Республикалық зерттеу жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңінің жүлдегерлерін (І,ІІ,ІІІ орындар) марапаттау

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2 желтоқсанда №54 мектеп-лицейінде Республикалық зерттеу жобалар конкурсы ІІ (қалалық) кезеңінің жабылу салтанатын өткізеді. Жабылу салтанатына қалалық конкурстан І, ІІ, ІІІ орынға ие болған 8-11 сынып оқушылары қатысады. Басталуы: сағат 15.00. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсы ІІ (қалалық) кезеңінің жүлдегерлері (І,ІІ,ІІІ орындар) 2022 жылдың 13-14 желтоқсан күндері тест тапсырады. Елордалық оқушыларға тестілеуден сүрінбей, сәтті өтулеріне тілектеспіз!