Республикалық лингвистикалық олимпиаданың ІІІ (республикалық)
кезеңі қорытындысы бойынша қызметтік хат

2022 жылдың 24 қараша күні «Астана дарыны» орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикалық олимпиаданың ІІІ (республикалық) кезеңін өткізді. Жалпы республика бойынша аталған кезеңге 50 бала қатысып, оның ішінде 22 оқушы жоғары ұпаймен жүлдегер атанды. Астана қаласынан қатысқан 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І орын: Баяхметова Руана – дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты;ІІ орын: Негматжанов Мадияр – №5 гимназия;ІІІ-орын: Абдыхалық Архат – дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты. Республикалық лингвистикалық олимпиада қорытындысы бойынша І, ІІ орын алған оқушыларымыз Халықаралық олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан құрамасы қатарында оқу-жаттығу жиынына өтті. Елордалық оқушыларды тамаша жеңісімен құттықтаймыз!