Халықаралық STEM Олимпиада

​Бүгін Astana IT университетінің базасында 8-11 сынып оқушыларының «STEM Олимпиада – білім берудегі инновация» халықаралық олимпиадасы басталды.
​Олимпиаданы Астана қаласының әкімдігі атынан «Астана Innovations» АҚ «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен Astana it University қолдауымен 2022 жылдың 24-25 қараша күндері өткізеді.
​Олимпиадаға алдын ала іріктеуден өткен Қазақстанның өңірлері мен қалаларының 180 мектебінен 280-нен астам команда – 560-қа жуық оқушы, оның ішінде Астана қаласының 44 мектебінен 100 оқушы қатысады. Сонымен қатар бірінші рет Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген оқушылар да жарысқа түседі.
​Олимпиаданың бас жүлдесі – Astana IT University-де оқуға 2 грант және ойын приставкалары, ноутбуктер, кіріктірілген оқу бағдарламасы бар планшеттер, смартфондар, экшн камералары, смарт сағаттар, электронды кітаптар болады.
Олимпиадаға қатысушы елордалық оқушыларға сәттілік тілейміз!