«Techcup-2022» Алматы қаласы әкімінің кубогына робототехника және инновациялық технологиялар бойынша VII ашық чемпионат

Ағымдағы жылдың 21-22 желтоқсанында «Almaty Arena» мұз сарайының алаңында (Алматы қ.) «Techcup-2022» Алматы қаласы әкімінің кубогына робототехника және инновациялық технологиялар бойынша VII ашық чемпионат өтті. Чемпионатқа республиканың түкпір-түкпірінен келген 7 мен 22 жас аралығындағы 1353 оқушы, 704 команда қатысып, «Инженерлік жоба», «Бағдарламалық қамтамасыз ету жобасы», «IT саласындағы бизнес», «3D модельдеу», «3D графикасы», робот жарыстары және т.б. – барлығы 12 номинация бойынша сайысқа түсті. Қатысушылардың жұмысын Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады.Астана қаласынан 25 команда қатысты: №38 МЛ – 6 ; №40 МЛ – 3, №58 МГ – 5; №61 ОМ – 1; №73 МЛ – 1; №88 МЛ – 1; А. Бөкейхан ат. Binom School-1; Экономикалық лицей – 2; «SkillSet» мектебі – 2; «Milestone» мектебі – 2; Ulttyq Business & Engineering School – 1.Жарыс қорытындысы бойынша:Грант – Қ.И.Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық зерттеу университетінде оқу Экономикалық лицейдің 10 – сынып оқушысы Анна Кошман (ҚазҰЗУ-дағы оқу құны-жылына 1 000 000 теңге);I орын және I дәрежелі диплом «ІТ-дегі бизнес жобасы» номинациясы бойынша Skillset School- дан Ермұхаметов Джалил;II орын және ІІ дәрежелі диплом «Бағдарламалық жоба. Чат боттарын немесе ойындарын әзірлеу» номинациясы бойынша SkillSetSchool-дан Ермухаметов Джалил және Ермухаметов Амирали иеленді.Чемпионат аясында квест форматындағы мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, республиканың жетекші жоғары оқу орындарының мамандары чемпионатқа қатысушылар мен көрермендер үшін шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізді.