«MakerSpace Hardware Projects» робототехника бойынша ғылыми-техникалық жобалар конкурсы

2022 жылдың 12 желтоқсан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласының Америка бұрышымен бірлесіп «Chevron» компаниясының қолдауымен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің алаңында елордалық білім беру мекемелерінің информатика мұғалімдері үшін ұйымдастырылған «3D модельдеу және Arduino» бойынша оқу–жаттығу жиынының аясында оқушылар арасында «MakerSpace Hardware Projects» робототехника бойынша ғылыми-техникалық жобалар конкурсын өткізді.Конкурстың мақсаты – оқушылардың жобалық робототехника саласына қызығушылықтарын арттыру: теориялық, практикалық білім және 3D модельдеу, бағдарламалау және электроникадан дағдыларын қалыптастыру.Конкурстың ашылу салтанатына «Астана дарыны» орталығының директоры Г.Тұрсынов, Қазақстандағы Америка құрама штаттары елшілігінің Қоғамдық дипломатия бөлімінің маманы Сара Смит ханым мен осы бөлімнің ассистенті Ж.Кулхановалар қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі!​​Конкурсқа 13 елордалық мектептен 35 оқушы мен 18 мұғалім қатысты.​Конкурста әр қатысушы робототехника саласындағы өз әзірлемелері мен мәлімделген практикалық- зерттеу бағдарламаларын ұсынды.Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар келесі жүлделі орындарға ие болды:I орын- №8 МЛ , Адайұлы Азамат, Серикова Назерке , «X-Force» командасы;I орын- №16 МЛ , Халилов Нариман, «Таңкурай» командасы;ІІ орын- № 53 МЛ, Кыйнабаев Адиль, «Octopus» командасы;ІІ орын- №92 МЛ Хайдаров Нұрәли, Жолдыхан Темірлан, Ізбасар Абылмансур, «RobotMakers» командасы;ІІІ орын- № 71 МЛ, Шаирманова Томирис ,Нуртазин Амирхан, «№71 мектеп-лицейі» командасы;ІІІ орын-№ 1 ШЛ , Абенов Алдияр, Синицын Павел, «Хакатон»командасы;ІІІ орын- А.Байтұрсынов ат. BINOM SCHOOL МЛ Ералы Хиуяз, Қанқожа Фариза, «Lantana» командасы.Грамота- «Ең креативті топ» номинациясы № 60 МЛ, Жұмарт Дастан, Титимов Даниал , «IT-star!» командасы марапатталды.​Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы және «Kazakhstan AmCorners Network» қоғамдық бірлестігінің I, II , III дәрежелі дипломдарымен және «Ең креативті топ» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды. I, II және III орындарға ие болған командаларға «Kazakhstan AmCorners Network» қоғамдық бірлестігінің арнайы сыйлықтары берілді. Оқушылары жүлдегер болған мұғалімдер Алғыс хатпен марапатталды. Конкурсқа қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар табысталады. 3D модельдеу және Arduino бойынша робототехникадан информатика пәні мұғалімдеріне арналған курстың (72 сағ.) үш кезеңінен өткен 18 мұғалім сертификат алады. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!