11-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың
республикалық кезеңі қорытындысы

2022 жылдың 30 қараша мен 2 желтоқсан күндері аралығында Қарағанды қаласында математика, физика, химия, биология пәндері бойынша 11- сынып оқушыларына арналған Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Астана қаласы білім беру мекемелерінен қалалық кезеңі рейтингісі бойынша жоғары ұпай жинаған 11 оқушы қатысты.Елордалық оқушылардың Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысу нәтижесі: І дәрежелі диплом мен КБТУ оқу орнының білім грантын жеңіп алған «Экономикалық лицейі» оқушысы Ким Анастасия Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі бойынша абсолютті жеңімпаз атанды.ІІ дәрежелі диплом мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім грантын №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушысы Ергешбек Жасұлан иеленді.Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Лұқман Әділет пен №16 орта мектебінің оқушысы Серимбетова Нұркелді ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.Жеңіс тұғырын бағындырған мектеп бітіруші түлектер мен жетекшілерін құттықтаймыз!