«Дара бала – 2022» қалалық форум-фестивалі

Қазақстандағы Балалар жылына арналған іс-шараларды жүзеге асыру
аясында Астана қаласының Білім басқармасы «Астана дарыны» дарынды
балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығымен, сондай-
ақ №1 балалар музыка мектебімен бірлесіп «Дара бала – 2022» қалалық
форум-фестивалін өткізеді.
Форумның мақсаты – шығармашыл әрі интеллектуалды дарынды
балаларды қолдау, елордалық жас таланттардың шығармашылық, ғылыми,
әлеуметтік әлеуетін көрсету.

Өткізілетін орны: Астана қ., Б.Момышұлы даңғылы, 5, әл-Фараби атындағы
оқушылар сарайы.
Форумның өтетін уақыты: 25 қараша, сағ: 10.00