Халықаралық STEM Олимпиада қорытындысы

2022 жылдың 24-25 қараша күндері елордада Astana IT университетінің базасында 8-11 сынып оқушыларының «STEM Олимпиада – білім берудегі инновация» халықаралық олимпиадасы өтті. Олимпиаданы Астана қаласының әкімдігі атынан «Астана Innovations» АҚ «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен Astana it University қолдауымен өткізді. Олимпиадаға алдын ала іріктеуден өткен Қазақстанның өңірлері мен қалаларының 180 мектебінен 250 команда – 516 оқушы, оның ішінде Астана қаласының 43 мектебінен 92 команда – 175 оқушы қатысты. Сонымен қатар бірінші рет Ресей, Өзбекстаннан келген оқушылар да жарысқа түсті. Екі күнге созылған Олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласының №№ 1 МЛ, 4 МГ,7 МГ, 16 ОМ, 38 МЛ(2команда) командалары жүлдегер атанды.