Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының ІІІ (тестілеу) кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жыл 6 желтоқсандағы №1275/15-11-06 хаты негізінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының ІІІ (тестілеу) кезеңі Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде (Хусейн бен Талал 19) 2022 жылдың 13-14 желтоқсан күндері өтетіндігін хабарлайды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңінде жүлделі (І,ІІ,ІІІ) орындарға ие болған оқушылар 2022 жылдың 13-14 желтоқсан күндері тест тапсырады.2022 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 10.00-ден 12.00-дейін төмендегі секциялар бойынша тестке келесіздер: Биология, математика, қоршаған ортаны қорғау, экономика, химия. Бала саны: 107. 2022 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 14.00-ден 16.00-дейін төмендегі секциялар бойынша тестке келесіздер: Информатика, Жер және ғарыш туралы ғылым, қолданбалы математика, техника, физика. Бала саны:72.2022 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 10.00-ден 12.00-дейін төмендегі секциялар бойынша тестке келесіздер: Тарих, өлкетану, этномәдениеттану, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті. Бала саны:96.2022 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 14.00-ден 16.00-дейін төмендегі секциялар бойынша тестке келесіздер: Құқық негіздері, тіл білімі (қазақ тілі), тіл білімі (орыс тілі), тіл білімі (ағылшын тілі). Бала саны:79. Жалпы тест тапсыратын оқушы саны – 354.Оқушылар өзімен бірге : қарындаш, қара сиялы қалам, тек физика секциясы үшін калькулятор, жеке куәлігінің көшірмесін (туу туралы куәлігінің көшірмесін және оған қосымша мектепте оқитындығы туралы 3х4 фотосы жапсырылған анықтаманы алып келеді. Жеке куәлігінің, туу туралы куәлігінің көшірмесінсіз, анықтамасыз тестке кіргізілмейді!Оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне білім беру мекемелерінің басшылары жауапты.Қосымша мәліметті astanadarуn@mail.ru арқылы алуға болады.