« Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2022 жылы 29 қарашада «Білім беру экожүйесі қазіргі заманғы мектептің жұмыс істеуінің жаңа моделі ретінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Татуласу мектебі: тең-теңімен» бағдарламасымен медиатор – волонтерлерді даярлау курсының қорытындысы бойынша «Мектеп-медиация аумағы» квест – шоуын өткізеді. Өтетін орны: Астана қ., Ы.Дүкенұлы көшесі, 29А, Тұран-Астана университеті, акт залы. Басталуы: сағ 11.00.