Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңі

2022 жылдың 14 желтоқсанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді.Мақсаты – педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсібі өсуін ынталандыру, елорда мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Конкурсқа 5 бағыт бойынша («Білім беру жүйесіндегі менеджмент» , «Шеберлік палитра», «Шығармашыл толқын», «Сабақ аяқталған соң…», «Психолог сандықшасы») 89 елордалық білім беру мекемелерінен 466 жұмыс ұсынылып, оның ішінде 266 жұмыс сараптама кезеңінен өтті. «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қалалық кезеңіне 261 педагог қатысып, төмендегі нәтежеге ие болды:I БАҒЫТ: «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (мектеп басшылары, басшылардың орынбасарлары, білім беру ұйымдары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың әдіскерлері)І орын -1; II орын – 2; III орын -2; Грамота -2.ІІ БАҒЫТ: «Шеберлік палитрасы»(пән мұғалімдері)І орын- 13; ІІ орын- 20; ІІІ орын- 35; Грамота-26.III БАҒЫТ: «Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері)I орын- 7; ІІ орын-10; III орын -18; Грамота-15.IV БАҒЫТ: «Сабақ аяқталған соң…» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтері) І орын-1; ІІ орын- 2; ІІІ орын-4; Грамота-2.V БАҒЫТ: «Психолог сандықшасы» (психологтер, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтер)ІІ орын-1; ІІІ орын-1; Грамота-1.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!