«Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы.

Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Мұстафа Шоқай ғылыми орталығы және Астана қаласы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп гимназиясы бірлесе отырып, Алаш ұлт азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, бүкіл түркі халықтары азаттық қозғалысының көсемі Мұстафа Шоқайға арналған «Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» атты онлайн және оффлайн – аралас форматта халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясын өткізіп жатыр.
Конференцияның мақсаты – түркі халықтары азаттық қозғалысының көшбасшысы Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, оның аса мағыналы өмірі, сан салалы саяси қызметі мен шығармашылық мол мұрасы негізінде өскелең ұрпақты ұлттық рух пен отансүйгіштікке, қоғамдық белсенділік пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Конференцияның секциялары:

  1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мен Орта Азиядағы саяси-әлеуметтік жағдай;
  2. Мұстафа Шоқайдың саяси қайраткер ретінде қалыптасуы, оның қоғамдық-саяси қызметі;
  3. Мұстафа Шоқай эмиграцияда;
  4. Мұстафа Шоқай – кеңестік шындақтыңқайсар сыншысы;
  5. Мұстафа Шоқайдың тәуелсіз ұлттық мемлекет туралы идеялары.
    Аталған іс – шараға 100-ден аса оқушы қатысуда.