Математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып 2022 жылдың 22 қараша күні 10-11 сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасының І кезеңін онлайн форматта, мемлекеттік тілде өткізетінін хабарлайды.
Олимпиаданың негізгі міндеттері, қатысу шарты, өткізу және жалпы бағалау критерийлері ережеде берілген.

            Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:

І кезең – өңірлік (онлайн, қатысушыларға шектеу жоқ);
ІІ кезең – республикалық (І кезеңнен жоғары ұпай жинаған оқушылар қатысады).
Олимпиаданың өтетін уақыты:

І кезең өңірлік -22 қараша, басталуы 10 – сынып – сағат 14.00;
11 – сынып – сағат 17.00.
ІІ кезең республикалық – 24 қараша, басталуы сағат 10.00.