Бүгін Астанада «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Оқушылардың қабілеті мен дарындылығына диагностика жасау және дамыту» I республикалық психологиялық форум- семинардың екінші күні аясында: 1.«Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық әдістері мен тәсілдері»; 2. «Қазіргі психологтың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту технологиялар»; 3. «Психоэмоционалды қиындықтары бар дарынды балаларды психологиялық қолдау»; 4. «Қызметкерлердің кәсіби қажуын алдын алу әдістері» тақырыптары бойынша жетекші қазақстандық ғалымдар мен практиктердің шеберлік сабақтары, психологиялық тренингтері өтті. Форум-семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.