Республикалық лингвистикалық олимпиаданың ІІІ (республикалық) кезеңі

2022 жылдың 24 қарашасында математика және тілдер (қазақ, орыс, ағылшын) бойынша білімі мен логикалық ойлау деңгейі жоғары оқушылар арасында елдің дарынды оқушыларын анықтау және қолдау мақсатында республика бойынша бір мезгілде Республикалық лингвистика олимпиадасының ІІI (республикалық) кезеңі басталады. Елордамызда олимпиада «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 10:00-де өткізіледі. Олимпиадаға І, ІІ кезеңдер бойынша жоғары ұпай алған оқушылар қатысады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!