Бүгін Astana IT университетінің базасында 8-11 сынып оқушыларының «STEM Олимпиада – білім берудегі инновация» халықаралық олимпиадасы басталды.
Олимпиаданы Астана қаласының әкімдігі атынан «Астана Innovations» АҚ «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен Astana it University қолдауымен 2022 жылдың 24-25 қараша күндері өткізеді.
Олимпиадаға алдын ала іріктеуден өткен Қазақстанның өңірлері мен қалаларының 180 мектебінен 280-нен астам команда – 560-қа жуық оқушы, оның ішінде Астана қаласының 44 мектебінен 100 оқушы қатысады. Сонымен қатар бірінші рет Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген оқушылар да жарысқа түседі.
Олимпиаданың бас жүлдесі – Astana IT University-де оқуға 2 грант және ойын приставкалары, ноутбуктер, кіріктірілген оқу бағдарламасы бар планшеттер, смартфондар, экшн камералары, смарт сағаттар, электронды кітаптар болады.
Олимпиадаға қатысушы елордалық оқушыларға сәттілік тілейміз!


