Балалар жылы аясында және Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен 18 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» республикалық конкурсын өткізді.
Байқаудың мақсаты – оқушыларды тарихты зерттеуге тартуға көмектесу, жауапты дүниетанымды қалыптастыру, отбасылық құндылықтарға ұқыпты қарау, талантты оқушыларды анықтау және ынталандыру.
Байқау үш кезеңде өтті: аудандық/қалалық, облыстық және республикалық.
Конкурс жұмысына республика мектептерінің 7 мыңнан астам білім алушылары қатысқан.
Байқау барысында оқушылар шығармашылық презентация, қатысушының отбасының тарихы мен шығу тегі туралы портфолио, «Менің ата-бабаларым-менің кейіпкерлерім!» атты үй тапсырмасын көрсетті. Байқауды кәсіби қазылар алқасы бағалады.
Республикалық кезеңнің конкурс қорытындысы бойынша Астана қаласы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің 5 – сынып оқушысы Жанжігітов Айсұлтан Қанатұлы Комитет грамотасымен және сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі – тарих пәні мұғалімі Суюншалиева Айнагуль Болатовна.