды. Оқушылары жүлдегер болған мұғалімдер Алғыс хатпен марапатталды. Конкурстың қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: І орын-2, ІІ орын-2, ІІІ орын-3, грамота- 1.

2) 2022 жылдың 14 желтоқсанында «Астана дарыны» орталығы педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсібі өсуін ынталандыру, елорда мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының қалалық қорытынды кезеңін өткізді.

         «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының  қалалық қорытынды кезеңе 261 педагог қатысып, қазылар алқасының шешіміме төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: I орын – 22, II орын – 35, III орын – 60, грамота – 46.

3) 2022 жылдың 22 желтоқсанында № 92 мектеп-лицейінің базасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының қалалық қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін (І, ІІ ІІІ орын иегерлері) салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.

Кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне желтоқсан айында оқушылар және ата-аналардан түскен сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 8 мекемеден 11 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді. Оның ішінде:

  • 7 сынып – 1 оқушы;
  • 8 сынып – 3 оқушы;
  • 9 сынып – 2 оқушы;
  • 10 сынып – 3 оқушы
  • 11 сынып – 2 оқушы
  • 7- ата-анаға кеңестер берілді.

Оқушылармен келесі диагностикалық әдістеме тесттері жүргізілді:

  • Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтап, психологиялық портретін шығару (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);
  • Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау (мамандықтар);

«4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау.

Ағымдағы жылдың 1-31 желтоқсан аралығында «Qabilet» қызметінің ұйымдастыруымен, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының https://qabilet.elbasyacademy.kz/ онлайн платформасында Астана қаласы білім беру мекемелерінің «4К» бойынша (креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік)  10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау  жүргізілді. Осы уақыт аралығында диаогностикадан 540 оқушы өтті.

Оқушылардың қабілеттерін бағалау бойынша тестілер зияткерлік, коммуникативтік және шығармашылық әлеуеті, сондай-ақ жоғары академиялық жетістіктері бар балаларды әрі қарай сүйемелдеп, кәсіби бағдарлау мақсатында анықтау үшін арналған.

10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау бойынша Астана қаласында  бүгінгі күнде 18413 оқушы тіркеліп, 15577 оқушы диагностикадан өтті.

Республикалық психологиялық форум-семинары

2022 жылдың 6-7 желтоқсаны аралығында «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Астана қаласында «Оқушылардың қабілеті мен дарындылығына диагностика жасау және дамыту» I республикалық психологиялық форум-семинары өтті.

2 күнге жоспарланған Форум жұмысына балалар мен жастардың қабілеті мен дарындылығын диагностикалау мен дамытудың іргелі және қолданбалы аспектілерін талқылау үшін қабілеттілік пен дарындылық психологиясы саласындағы отандық зерттеуші ғалымдар, білім басқармаларының өкілдері, «Дарын» орталықтарының басшылары, «Qabilet»қызметініңпсихологтары мен әдіскерлері, ҮЕҰ сарапшылары қатысты.

Семинардың екінші күні аясында:

1.«Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық әдістері мен тәсілдері»;

2. «Қазіргі психологтың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту технологиялар»;

3. «Психоэмоционалды қиындықтары бар дарынды балаларды психологиялық қолдау»;

4. «Қызметкерлердің кәсіби қажуын алдын алу әдістері» тақырыптары бойынша жетекші қазақстандық ғалымдар мен практиктердің шеберлік сабақтары, психологиялық тренингтері өтті.

Форум-семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.