Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі 2022 жылдың 21 желтоқсан күні Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM мектеп-лицейінде (Е-38 көшесі, 9/5) өтеді.
Олимпиадаға аудандық кезеңнің І,ІІ,ІІІ орын жүлдегерлері атанған 558 оқушы қатысады.