2-7-сынып оқушыларына  арналған Ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар қалалық конкурсы

 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық деңгейін көтеру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, балалардың фундаменталды және қолданбалы ғылымға қызығушылығын ынталандыру мақсатында өткізілетін 2-7-сынып оқушыларына  арналған Ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар қалалық конкурсы 2023  жылдың  6 қаңтарында өткізілетінін  хабарлайды (ары қарай Конкурс).

Өткізілетін орны: Астана қаласы, №74 МГ (Кенен Азербаева 29, тел. 742405)

Өткізілетін күні: 6 қаңтар 2023жыл.

Конкурстың басталуы: берілген кесте бойынша

Қатысушылардың слайд презентацияларын 5 қаңтар сағат 14.00.-16.00. аралығында №74 мектеп-гимназиясына апарып тапсыру мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына жүктеледі.

Конкурсқа қатысушы оқушылардың келуі және өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілік Астана қаласы білім беру мекемелерінің директорларына жүктеледі.

Оқушылардың өздерімен бірге электрондық нұсқасы (вирустан таза флешкада, тек қана слайд варианты) екінші аяқ киімі немесе бахила болуы қажет.

 Қосымша мәліметтерді «Астана дарыны» е-mail: astanadaryn@mail.ru.,    

  ұ.т. 87021228396 арқылы білуге болады.