Астаналық дарынды жастардың қоржыны тағы бір халықаралық деңгейдегі марапатпен толықты!
2-12 желтоқсанда Богота қаласында (Колумбия) Халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасы (IJSO – International Junior Science Olympiad) өтті.
Қола медальді Колумбиядан елордалық №6 гимназияның 9-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев әкелді, ол Халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасының (IJSO – International Junior Science Olympiad) іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамына өткен болатын.
«Астана Дарын» орталығы Даниэльді тамаша жеңісімен құттықтап, әлі талай биік шыңдарды бағындыратынына сенеді!
Жеңімпазды үлкен додаға дайындаған жетекшісі Концева Марина Андреевнаға ерекше алғысымызды білдіреміз!
Елордалық жеңімаздардың қатары көбейе берсін!