«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІ МЕН ДАРЫНДЫЛЫҒЫНА ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ» I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМ-СЕМИНАРЫ АҚПАРАТЫ

Бүгін, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Астана қаласында «Оқушылардың қабілеті мен дарындылығына диагностика жасау және дамыту» I республикалық психологиялық форум-семинары өтіп жатыр.2022 жылдың 6-7 желтоқсанына жоспарланған Форум жұмысына балалар мен жастардың қабілеті мен дарындылығын диагностикалау мен дамытудың іргелі және қолданбалы аспектілерін талқылау үшін қабілеттілік пен дарындылық психологиясы саласындағы отандық зерттеуші ғалымдар, білім басқармаларының өкілдері, «Дарын» орталықтарының басшылары, психологтар мен әдіскерлер, ҮЕҰ сарапшылары қатысуда.Сонымен бірге Форум-семинар аясында жетекші қазақстандық ғалымдар мен практиктердің шеберлік сабақтары, психологиялық тренингтері өтеді.