Робототехникадан «Robotek Grand Tournament» қалалық чемпионаты

Бүгін, 10 желтоқсанда Астанада робототехникадан «Robotek Grand Tournament» қалалық чемпионаты басталды.Желтоқсанның 10 – 11, 18 күндері чемпионаттың қалалық іріктеу кезеңі №8 мектеп –лицейі базасында (ул. С.Сейфуллин, 50) өтеді.Ұйымдастырушылар: «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Роботек» робототехника мектебі.Чемпионатқа 53 мемлекеттік мектеп, 6 жекеменшік мектеп, робототехника бойынша 8 жекеменшік үйірме, Оқушылар сарайы, НЗМ – 187 команда қатысуда.Робототехника бойынша қалалық чемпионаттың іріктеу туры:10 желтоқсан 2022 ж. (Робо-сумо – 30 команда; Эстафета-27 команда);11 желтоқсан 2022 ж. (Кегельринг-квадро – 35 команда; Сызық бойымен жарыс – 35 команда);18 желтоқсан 2022 ж. (Биатлон кіші/жоғ – 21 команда/11 команда; Лабиринт – 28 команда).Қалалық турдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2023 жылғы 4-5 мамырда өтетін «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатына қатысады. Қатысушыларға сәттілік және жеңіс тілейміз!