«Robotek Grand Tournament» қалалық іріктеу чемпионаты

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес «Роботек» робототехника мектебімен бірлесе отырып, желтоқсан айының 10-11 және 18 күндері аралығында робототехникадан «Robotek Grand Tournament» қалалық іріктеу чемпионатын №8 мектеп-лицейінде (С.Сейфуллин к. 50) өткізеді. Чемпионаттың мақсаты – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Чемпионатқа 7 номинация бойынша 9 бен 17 жас аралығындағы оқушылар командалары қатыса алады. Қалалық чемпионатқа қатысатын командалардың тізімі және барлық ақпараттар https://rgt.robotek.kz/ сайтында және https://t.me/RobotekGT телеграмм каналында орналастырылады. Барлық сұрақтар бойынша +7(700) 772-28-31 (WhatsApp нөмірге), e-mail: robotek.gt@gmail.com поштасына жаза аласыз .