Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңі

2022 жылдың 14 желтоқсанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, елордалық мектептердің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңін өткізеді. Конкурстың өткізу тілі: мемлекеттік, орыс.
Өтетін орны: Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom School мектеп-лицейі (Есіл ауданы, 38 көшесі, уч. 9/5).
Ескерту! Міндетті түрде хатта көрсетілген кезек бойынша келу керек!