Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының қалалық кезеңін өткізеді. Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметіне жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру. Олимпиада үш бөлімнен тұрады: «Дұрыс жауапты таңдау», «Бос орынды толтыру», «Есептеу, дәлелдеу».

Олимпиаданың өтетін күні: 25.11.2022ж.;

Өтетін орны: №70 мектеп-лицейі (Майқайың-1);

Тіркелу уақыты: 09.00.- 09.45;

Басталу уақыты: 10.00.