Оқу-жаттығу жиындары.

Жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін тыңғылықты даярлық қажет. Әсіресе сөз олимпиада сияқты маңызды зияткерлік жарыстар туралы болса.
Астана дарыны орталығы 2022 жылдың 24- 29 желтоқсан аралығында «Дарынды ер балаларға арналаған БИЛ «мектеп- лицей базасында республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша ( математика, физика, химия, биология, география , информатика) оқу – жаттығу жиынын (ОЖЖ) ұйымдастырады.
Оқу қазақ және орыс тілдерінде
жүргізіледі. Оқушылар 5 күн бойы күрделілігі әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды шешіп, сараптама жасайтын болады.
Оқу – жаттығу жиынының басты мақсаты – жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың барлық деңгейіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерін сапалы даярлауды қамтамасыз ету және қолдау. Пәндік білімге ерекше қызығушылық мен қабілет танытқан оқушылардың арасынан олимпиадалық резерв дайындау. Оқу – жаттығу жиынына астаналық130 оқушы қатысады.